Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
  • 7.1. Тәжірибелік жұмыс. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жіктелуі

  • Мәтіндік редакторда компьютердің БҚ жіктелу схемасын құрыңыздар.

  • 7.2. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру

  • Келесі жағдайлардағы адамдарға қандай БҚ қажет екенін көрсетіңіздер:

    • Ситуация

    • Жүйелік БҚ

    • Қосымшалар

    • Бағдарламалау жүйесі

    • Вариант 1

    • Ландшафтные дизайнеры создают проект нового городского ландшафта

    •  

    •  

    •  

    • Профессиональный программист пишет компьютерную программу по заказу крупной фирмы

    •  

    •  

    •  

    • Ученые научно-исследовательского института расшифровывают записи, переданные луноходом

    •  

    •  

    •  

    • Вариант 2

    • Студенты 4 курса готовят фотоальбом и собирают воспоминания о своей студенческой жизни

    •  

    •  

    •  

    • Web-дизайнер создает сайт известной фирмы

    •  

    •  

    •  

    • Подросток играет в компьютерную игру

    •  

    •  

    •  

    • Вариант 3

    • Создатели нового мобильного телефона пробуют различные варианты дизайна

    •  

    •  

    •  

    • Преподаватель пишет компьютерный тест по своему предмету

    •  

    •  

    •  

    • Конструкторы исследуют модель новой подводной лодки

    •  

    •  

    •  

  • Тапсырманы компьютерлік бағдарламаның біреуінде орындаңыздар.

  • 7. Лабораториялық жұмыс. Операциялық жүйеде жұмыс істеу.

  • Тапсырмалар

  • 1. Негізгі іске қосу мәзірін ашып, Программалар-Сілтеуші (Проводник) командасын орындаңыз. Сілтеуші терезесі ашылады.

  • Сілтеуші терезесі

  • 2. Сілтеуші бағдарламасының көмегімен бумалар құру

  • Файл-Құру-Бума (Файл-Создать-Папку) командасын таңдаңыз. Экран терезесінде жаңадан бейнеленген жаңа бума белгілемесінің тұсындағы мәтін енгізу өрісіне буманың жаңа атын теріңіз: Самал1. Самал1 бумасын жаңа атауы бойынша бекіту үшін <Enter> пернесін немесе Сілтеуші бағдарламасының кез-келген бос жеріне тышқанның сол жақ түймесін басу керек. Сілтеуші терезесін жабыңыз.

  • 3. Менің компьютерім көмегімен бумалар құру

  • Менің компьютерім терезесінде мәзір қатарынан Файл-Құру-Бума командасын таңдаңыз. Буманың жаңа атауы Самал2-ні енгізіп <Enter> пернесін басыңыз. Самал2 бумасын ашыңыз. Файл-Құру-Бума командасын таңдаңыз. Буманың жаңа атауы Самал3 енгізіңіз. Самал3 бумасы Самал2 бумасының ішкі бумасы болып табылады. Менің компьютерім терезесін жабыңыз.

  • 4. Бірнеше файлдарды немесе бумаларды ерекшелеу

  • Бірінші файл немесе буманың белгішесін шертіңіз (таңбашаны басқаннан кейін ол ерекшеленеді). Пернетақтадағы <Shift> пернесін басып жібермей ерекшелеу қажет болған соңғы файл немесе бума таңбашасын сілтемемен шертіңіз. Тізімдегі барлық элементтер ерекшеленеді.

  • 5. Кез-келген файлдардың немесе бумалардың тобын ерекшелеу

  • Файлдардың немесе бумалардың кез-келген тобын ерекшелеу үшін <Ctrl> пернесін басып жібермей ерекшелендіру қажет. Тышқан сілтемесін апарып сол жақ батырмасын шерту арқылы жүзеге асыруға болады. Менің құжаттарым бумасын екі рет шерту арқылы ашыңыз. <Ctrl>пернесін басып тұрып, осы терезедегі керекті файлдар мен бумаларды тышқан көмегімен таңдаңыз. Ерекшелеуді болдырмау үшін Сілтеуші немесе Менің компьютерім терезесінің кез-келген жеріне тышқанның сол жақ батырмасын бір шерту керек.

  • 6. Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру

  • Жылжыту және көшіру бұйрықтарының ерекшеліктері.

  • Файлдар немесе бумаларды жылжыту барысында олар бұрынғы орыннан өшіріліп жаңа орында пайда болады. Ал файлдарды немесе бумаларды көшіру барысында, олардың түпнұсқасы қалып, көшірмесі жаңа орынға қойылады.

  • Файлдар және бумаларды көшіру

  • Тышқан көмегімен көшіру:

  • Сілтеуші немесе Менің компьютерім-ді ашып, Менің құжаттарым бумасын ашыңыз. Көшіру қажет файлды немесе буманы ерекшелеңіз. <Ctrl> пернесін басып жібермей ерекшеленген файлды немесе буманы тышқан көмегімен Самал1 бумасына апарыңыз. Тышқан батырмасын және <Ctrl> пернесін жіберіңіз. Осы іс-әрекеттен кейін сіздің файлыңыз немесе бумаңыз Самал1 бумасына орналасады.

  • Пернетақта көмегімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлдарды тауып, көшіру қажет файлдар тобын таңдап ерекшелеңіз. Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ерекшелеңіз. Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ашып, сіздің файлдарыңыз осы бумада екеніне көз жеткізіңіз.

  • Аспаптар панеліндегі белгішелердің көмгімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлын ерекшелеңіз. Аспаптар панеліндегі Буферге көшіру пиктограммасын басыңыз. Содан кейін Самал1 бумасын ашып, Енгізу пиктограммасын басыңыз.

  • 7. Файлдарды және бумаларды жылжыту

  • Тышқан көмегімен: Жылжытатын файлдарды және бумаларды ерекшелеңіз. Жылжытуға арналған файлдарды және бумаларды қажет дискіге немесе бумаға апарыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.

  • Пернетақта көмегімен: Жылжытуға қажет файлдарды немесе бумаларды ерекшелеңіз. Түзету-Қиып алу (Правка-Вырезать) командасын таңдаңыз. Таңдалған файлдарды немесе бумаларды жылжыту қажет дискіні немесе буманы белгілеңіз. Түзету-Енгізу командасын орындаңыз.

  • 8. Өшіру және қайта қалпына келтіру

  • Сілтеушіні ашыңыз. Файл – Құру командасын таңдаңыз. Пайда болған ішкі мәзірден Документ Microsoft Word –ты таңдаңыз. Word құжатына Студент атын енгізіңіз. Студент файлын өшіру үшін, оны ерекшелеп, аспаптар панеліндегі Өшіру пиктограммасын шерту қажет.

  • 9. Себет көмегімен өшіру. Сілтеуші бағдарламасын ашыңыз. Тышқанның сол жақ пернесін басып жібермей, Студент файлын себетке апарыңыз. Себетті ашыңыз, Түр (Вид) мәзірін қолданып файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз. Студент файлын ерекшелеп, файл мәзірінің Қайта қалпына келтіру командасын орындаңыз.

  • 10. Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту

  • Файл атауын өзгерту үшін келесі іс-әрекеттерді орындаңыз. Сілтеуші терезесінен Студент файлын ерекшелеп, Файл-Атын өзгерту (Файл-Переименовать) командасын орындаңыз. Файл атауы қоршауға алынып ерекшеленеді. Файлдың жаңа атауын «Архив» деп теріңіз. Файлдың жаңа атауын тергенде ескі атау өшіріледі. Файлдың жаңа атауын тергеннен кейін <Enter> пернесін немесе Сілтеуші терезесінің бос жеріне шертіңіз.

  • Windows операциялық жүйесі дискілерде орналасқан файлдар мен бумаларға байланысты көптеген операцияларды (көшіру, өшіру, атын өзгерту, орын ауыстыру және т.б.) орындау үшін пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс ұсынады.

  • 11. Файлды немесе буманы іздеу

  • 1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басып, Іздеу (Поиск) бөлімін таңдаңыз.

  • 2. Файлдар және бумалар (Файлы и папки) командасын таңдаңыз.

  • Атау (Имя) өрісінде іздестірілген файлдың атауын немесе атаудың бастапқы әріптерін енгізіңіз.

  • Егер атау белгісіз немесе іздестіруді қосымша шарттармен жүргізу қажет болса уақыт өзгерту және қосымша салымын қолдану қажет.

  • Іздестіруді бастайтын терезені іске қосу үшін “Обзор” батырмасын басу қажет.

  • Іздеу (Найти) батырмасын басыңыз.

  • Мәтінді іздеу өрісінің қосымша салымы арқылы (Искать текст) берілген мәтін бойынша файлды іздеу мүмкіндігін береді.

  • 12. Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:

  • 1. Іске қосу батырмасын басып Құжаттар (Документы) қатарын таңдаңыз.

  1. Одан кейін керекті құжат таңдалады.

  • Бірақ та кейбір бағдарламалар құжаттар мәзірінде ашық құжаттар атауларын орналастырмайды. Сондықтан керекті құжат жоқ болса, негізгі мәзірде іздеу командасын пайдаланыңыз.

  • Компьютердің мазмұнын көру үшін:

  • 1. Менің компьютерім белгішесін 2 рет басыңыз.

  • Нәтижесінде Менің компьютерім терезесі ашылады.

  1. керекті дискінің белгішесін 2 рет басыңыз.

  • Нәтижесінде дискідегі барлық бағдарламалардың мазмұнын сақтайтын файлдар мен бумалар терезеде бейнеленеді.

  • 3. Егер файлды немесе буманы ашу немесе бағдарламаны іске қосу қажет болса, онда керекті объектіні 2 рет басыңыз.

  • 4. Ағымдағы буманы ашу үшін Аспаптар панеліндегі Backspase пернесін басыңыз.

  • Егер Аспаптар панелі көрінбесе Түр (Вид) мәзіріндегі Аспаптар командасын таңдаңыз.

  • Компьютерде бума құрылымын толық көруге Windows жүйесінің Сілтеуші бағдарламасы мүмкіндік береді. Оны іске қосу үшін негізгі мәзір Іске қосу (Пуск) – Құжаттар (Документы) –Сілтеуші (Проводник) бөлімін таңдаңыз.

  • 13. Файлдарды иілгіш магниттік дискіге көшіру:

  • 1. Дискетаны дискжетекке орналастыру

  • 2. Сілтеуші терезесінде керек файлды немесе буманы ерекшелеңіз.

  • 3. Файл мәзірінде Жөнелту (Отправить) командасын таңдап көшірме жүргізетін дискіні көрсетіңіз.

  • Windows жүйесінде функционалдық пернелер қызметі

  • <F10> - мәзір жүйесін іске қосу

  • Alt+(мәзірде асты сызылған әріпті басу) – таңдалған мәзірді ашу

  • <Ctrl+F4> - бағдарламадағы ағымдағы терезені жабу

  • <Alt+F4> - ағымдағы терезені жабу немесе бағдарламадан шығу

  • <Ctrl+C> - белгіленген объектіні көшіру

  • <Ctrl+X> - белгіленген объектіні буферге көшіру

  • <Ctrl+V> - буфердегі объектіні орналастыру

  • <Alt+Spase> - ағымдағы терезе мәзірін ашу

  • <Shift+F10> -белгіленген объектіге контекстік мәзір ашу

  • <Ctrl+Esc> -Іске қосу мәзірін ашу

  • <Ctrl+ -> - бағдарламаға арналған терезе мәзірін ашу

  • <Alt+Tab> -келесі терезеге ауысу

  • <Ctrl+Z> - соңғы орындалған әрекетті кері қайтару

  • 8.1. Тәжірибелік жұмыс. Интерфейс операционной системы windows

  • 1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

  • 1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

  • 2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

  • 3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

  • 4. Қосымша терезесін жабыңыз.

  • 5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

  • 6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

  • 7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

  • 2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.

  • 1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.

  • 2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.

  • 3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .

  • 4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

  • 5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.

  • 6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

  • 7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

  • 8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.

  • 9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

  • 10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

  • 11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

  1. Объектілер үшін өз жазбаларыңызды қосуға болады..