Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика.docx
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.25 Mб
Скачать
    • Сұрату типтері:

    • Таңдама

    • (Выборка)

    • Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

    • Жаңарту

    • (Обновление)

    • Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

    • Қосу

    • (Добавление)

    • Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

    • Жою

    • (Удаление)

    • Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

    • Айқастырылған

    • (Перекрестный)

    • Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

    • Кесте жасау

    • (Создание

    • таблицы)

    • Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

  • Сұратулардағы есептеулер

  • Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

  • Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

  • Нәтиже : [Гол] / [Ойын]

  • 14.2. Форма түрінде деректерді көрсету.

  • 14.3 Есептер құру.

  • Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

  • Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

  • Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

  • Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

  • Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.

    • Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

    1. Конструктор - пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.

    2. Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.

    3. Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.

    4. Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды.

    5. Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.

  • 14 – Тақырып бойынша тест сұрақтары

  • 1. Мббж (Мәліметтер базасын басқару жүйесі) бұл…

  • A. Графикалық түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған;

  • B. Программалық өнімдер тобының аты;

  • C. Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

  • D. Кестелік түрде көрстеілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған техникалық құралдар тобының аты;

  • E. Презентацияны құруға бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

  • 2. Access-те мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз…

  • A.МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

  • B. Мәліметтерді көрсету құралы;

  • C. Кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша;

  • D. Форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат.

  • E. Мәліметтерді өшу, көшіру, жазудың командасы орналасқан аймақ

  • 3. Access-те кесте дегеніміз…

  • A. Мәліметтерді сақтауға арналған стандартты блок;

  • B.Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе біренеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралы;

  • C. Мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы;

  • D. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы.

  • E. Мәліметтерді стандартты түрде форматтау

  • 4. Access-те сұраныс (таңдауға арналған) дегеніміз…

  • A. МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

  • B. Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе біренеше кестелерден мәліметтер таңдау құралы;

  • C. Мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияты сақтау қоймасы;

  • D. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы.

  • E. Мәліметтерді форматтау үшін қажетті командалар жиыны

  • 5. Access-те форма дегеніміз…

  • A. Мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы;

  • B. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;

  • C. Кестедегі жолдың баламасы;

  • D. Кестеде жазбаны бір мәнді түрде анықтауға арналған өріс.

  • E. Кестедегі мәліметтер базасы

  • 6. Access-те түйінді өріс дегеніміз…

  • A. Индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы;

  • B. Кестедегі жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

  • C. Бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;

  • D. Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс.

  • E. Мәліметтердің ішіндегі ең көлемдісі

  • 7. Access-те кілт (түйінді өріс) дегеніміз…

  • A. Мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

  • B. Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында

  • байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

  • C.Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында

  • байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше

  • түйінді өрістер;

  • D. Кестеде жазбаны бірмәнді түрдеанықтауға арналған өріс.

  • E. Мәліметтердің ішіндегі ең соңғы қолданылғаны

  • 8. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз…

  • A. Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

  • B. Кестедегі жазбалар мен өрістер нөмірінен тұратын өріс;

  • C. Сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

  • D. Сандық мәліметтерді енгізуге арналған өріс.

  • E. Барлығы да дұрыс емес

  • 9. Access-те индекс дегеніміз…

  • A. бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағын­дағы тіктөртбұрышты аймақ;

  • B. мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқаруға арналған құрал;

  • C. кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

  • D.индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұ­рып­тау құралы.

  • E. кестеде жазбаны көп мәнді түрде анықтауға арналған өріс

  • 10. Индекстердің екі түрі бар:

  • A. мәтіндік және сандық;

  • B. параллельді және тізбекті;

  • C. айнымалы және тұрақты;

  • D. өріс мәнінің қайталануына рұқсат беретін және рұқсат бермейтін.

  • E. сызықтық және қисық сызықты

  • 15 – ТАҚЫРЫП. Электрондық презентацияларды өңдеу технологиялары

  • 15.1 Электрондық презентация. Презентацияны безендіру әдістері.

  • 15.2 Презентацияға анимациялық эффектілер қою.

  • MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы. PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді. PowerPoint бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау – Бас мәзір – Бағдарламалар – Microsoft PowerPoint.

  • PowerPoint терезесінің құрылымы PowerPoint терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді (1-сурет).

  • · Тақырып жолағы – құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды. · Стандартты құралдар үстелі – PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады. · Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды. · Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған. · Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. · Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды. · Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды. · Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді. PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс – Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз. Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.

  • Таспа бірнеше қойындылардан жасалады. Басты қойындылары:

  • «Кірістіру» қойындысы Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық элементтер — кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме бар.

  • «Жасақтау» қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді теңшеңіз.

  • «Қимылдану» қойындысы Барлық қимылдану әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу енді әлдеқайда оңай.

  • «Слайдтарды көрсету» қойындысы Бастау үшін түсті қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай дайындық элементтері.

  • «Сараптау» қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында кіріңіз.

  • «Көрініс» қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде үйлестіріңіз.

  • Қажет етілетін қойындылар

  • Таспада жұмыс істегенде пайда болып және жасырылып отыратын бірегей түсті қойындыларға назар аударыңыз. Олардың қатарына суреттер мен сызбалар сияқты элементтерге арналған арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша мәліметтер кейінірек беріледі.

  • 1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі таспада көрсетілген.

  • 2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша түймешігін басыңыз.

  • 3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген. Слайдта алдын ала қарап алу үшін меңзерді кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану үшін нұқыңыз.

  • PowerPoint бағдарламасында кескіндер мәнерлері немесе WordArt түрлері немесе қимылдану әсерлері сияқты кез келген элементің көптеген таңдауы болса, таңдаудың бірнешеуі таспада көрсетіледі. Таңдаулардың толық жиынтығын көру үшін, суретте көрсетілгендей Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.

  • Алдын ала қарап шығуды көрсету Тінтуір меңзерін жиынтықтағы нобайға апарғанда (көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану әсері қолданылғанда қандай көрініске ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз, болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті басқа нобайға апарып, қолданғыңыз келетіннің бірін нұқыңыз.

  • 1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз, мысалы, осы жерде суреттелген Қаріп тобын, бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз.

  • 2. Таңдауға болатын көптеген параметрлері бар тілқатысу терезесі ашылады.

  • Бұл жерде топқа сыйғызуға болатын қосымша пәрмендер мен параметрлер әлде қайда көп болатындығы анық. Тек ең көп пайдаланылатын пәрмендер ғана көрсетілген. Егер сирек қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз келсе, топтың төменгі бұрышында көрсетілетін қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша параметрлерді ашып береді.

  • Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында қаріп түрлері мен өлшемдері, қалыңдығы, көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі пішімдеу түймешіктерін табуға болады.

  • Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет етілсе, мысалы, жол үстілік, Қаріп тілқатысу терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні нұқыңыз.Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды қажет ететін слайдпен жұмыс істегенде көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін толтырғышын нұқығаныңызда көрсеткі Басты қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге қатысты пәрмендері бар әр топта шығарылады.

  • Кеңес: Таспаны кішірейту Егер терезеде қосымша жұмыс кеңістігі қажет етілсе, таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен оған қол жеткізуге болады. Бұны жаттығу сеансында орындап көре аласыз.Көрмемен жұмыс істеп отырғанда негізгі немесе қайталанбалы болып табылатын кейбір әрекеттер орындалады және бұл кезде үрдістің жеке бөлігінде файлды сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті болдырмау сияқты әрекеттерді орындау қажет етілмейді.Бұндай жағдайларда жылдам қатынау тақтасын пайдаланыңыз. Ол таспаның жоғарғы жағындағы сол жақтағы түймешіктердің шағын жинағы болып табылады. Онда Сақтау, Болдырмау және Қайталау немесе Қайтару пәрмендері қамтылады.

  • 1. Түймешіктердің көрінісі бұрынғыдай. Олардың терезедегі орналастырылуы ғана өзгертілген.

  • 2. Слайдтың көрінісін ұлғайту немесе кішірейту үшін ұлғайту жүгірткісін апарыңыз. Алу таңбасы (-) және қосу таңбасы (+) түймешіктерін нұқу да ұқсас нәтиже береді.

  • 3. Осы түймешікті слайдты ұлғайтқаннан кейін терезеге қайта сыйғызу үшін нұқыңыз.

  • Көп жағдайларда PowerPoint бағдарламасындағы көріністі өзгертіп отыруды қажет етесіз және оны әрқашан түймешіктерді пайдалана отырып оңай орындайтынсыз. Бұл қасиет өзгертілмеді. Қалыпты, слайдты сұрыптауыш пен слайдтарды көрсету көрінісі түймешіктері сол қалыптарында қалды — олар тек терезенің төменгі сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына ауыстырылды. Ол ұлғайту жүгірткісін және слайдты ұлғайтқаннан кейін немесе кішірейткеннен кейін қайтадан терезеге сыйғызу түймешігін қамтитын жаңа құралдар тақтасының құрамдасы болып табылады.Есте сақтаңыз Бұнда да Көрініс қойындысы бар және онда көріністердің толық жинақтамасы — Ескерімдер бетінің көрінісі, Басты көрініс, басқа ашық көрмелердің тізімі және тағы басқалар болады.

  • Егер PowerPoint бағдарламасында жұмыс істегеніңізде тінтуірге қарағанда пернетақтаға көбірек сенетін болсаңыз, пернелер тіркесімдері туралы толығырақ білгіңіз келетін болады.Таспа жасақтамасы жаңа пернелер тіркесімдерімен жабдықтала жеткізіледі. Бұның ең басты екі артықшылығы енді әр жеке перненің тіркесімінің болуы (ол бұрынғы нұсқалардағы мәзір пәрмендерінде болмаған) және әдетте бірнеше пернені қатар басуды қажет ететін тіркесімдер болып табылады.

  • Енді ол тіркесімдерді қалай пайдалану туралы қосымша ақпарат.

  • 1. Алдымен, ALT пернесін басыңыз.

  • 2. Пернелер бойынша көмектер деп аталатын әріптер мен сандар сәйкес перне тіркесімдері түрінде таспаның түрлі бөліктерінде шағын ақ шаршы ішінде шығарылады. Олар әріптер түрінде бүкіл таспа қойындылары бойынша және Microsoft Office түймешігінде көрсетіледі. Олар жылдам қатынау тақтасындағы сандар. Пернелер бойынша көмектері бар шағын ақ шаршы белгілер деп аталады. Қосымша пәрмендер немесе түймешіктерге қол жеткізу үшін тағайындалған пернелердің бірін басыңыз. Мысалы, Басты қойындысындағы барлық пернелер бойынша көмектерді көру үшін H пернесін басыңыз.

  • 3. Одан кейінгі тәртіпті орындау үшін пернелер бойынша көмектердің бірін басыңыз. Мысалы, ALT, H, L пернелерін басу Орналасу түймешігін нұқу баламасы болып табылады.

  • 15.3 Презентацияны демонцтрациялау режимдері.

  • Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері. Жасақтаманы және қалыптарды қолдану PowerPoint-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға болады. Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады. PowerPoint-та Жұмысқа кірісу (2-сурет)

  • тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады: – Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді. – Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады. – Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft PowerPoint қалыбы негізінде жасалады. Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады. Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (3-сурет).

  • Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз. Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді: · өң түсін; · байрақшалар мен нөмірлер мәнерін; · тақырыптың түсі мен өлшемін; · негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін; · еренсілтеме түсін; · өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін. Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады – ол мұқаба слайд емес пе! Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (10.4-сурет).

  • Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы – Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады. Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар. Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек. Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек.

  • Слайдтарды безендіру Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады. Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін сурет салу құралдар үстелі қолданылады (6-сурет).

  • Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді. Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек. Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет: - недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы); - ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында <Enter> пернесін басу); - ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары); - жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау; - қаріп түсін таңдау және т.б. Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар – Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады. Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек. PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады. Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады. Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады. Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады. Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады. 2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз. Кірістіру әмірін орындаңыз.

  • Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады. Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады. WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады. PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру – Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады. Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.

  • Жан бітірімді баптау. PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. PowerPoint қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады. Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады. Есіңізде болсын – жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, пәрмен параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз. Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз: · Файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз. · Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз. Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз. Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.

  • Көрмелерді көрсету. Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.

  • Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады. Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет. Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан. Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек. Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін <Esc> пернесін басуға болады.

  • 15 – Тақырып бойынша тест сұрақтары

  • 2 – Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі

  1. Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.

  2. БҚ жіктелуі

  3. Операциялық жүйелер

  4. Ақпаратты қорғау

  5. Word редакторының мүмкіндіктері

  6. Word редакторында кесте енгізу жолдарын баяндаңыз.

  7. Формулалар редакторы не үшін қолданылады?

  8. Формулалар редакторын қалай іске қосамыз?

  9. Объектілер тізімінде Формулалар редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?

  10. Электрондық кестелер не үшін қажет, олардың қандай түрлерін білесіз?

  11. Баған, жол атаулары дегеніміз не? Excel кестесі неше бағаннан, неше жолдан тұрады?

  12. Жұмыс кітабы деген не? Жұмыс беті деген не? Әдетте экранда неше жұмыс беті ашық тұрады?

  13. Ағымдық ұяшық деген не? Деректер түрлері

  14. Жұмыс беті мен жұмыс кітабын сақтау тәсілдері.

  15. Ұяшық өлшемдерін өзгерту тәсілдері.

  16. Сандық мәліметтің форматын өзгерту

  17. Функция шебері дегеніміз не? Оның категориялары

  18. Деректерді қорғау не үшін керек?

  19. Жұмыс кітабын баспаға шығару.

  20. Деректер қоры дегеніміз не?

  21. Деректер қорының негізгі ұғымдары

  22. Деректерді фильтрлеу түрлері

  23. Деректерді сұрыптау

  24. Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?

  25. Деректер қорындағы информациялар қайда сақталады?

  26. Деректер қорын жобалау кезеңдерін атаңыз?

  27. Деректер қорының информация сақталатын объектісі.

  28. Кесте құрылымын қандай элемент анықтайды?

  29. Кесте құрудың қандай тәсілдері бар?

  30. Өріс ұзындығы немен өлшенеді?

  31. Өріс типтерін атап, оларға түсініктеме беріңіз.

  32. Компьютерлік желілер

  33. Компьютерлік желілер түрлері

  34. Желілер және телекоммуникациялар

  35. Желілік қауіпсіздік

  36. Интернет желісі дегеніміз не, олардың жергілікті желіден айырмашылығы неде?

  37. TSP/IP жүйелік хаттамасы дегеніміз не?

  38. Гиперсілтеме, гипермәтін деп нені айтады?

  39. Электрондық почта дегеніміз не?

  40. Графикалық редакторлар

  41. Растрлы және векторлық графика