Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Shpor_ekolgia.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
102.56 Кб
Скачать

Билет №13

1.Антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.

2.Қышқыл жаңбыр: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.

3.Рк бірінші баяндамасы, авторы кім, қай жылы жасалынды. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіздер: шаруашылық даму, табиғи ресурс, экологиялық және экономикалық тұрақтылық.

1. Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті. Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2. Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия , Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді. Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

3. Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

РК бірінші баяндамасы («Пределы роста, 1972 ж.») Денис Медоуздың басшылығымен Массачусет технологиялық университетінің бір топ ғалымдары дайындады. Берілген баяндаманың тұжырымдары:

-егер халықтың, индустрияландырудың, азық-түлік өндірісінің және табиғи ресурстарды пайдаланудың осы өсуі сақталса, Жердегі өсу шекаралары келесі 100 жылда шегіне жетеді. Егер осылай болса, халықтың саны және шаруашылықтың даму мүмкіндігі азаяды;

-халық санының өсуін үлестіруді өзгертуге және болашақта сақталатындай экологиялық және экономикалық тұрақтылық жағдайларын анықтауға болады. Әрбір адамның негізгі материалдық құндылықтарының қанағаттандырылуы және сонымен бірге адамдардың өз потенциалын іске асыру үшін тең мүмкіндіктері болуы үшін, жаһандық тепе-теңдік орнын анықтауға болады;

-егер адамзат бұл бағытта күш жұмсайтын болса, табысқа үміт бар.

Бұл баяндамада өндірістің экспоненциалдық өсуінің барлық резервтерді жасауға әкелетіні көрсетіледі. Баяндаманы талдаудан шығатыны: шикізат пен энергияны өндіруге көбірек капитал салу керек, белгілі шекарадан кейін де бұл индустриялық жүйенің бұзылу қаупін тудырады. Бұл ауыл шаруашылығының бұзылуына, халық саны ұлғайғанда, азық-түлік өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Соседние файлы в папке shpory