Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Shpor_ekolgia.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
102.56 Кб
Скачать

Билет №16

  1. 1.Организмдердің тіршілік әрекетіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.

  2. 2.Топырақ эрозиясы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары.

  3. 3.Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не. 1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы); Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.

2. Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі.Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.

3. Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

Билет №17

1.Биогеоценоз компоненттері.

2.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі

3.Популяция санын реттеу: мақсаттары, міндеттері, әдістері, маңызы.

1. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар.Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер.II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы.III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.IV- ірі жыртқыштар.V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детриттер Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

2. Экологиялық факторлар- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет;1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

3. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.

Соседние файлы в папке shpory