- •Билет №1
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Демэкология деген не?
- •3.Ауыл шаруашылығының экожүйелерге тигізетін кері әсері (ауыл шаруашылығының алты проблемасы).
- •3. Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:
- •Билет №2
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №3
- •1.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.
- •2.Рим клубы қашан және не үшін құрылды.
- •Билет №4
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Экологиялық оптимистер. Оптимистер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •3.Биосфера тұжырымдамасын құру.
- •Билет №5
- •1.Қоршаған ортаның абиотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.«Көшетхана эффектісі»: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Фаунаны қоңсыластыру. Қоңсыластырудың үш себебі.
- •Билет №6
- •1.Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.
- •2.Адамның экологиялық жүйеде алатын орны.
- •3.Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не
- •Билет №7
- •1.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •2.Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғаудың екі принциптік аспектілері. Әр аспектің міндеттері.
- •3.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №8
- •1.Экологиялық зиян деген не? Экологиялық зиянның түрлері.
- •2.«Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
- •3.«Ақпараттық қоғам». Биотехнологияның дамуы. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.
- •Билет №9
- •1.Қоршаған ортаның биотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.Гидротехникалық құрылыстарға не жатады. Гидротехникалық құрылыстар су экожүйесіне қандай кері әсерлерді тигізеді.
- •Билет №10
- •1.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •2.Экологиялық пессимисттер. Пессимисттер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •Билет №11
- •1.Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
- •2.Популяция деген не?
- •Билет №12
- •1.Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
- •2.Қр тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы.
- •3.Атмосфераның ластану көздері. Атмосфераны ластаушылардың зиянды әсері.
- •Билет №13
- •1.Антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.
- •2.Қышқыл жаңбыр: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Рк бірінші баяндамасы, авторы кім, қай жылы жасалынды. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіздер: шаруашылық даму, табиғи ресурс, экологиялық және экономикалық тұрақтылық.
- •Билет №14
- •1.Императивті факторларды және әсер ету факторларын сипаттаңыз
- •2.Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.
- •3.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
- •Билет №15
- •1.Синэкология деген не?
- •2.Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.
- •3.Өнеркәсіптік жерлерді қайта құңарландыру. Қайта құңарландырудың екі кезеңі. Қайта құңарландыру қалай іске асырылады, бұзылған жерлерге жабылатын әрбір қабаттың рөлі қандай.
- •Билет №16
- •1.Организмдердің тіршілік әрекетіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.
- •2.Топырақ эрозиясы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары.
- •Билет №17
- •1.Биогеоценоз компоненттері.
- •2.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі
- •3.Популяция санын реттеу: мақсаттары, міндеттері, әдістері, маңызы.
- •Билет №18
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).
- •3.Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.
- •Билет №19
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •2.Қоршаған ортаның химиялық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •3.Өнеркәсіпті қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •Билет №20
- •1.Популяцияның кеңістіктік орналасуы және оның сипаты: кездейсоқ, біркелкі және топтық.
- •2.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №21
- •1.Тұрақты даму деңгейлері: жергілікті, өңірлік, ұлттық, мемлекетаралық, жаһандық. Әрбір деңгейде тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтайтын факторлар.
- •2.Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
- •3.Жердің озон қабаты: ұғымы, маңызы, проблемалары, проблеманы шешу жолдары.
- •Билет №22
- •1.Либих минимумы заңы.
- •2.Популяцияның динамикалық сипаттамалары: популяцияның тууы, өлімі, популяцияның тірі қалу қисықтары, популяцияның өсу жылдамдығы.
- •3.Табиғи ресурстарды жіктеу: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келтірілмейтін.
- •Билет №23
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •Билет №24
- •1.Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.
- •2.Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •2.Билет 10 там
- •Билет №26
- •1.Тұмша ұғымы, тұмшаның пайда болу себептері, тұмшаның тірі организмдерге әсер етуі, проблеманы шешу жолдары.
- •2.Ауыл шаруашылығын қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №27
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия.
- •3.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №40
Билет №9
1.Қоршаған ортаның биотикалық факторларын сипаттаңыз.
2.Гидротехникалық құрылыстарға не жатады. Гидротехникалық құрылыстар су экожүйесіне қандай кері әсерлерді тигізеді.
3.Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары.
1.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Биотикалық факторларға адаптация. Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузоришер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.
2.Гидротехникалық құрылыс. Гидротехникалық құрылыстар су қауымдастықтарына елеулі әсер етеді:
-гидробионттар түрлерін арналар бойынша қоныстандыру (мысалы, Суэцк каналының ашылуы Жерорта теңізінде Қызыл теңізден бірқатар гидробионттар түрлерінің пайда болуына әкелді);
-гидроэлектрстанциялар бөгеттерінің уылдырық шашу жолдарын жауып, балық қорларының өсуіне теріс әсер етуі. Бөгеттермен жасалатын су қоймалары да бұрынғы уылдырықтамаларды су басып кетіп, балық қорларын жиі бүлдіреді. Су қоймаларының су режимінің тұрақсыздығы су күрт ығысқанда уылдырықтамалардың кеуіп қалуының себебі болады;
-ГРЭС су қоймаларының су деңгейінің тұрақсыздығы су маңындағы сүт қоректілерге және жағалаулар мен су қоймаларының таяз аймақтарында қоныстанған құстарға теріс әсер етеді;
-балық суландыру жүйелеріне түскенде оның жойылуы. Сонымен бірге олардың 90%-ы онда түнде түседі, себебі балықтарда ағу бағытына және жылдамдығына реакция болмайды. Сондықтан су жинау уақытын ұтымды реттеу немесе суландыру жүйесіне кіре берісте «жарықтан қорғауды» ұйымдастыру керек.
3. Қазіргі кезде соғыс қауіпінен кем түспейтін проблеманың бірі – экология. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Бүгінде жер бетінің бірі шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға әсер етеді. Соның ішінде Арал проблемасы ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнге 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі мұздықттарды да еріте бастады.Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады. Жалпы деректер бойынша жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде экология әсерінен болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір әлемде жүрек талмасы, ми-қан айналымының бұзылуынан, ақыл-естен айырлатын аурулардың саны өршей түсті. Күні кеше осы Арал проблемасын елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан “Арал тағдыры-әлем тағдыры” деуге де артық емес.