Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Shpor_ekolgia.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
102.56 Кб
Скачать

Билет №12

1.Ортаның экологиялық сыйымдылығы.

2.Қр тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы.

3.Атмосфераның ластану көздері. Атмосфераны ластаушылардың зиянды әсері.

1.незнаю

2.Қазіргі уақытта Тұрақты даму тұжырымдамасы танымал және әлемдік қауымдастықта қабылданған болып табылады (№ 3 жұмысты қараңыз). Тұрақты даму ұғымы осындай дамудың екі негізгі – антропоцентрлік және биосфероцентрлік белгісі арқылы анықталуы тиіс. Антропоцентрлік белгі деп адамзаттың (елдің) тірі қалуы және қазіргі ұрпақпен салыстырғанда біздің ұрпағымыздың мүмкіндіктері аз болмауы үшін, оның әрі қарай тоқтамай (тұрақты), үздіксіз ұзақ даму, өз қажеттіліктерін табиғи жағдайларда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайларында қанағаттандыру (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысында ұрпақтар мүмкіндіктерінің теңдігі принципі) қабілеті (мүмкіндігі) түсіндіріледі.

Ұғымның биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгісі адамзаттың әрі қарай дамуы экофобиялық түрде болмайтындай, оның тұрақтылығы мен табиғи эволюция үшін қажетті шарт ретінде, Жердегі бүкіл тіршіліктің табиғи негізі ретінде биосфераның сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «тұрақты даму стратегиясы адамдар және қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған» деп айтылған. Бұл принципті табиғат пен қоғам коэволюциясының принципі ретінде сипаттауға болады.

Жоғарыда айтылған тұрақты дамуды социотабиғи даму стратегиясы ретінде анықтауға мүмкіндік береді, ол қоғамның аман қалуын және үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз етеді және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе биосфераны бұзбайды.

Тұрақты дамуға ауысу табиғи экожүйелердің қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ол кезде адамдардың болашақ ұрпағының тіршілік етуінің, олардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен мүдделерінің нақты мүмкіндігі пайда болатын деңгейге дейін кезеңмен қалпына келуін жорамалдайды. БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі.

3. Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. Б.Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км.-лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа – райында күмбез құрап 300-500 м-де , осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т., Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Жоғарғы шаң ауа да- өкпе ауруларының бір себебі.Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс. Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.

Соседние файлы в папке shpory