- •Билет №1
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Демэкология деген не?
- •3.Ауыл шаруашылығының экожүйелерге тигізетін кері әсері (ауыл шаруашылығының алты проблемасы).
- •3. Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:
- •Билет №2
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №3
- •1.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.
- •2.Рим клубы қашан және не үшін құрылды.
- •Билет №4
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Экологиялық оптимистер. Оптимистер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •3.Биосфера тұжырымдамасын құру.
- •Билет №5
- •1.Қоршаған ортаның абиотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.«Көшетхана эффектісі»: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Фаунаны қоңсыластыру. Қоңсыластырудың үш себебі.
- •Билет №6
- •1.Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.
- •2.Адамның экологиялық жүйеде алатын орны.
- •3.Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не
- •Билет №7
- •1.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •2.Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғаудың екі принциптік аспектілері. Әр аспектің міндеттері.
- •3.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №8
- •1.Экологиялық зиян деген не? Экологиялық зиянның түрлері.
- •2.«Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
- •3.«Ақпараттық қоғам». Биотехнологияның дамуы. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.
- •Билет №9
- •1.Қоршаған ортаның биотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.Гидротехникалық құрылыстарға не жатады. Гидротехникалық құрылыстар су экожүйесіне қандай кері әсерлерді тигізеді.
- •Билет №10
- •1.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •2.Экологиялық пессимисттер. Пессимисттер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •Билет №11
- •1.Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
- •2.Популяция деген не?
- •Билет №12
- •1.Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
- •2.Қр тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы.
- •3.Атмосфераның ластану көздері. Атмосфераны ластаушылардың зиянды әсері.
- •Билет №13
- •1.Антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.
- •2.Қышқыл жаңбыр: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Рк бірінші баяндамасы, авторы кім, қай жылы жасалынды. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіздер: шаруашылық даму, табиғи ресурс, экологиялық және экономикалық тұрақтылық.
- •Билет №14
- •1.Императивті факторларды және әсер ету факторларын сипаттаңыз
- •2.Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.
- •3.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
- •Билет №15
- •1.Синэкология деген не?
- •2.Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.
- •3.Өнеркәсіптік жерлерді қайта құңарландыру. Қайта құңарландырудың екі кезеңі. Қайта құңарландыру қалай іске асырылады, бұзылған жерлерге жабылатын әрбір қабаттың рөлі қандай.
- •Билет №16
- •1.Организмдердің тіршілік әрекетіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.
- •2.Топырақ эрозиясы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары.
- •Билет №17
- •1.Биогеоценоз компоненттері.
- •2.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі
- •3.Популяция санын реттеу: мақсаттары, міндеттері, әдістері, маңызы.
- •Билет №18
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).
- •3.Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.
- •Билет №19
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •2.Қоршаған ортаның химиялық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •3.Өнеркәсіпті қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •Билет №20
- •1.Популяцияның кеңістіктік орналасуы және оның сипаты: кездейсоқ, біркелкі және топтық.
- •2.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №21
- •1.Тұрақты даму деңгейлері: жергілікті, өңірлік, ұлттық, мемлекетаралық, жаһандық. Әрбір деңгейде тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтайтын факторлар.
- •2.Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
- •3.Жердің озон қабаты: ұғымы, маңызы, проблемалары, проблеманы шешу жолдары.
- •Билет №22
- •1.Либих минимумы заңы.
- •2.Популяцияның динамикалық сипаттамалары: популяцияның тууы, өлімі, популяцияның тірі қалу қисықтары, популяцияның өсу жылдамдығы.
- •3.Табиғи ресурстарды жіктеу: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келтірілмейтін.
- •Билет №23
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •Билет №24
- •1.Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.
- •2.Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •2.Билет 10 там
- •Билет №26
- •1.Тұмша ұғымы, тұмшаның пайда болу себептері, тұмшаның тірі организмдерге әсер етуі, проблеманы шешу жолдары.
- •2.Ауыл шаруашылығын қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №27
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия.
- •3.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №40
Билет №19
1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
2.Қоршаған ортаның химиялық ластануының экология-генетикалық салдары.
3.Өнеркәсіпті қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
1.XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
-организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
-табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
-адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
-биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
-биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
-көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
-экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.
2.Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.
3.XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.
Билет №20
1.Популяцияның кеңістіктік орналасуы және оның сипаты: кездейсоқ, біркелкі және топтық.
2.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
3.ҒТЖ және экологиялық проблемалар. Техносфера деп нені атаймыз. Бұл терминді кім енгізді.
1. Популяцияның түрлері: Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады. Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады, одан көп алса, тіршілік процесінің оптимизациясын жоғалтады.2) Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады. Әр-бір популяцияға биотикалық потенциял тән-ұрпақты көп қалдыру. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырау құлақ Популяция динамикасының екі түрі бар:
1.Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден , балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.
Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отарады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп аталады.
2.Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады.
2. Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе. биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)
3. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) дәуірінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу сипаты сапалы түрде өзгерді. Индустрия орталықтарының саны ұлғайды, пайдалы қазбалар қарқындырақ өндіріліп келеді, ауыл шаруашылығының пайдаланылатын жерлері көбірек жыртылуда – осының барлығы және басқа факторлар қоршаған ортаны едәуір өзгертеді. Осы өзгерістер қоғамның табиғатқа әсер ету қуатының, тереңдігінің және алуан түрлілігінің өзгеруімен байланысты. Қазіргі кезеңде адамның табиғатқа әсер етуі геологиялық факторлардың әсерімен салыстырылатын болады және табиғат жағдайындағы әр түрлі, көбінесе жағымсыз өзгерістерге әкеледі; табиғи орта өндірістік процестерге аса кең және негізді жұмылдырылған болады. Сондықтан өндірістің арту шамасына қарай қоғам мен табиғат байланыстары-ның күрделіленуі және сапалы өзгеруі байқалады. Әсіресе берілген тенденция ҒТП басталуымен күрт айқындалды.Әрі қарай ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы кезеңі постиндустриялық өркениетке өтуден көрінеді, оның көптеген ерекшеліктері экологиялық императивтің әсерінен қалыптасады.2.1 Қызметтер мен білімді өндіру. Бірінші орынға қызметтер өндірісі шығады, ал өндірістің басым факторы білім болады. Ақпаратты алуға, өңдеуге және пайдалануға бағытталған еңбек жетекші рольді иеленеді. Өндіріс табиғи сыйымдылығы азырақ технологияларға қайта бағдарланады.2.2 Техникаға қойылатын экологиялық талаптар. Болашақта материалдарды механикалық өңдеу емес, электрмагниттік өрістер, лазермен сәуле шығару, плазма, элементар бөлшектер, тірі организмдер; микроэлектроникамен және информатикамен байланысты жаңа технологиялар (роботтық техника, икемді автоматтандырылған өндіріс); қасиеттері алдын ала берілген жаңа синтетикалық материалдар (беріктігі жоғары пластиктер, аса қатты композициялық материалдар, аса көп өткізетін керамика, биоматериалдар және т.б.) кеңінен пайдаланылатын болады.2.3 Байланыс және ақпараттандыру құралдары прогресі. Мұнда дамудың маңызды тенденциялары микроминиатюраландыру, интегралдық сұлбаларды, микропроцессорлар мен шағын тасушыларды жаппай өндіру және тарату болды.Соңғы уақытта микроминиатюраландыру саласында жаңа серпін жасалды: молекулалық өлшемді компьютер элементін жасау мүмкіндігі көрсетілген, оларда атомдардағы кванттық әрекеттер есептеу операциялары ретінде пайдаланылады. Бұл молетроника – молекулалық электроника кезеңіне ену жолындағы бірінші қадам. Миниатюраландыру өзінің басқа салаларға әсер ету сферасын кеңейтеді, электроника шегінен тыс та нанотехнологиялар (яғни «тырбиған» аса шағын элементтер негізіндегі технологиялар) пайда болды.2.4 Ақпараттық технологиялар. Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениет – бұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады.2.5 «Зат – энергия – ақпарат» үш тағанын ұйымдастыру. Қоғамның ақпараттық потенциалының өсуі бүкіл экономиканың ресурс сыйымдылығына әсер етеді, себебі эволюцияға қабілетті барлық материалдық жүйелерде зат, энергия және ақпарат арасында орын ауыстырушы өзара қатынастар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Энергетиканы ақпараттандыру отын құрылымын оңтайландыру-мен және энергия тұтынудың едәуір салыстырмалы өсуімен байланысты. Өйткені компьютерлер мен автоматтар ғана энергия мен материалдардың шығындарын шекті дәл дозалауға және энергияның нақты сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен бірге бір мезгілде өнімнің жоғары сапасына қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде, материалдар мен энергияны үнемдеудің маңызды көзі болып табылады.2.6 Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады.2.7 Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру. Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады. Қазіргі уақытта біз техносферада өмір сүреміз деп айтуға болады (А.Е.Ферсман).