Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Shpor_ekolgia.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
102.56 Кб
Скачать

Билет №8

1.Экологиялық зиян деген не? Экологиялық зиянның түрлері.

2.«Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.

3.«Ақпараттық қоғам». Биотехнологияның дамуы. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.

1. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

1.Биосфераны оптимизациялау.

2.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

3.Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

2. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

3. Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениет – бұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру. Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады.

Соседние файлы в папке shpory