Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Shpor_ekolgia.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
102.56 Кб
Скачать

Билет №18

1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

2.Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).

3.Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.

1.Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады .Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына : а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б. б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.

3.Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен іске асырылатын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.Қазіргі уақытта Қазақстанда қоршаған орта, соның ішінде климатты өзгерту, биологиялық алуан түрлілік және шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ 3 негізгі халықаралық конвенциясы аса сәтті іске асырылуда. БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі. Биоалуан түрлілік туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша табысты жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстан трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы, ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы, өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы, трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының конвенция-ларын орындайды. Берілген конвенцияларды орындау шеңберінде өндірістің қауіпті қалдықтарын басқару және тұтыну мәселелері, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу, өнеркәсіптік апаттарды болдыр-мау бойынша екі жақты және көп жақты шаралар жасау, оларға дайындықты қамтамасыз ету және олардың әсерін жою, өнеркәсіптік апаттарды жою кезінде өзара көмек көрсету, ауаның ластануымен және ауа ластаушыларды үлкен ара қашықтықтарға тасымалдаумен күрес жүргізу, трансшекаралық проблемалар-дың зиянды әсеріне ұшыраған мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жөнге келтіру бойынша Қазақстан тиімді ынтымақтастық жүргізеді. 2005 жылғы желтоқсанда № 97-III ҚР Заңымен Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы ратификацияланған, ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті.

Соседние файлы в папке shpory