Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 8.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
508.42 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған ортаның осы кездегі проблемаларына сипаттама беріңіз.

2. Жел және су эрозиясы, жер суару жөніндегі мәселелерге талдау жасаңыз.

  1. Топырақтың екінші рет тұздануына сипаттама беріңіз.

  2. Рекультивацияға анықтама беріңіз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Вернадский В.И. Биосфера. – М.: Ноосфера, 2001.

  2. Бельгибаев М.Е. Почвенные ресурсы Казахстана. Алматы, 1995.

  3. Чигаркин А.В. Охрана природы Казахстана. – Уч.пос, Алма-Ата, 1974.

  4. Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. – Алматы, 2003.

  5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

  6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

  7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

  8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

9.Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана: уч.пос. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 414 с.

10.Гвоздецкий Н.А. и др. Казахстан. Очерк природы. М.: Мысль, 1971.

11.Об охране окружающей среды. Закон РК. // Недра и природные ресурсы. Сборник законодательных актов . – Алматы. Юрист, 2001.

Дәріс № 13

Тақырыбы: Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормалары. Халықаралық құқық принциптері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.

Дәрістің мақсаты: Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормаларын, Халықаралық құқық принциптері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін түсіндіру.

Жоспары:

1.Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормалары.

2. Халықаралық табиғи ресурстар.

3. Халықаралық құқық принциптері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.

1.Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормалары.

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту,қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін экологиялық құқықтық нормалардың жиынтығы. Өзге де елдер сияқты Қазақстанда да қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамаға негізделген. Қазақстан республикасының экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық құқықтықтың көздері төмендегідей құқықтық құжаттар болып табылады: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және т.б.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конститутцияда қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негіздері бекітілген.

20 маусым 2003 жылы ҚР Жер кодекісі қабылданды.

2. Халықаралық табиғи ресурстар.

Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.