Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 8.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
508.42 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфераның антропогенді ластануының қандай түрлері бар?

2. Транспорт және ауа, өндіріс және ауа қабатына сипаттама беріңіз.

3. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабатына сипаттама беріңіз.

4. Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер) талдау жасаңыз.

5. Санитарлық зоналарға сипаттама беріңіз.

6. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері қандай?

7. Ауаға жіберуге болатын зиянды қалдықтардың шектеулі рұқсат етілген мөлшері дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер:

  1. ДуамбековМ.С. Антропогенные воздействия на атмосферу. Экология Казахстана. – Астана, 2004

  2. Еламанов Е.И., Терновая Г.Г. Охрана атмосферного воздуха. –М: Юрид. лит., 1984.

  3. Общая пояснительная записка. Том I. Проект нормативов предельно – допустимых выбросов. г. Астана, 2003.

  4. Юсфин Ю.С., Леонтев К.А. и др. Промышленность и окружающая среда. – М: ИКЦ Академ. книга, 2002.

  5. Гудерман Р. Загрязнение воздушной среды. – М: Мир, 1979 Лыгин С.А,. Лыгина Р.Н. и др. Источники загрязнения атмосферы, факты и цифры.// Химия в школе, 2001 - № 5

  6. Влияние загрязнения окружающей среды на человеческое развитие. // Окружающая среда и устойчивое развитие Казахстана. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қ. Құлманбетов Автомобиль транспорты және экология. // Астана Ақшамы, 2002 жыл. 12.02. №5

  2. Владимиров Р.М., Лязин Ю.И. и др. Охрана окружающей среды. – Ленинград: Гидрометеоиздат, 1991

  3. Артаманов И.А. Растение и чистота природной среды. – М: Наука, 1986.

  4. Баешев Э., Айтбаев Н. Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері. // Атамекен, 2003

  5. Сидеренко Г.И. Гигиена окружающей среды. – М: Медицина, 1985

  6. К. Бородинов Экологически чистый бензин. // Экология устойчивое развитие 2005, №6,

  7. АскароваА.С., МажреноваН.Р. Экологияческие проблемы топливно-энергетической отрасли Казахстана и нетрадиционные пути их решения, Алматы, 1997.

  8. Амбарцунян В.В. Автотранспорт и окружающая среда. // Экология и жизнь-М.1999

  9. Ақбасова А.Ж., Сайнова Г.Ә. Экология: Жоғарғы оқу орнына арналған оқу құралы. Алматы, 2003.

Дәріс №10

Тақырыбы: Гидросферa. Су қасиеттері және тірі зат. Жер планетасы және су қабаты. Климатты реттеудегі мұхиттардың маңызы. Теңіздер, мұхиттар өнімділігі. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы. Су қажетілігінің мөлшері. Су айналымы.

Дәрістің мақсаты: Судың қасиеттері және ондағы тірі зат, су қабаты, климатты реттеудегі мұхиттардың маңызы, табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы, ластанудың алдын-алу мәселелерін оқытып үйрету.

Негізгі түсініктер: Гидросфера, судың өздігінен тазаруы. су айналымы.

Жоспары:

  1. Судың қасиеттері және ондағы тірі зат.

  2. Жер планетасы және су қабаты.

  1. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы. Ластанудың алдын-алу мәселелері.

  2. Су қажеттілігінің мөлшері.

  3. Судың өздігінен тазаруы.Су айналымы.

1. Судың қасиеттері және ондағы тірі зат.

Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделi заттың бiрiне жатады. Оны таза күйiнде алу өте қиын таза су барлыкқ yaқыттa жеңiл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр жене аса ауыр судан турады.

Басқа затгармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттерi бар.

1. 00С ден 40С дейiн қыздырғанда судың көлемi көбеймейдi, керiciнше азаяды, ең максималды тығыздық мағынасы су қататын нүктеде (00С ) емес 40С -де болады.

2. Басқа денелердей емес, су көлемi қатқанда сығылысудың орнына үлкейiп, оның тығыздығы төмендейдi.

3. Қысым көтерiлгенде судың қату температурасы көтерiлмейдi, ол төмендейдi.

4. Басқа заттардың сыбағалы жылылық сыйымдылығымен салыстырғанда судың сыбағалы жылылық сыйымдылығы өте жоғары.

5. Диэлектрлiк тұрақтытылығы өте жоғары болғандығына байла­нысты судың ерiткiштiк және диссоциалау қасиетi басқа сұйықтықтармен салыстырғанда жақсылау.

6. Сұйықтықтардың iшiнде судың беттiк керуiнiң шамасы ең жоғары – 75*10-3 Дж/м2.

7. Булану кезiнде жылу сiңiрiледi, ал будан конденсациялану мен қату кезiнде керiсiнше жылу бөлiнедi.

Ауытқулықтың болу себебiнiң бiрi оның құрылысының ерекшiлiктiгiнде және су молекулаларының бiр-бiрiмен күштi байланысатындығында. Жер бетiндегi барлық тiршiлiктiң суға байланыстьтығының негiзi осы ауытқулықтың болуы. Су табиғатта үш aгpeгaтты күйде: сұйық, қатты және газ тәрiздi түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысымен жүредi десек қателеспеймiз.

Академик А. Карпинский су туралы былай деген:"Су - ең бaғалы байлық. Су - тек минералды шикiзат. Ол тек өнеркәсiп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғaнa емес, сонымен бiрге өмip жоқ жерге тiршiлiк сыйлайтын ыстық қан".

Су - тipi материяның негiзi. Қазiргi кезде сулы ортада тiршiлiк eтетеін жануарлар түрiнiң саны 150000 немесе олардың жалпы санының 7%, ал суда өсетін өсiмдiктер түрінің саны 10000 (8%). Жануарлардың iшiнде балықтардың шамамен 16000 түpi, былқылдақ денелiлердiң 80000 түpi, шаянтәрiздiлердiң 20000-нан астам түpi, қарапайымдылардың 15000-ғa жуық түpi және т.б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75%, кейбiр өciмдiктер массасының 89-90% судан тұрады .

Адам ұрығының (эмбрионының) 97%-i су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80%-i судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесiнiң 65-70% су, улғайған сайын су мөлшерi адам денесiнде 60%-ке дейiн төмендейдi. Осы деңгейден денедегi судың мөлшерi 10-12% төмендесе, организм әлсiреп, жұмыс атқару қабылетi жойылады, ал организмдегi судың көлемi 25%­-тен төмен түссе, адам өмірінe қауiп төнедi. Кейбiр жан-жануар­лар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар) тек қана сулы ортада тiршiлiк етедi. Себебi организмдердегi судың мөлшерi азайғанда ас қорыту және де басқа процестер бұзылады, яғни организмдегi тепе-тенңдiк бұзылып, әртүрлi ауыр жағдайға әкелiп соғады. Негiзiнде барлық организмдердiң өсiп-өнуiне таза су қажет, сондықтан сумен жабдықтау көздерiне, судың сапасына ерекше маңыз берiледi.

Судың гигиеналық, маңызды зор. Ол адам денесiн, үй­ жайды, күнделiктi қолданылатын бұйымдарды және т. б. таза сани­тарлық жағдайда ұстауға пайдаланылады.

Пайдалылығымен қатар суды адам организмiне қауiп төндіретін кез деп те қарауға болады. Бүкiлдүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша жұқпалы аурулардың 80%-тi судың қанағаттанарлық емес сапасына не оның жетiспеуiне қарай санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуына байла­нысты. Шамамен 2 млрд. адам санитарлық-гигиеналық нормаға сәйкессiз суды қолданып отырғандарына байланысты жыл сайын 5 млн. адам, оның iшiнде жартысынан көбi балалар, әр түрлi аурулардан өлуде.

Кермек суларды тұтынудан адамның несеп және өт жолдарына тас байланады, ал кейбiр тұздар жеткiлiксiз болса жүрек-қантамыр аурулары жиi кездеседi. Ауыз суда фтор жетiспесе – тіc жегiсi (кариес), ал шамадан артық, болса флюороз ауруына шалдығады. Суды хлорлау кезiнде түзiлетiн органикалық заттектерi мол хлорорганикалық қосылыстар, немесе ақаба сулармен тауы басқа жолмен ауыз су ететін пестицидтер, кейбiр ауыр металдар, радиоактивтi элементтер, канцерогендер болып табылады.

Қазiргi кезде Қазқстан тұрғындарының 25% таза сумен қамтылмаған. Оның бiр себебi өзеңдер мен көлдердiң (Epтic, Есiл, Жайық, Нура, Сырдария, Балқаш және т.б.) гидроэнергетикалық құрылыстар және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың ақаба суларымен ластануының салдарынан табиғи режимiнiң бұзылуы. Осының салдарынан көптеген аурулар түрлерiнiң таралуы oрын алып келедi.