- •2. Атмосфераның химиялық құрамы.
- •Бақылау сұрақтары :
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздері.
- •Дәрістің мақсаты: Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ- көздерімен танысу.
- •1. Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа,өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа.
- •2. Атмосфералық ауаның ластануын ескерту(құқықтық, экономикалық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Судың қасиеттері және ондағы тірі зат.
- •2. Жер планетасы және су қабаты.
- •3. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы. Ластанудың алдын-алу мәселелері. Су айналымы.
- •4. Су қажеттілігінің мөлшері.
- •5. Судың өздігінен тазаруы. Су айналымы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Топыраққа антропогендік әсер түрлері. Топырақтың бұзылу, яғни топырақтың физикалық-химиялық әсер-ықпалдарға ұшырауы және онымен
- •3. Топырақ биосфераның экологиялық күрме түйіні іспеттес. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүреді.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары. Топырақ эрозиясы (жел, су, жер суару). Топырақтың екінші рет тұздануы және т.Б. Рекультивация.
- •2.Топырақтың екінші рет тұздануы. Рекультивация.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.Жерді ұтымды пайданалудың және қорғаудың құқықтық нормалары.
- •2. Халықаралық табиғи ресурстар.
- •Айнала табиғи ортаны қорғау обьектілерінің халықаралық классификациясы
- •3.Халықаралық құқық принциптері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Балқаш өңірінің экологиялық мәселелері.
- •3.Каспий маңының экологиялық мәселелері.
- •4.Семей аймағының экологиялық мәселелері.
- •Бақылау сұрақтары:
5. Судың өздігінен тазаруы. Су айналымы.
Су ресурстарының «мұхит – атмосфера – жер – мұхит» системасындағы айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi — өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс iстейдi. Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айналымымен байланысты. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы. Табиғаттағы сулардың өздігінен тазалануы заттардың алмасуы арқылы жүреді. Тұщы сулардың өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер және омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің тіршілік процесіндегі әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың міндеті – судағы осы тіршілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты ұстау болып табылады. Кез келген су айдыны өзіне ғана тән тірі организмдері, өсімдіктері жіне микроорганизмдері бар күрделі тіршілік жүйесі. Табиғи жағдайда суға бактериялар немесе химиялық қоспалар түсетін болса өздігінен тазалануы тез жүреді де су тазалығы бастапқы таза қалпына келеді. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км3 суы тазаланып отырады. Планктондар органикалық, минералдық заттектермен қатар суқоймаларын әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттектерді өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып, минералдандырып қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.
Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалық және химиялық факторлар да қатысады. Ластағыш заттектердің мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту және араластыруды жатқызуға болады. Мысалы, өзеннің қарқынды ағысы қалқыма заттектерді жақсылап араластырып, олардың концентрациясын төмендетеді. Өздігінен тазалану процестері жүргенде ерімейтін заттектер, олардың бетіне жабысқан бактериялар салмақ күшімен су қоймаларының түбіне біртіндеп тұнып отырады, кейін әртүрлі физикалық факторлар әсерінен тіршілігін жояды. Күшті ластанған, жаңа ағыс келіп құймайтын суларда өздігінен тазару процесі ешқашанда болмайды, сондықтан лас суларды таза сумен араластыру өте қажетті жағдайларға жатады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына түсетінбактериялар мен вирустардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы әсер тигізетін температуралық фактор. Температураның төмендеуі олардың ұзақ сақталуына жағдай туғызады. Мысалы, жылы жерлерде олар 200-300 м қалшақтыққа дейін жайылып жатса, солтүстікте 2000 км жерге дейін өлмей ағып жүре беруі мүмкін.
Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.