Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 8.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
508.42 Кб
Скачать

3.Халықаралық құқық принциптері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық ынтымақтастығы қызметі халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм конференциясы (1972 ж.), Әлемдік табиғат хартиясы мақұлдаған (1982 ж.) және Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио-де -Жанейро (1992 ж.).

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады:

1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың страсегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб – пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:

- айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;

- айнала ортаны басқару;

- көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даядлау;

Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері – жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.

2. Әлемдік табиғат хартиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың

экологиялық қызметінің басты бағыттарын анықтады, бұл мемлекеттердің экологиялық

саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ғалымдар мен мамандардың

зерттеулері бойынша әлемдік табиғат хартиясы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың халықаралық құқықтық принциптерін дамыту жолында ілгерілеушілікке қол жеткізеді. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:

  • адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде ұғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;

  • жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіке тірелмеу керек. Әрбір түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын,оған жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;

  • жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қорғау заңдылықтарына бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар – барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;

  • табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етушілікке жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша; биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дұрыс.

Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану нәтижесі , сондай – ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология – экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.

3.БҰҰ қоршаған орта және оны дамыту конференциясы (Рио-де-Жанейро 3 – 4 маусым 1992 ж.) Рио-де-Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бас қосты. Бұл ХХ ғасыр тарихындағы ең қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тарихи конференция болды.

Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:

  • деклаларация қоршаған орта және оның дамуы;

  • күн тәртібінде – ХХI ғасыр;

  • мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау және тұрақты дамудады басқару принциптері;

  • конвенция климаттық өзгеру проблемасы жөніндегі;

  • конвенция биологиялық түрлер туралы.

БҰҰ конвенциясының маңызды қол жеткен келесі факторларды қол жеткен келесі факторларды мойындауды мақұлдады:

  • қоршаған орта экономикалық даму проблемасы бір – бірімен бөлек қарастырылмайды;

  • жер экожүйесін тұтастығын тепе – теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік құрып қызмет жасауы тиіс;

  • әлем, айнала орманды қорғау және дамуы өзара байланысты және бөлінбейді;

Мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының экологиялық стратегиялық негізін жасауға тұрақты даму концепциясы ұсынды.

Конференцияда атап көрсетілді: тұрақты даму, оның мәнісі, экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу, оған ешқандай альтернатив жоқ екендігі.

Осы конференцияға қатысқан өздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму жолына түсуі тиіс. Адамдардың тіршілік ортасы барлық биосфера, біркелкі және тұтас жүйені құрайды, сондықтан да тұрақты экология – экономикалық қатынас тек барлық мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.