Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

Технеций, ашылу тарихы.

Технеций – Менделеевтың периодтық жүйесіндегі VII топта орналасқан радиоактивті химиялық элемент,атомдық номері 43, атомдық массасы 98, 9062. Тс-дің тұрақты изотоптары жоқ . Радиоактивті изотоптардан (20 шақты) 99Тс және 99mТс бастылары. 99mТс жартылай ыдырау периоды Т½ =6.04 сағат.

Алынуы: 99mТс радиоактивті қалдықтардан химиялық жолмен алады. Сонымен қатар технецийді келесі нуклидтердің бөлінуінен алуға болады: 232Th, 238U, 239Pu

Физикалық қасиеті: Металл күйіндегі технеций ұнтағы сұр түсті болады (Re, Mo, Pt ұқсас) ; Ал,кристалл күйіндегі Тс гексагональды тор түрінде кезедеседі ( а = 2.735Å, с = 4,391Å); жұқа қабаттылары (аз дегенде150 Å) кубтық торға ұқсас келеді(а = 3,68Å) . Тығыздығы (гексагональды тормен ) =11,487 г/см3; tбалқу 2200°С; tқайнау 4700 °С; салыстырмалы электркедергісі =69·10-6 Ом·см (100 °С); электрондық қабықшаның атом құрылысы Тс 4d55s2; атомдық радиусы 1,358Å; иондық радиусы Тс7+ 0,56Å.

Химиялық қасиеті.  Тс химиялық қасиеті бойынша Mn мен Re ұқсас.Жақсы зерттелген және тұрақты болып келетін технецийдің қышқыдануы +7 –ші дәрежесіде болады. Тезнеций оттегімен әрекеттескен кезде оксидтер түзеді Тс2О7 және ТсО2, хлор және фтормен - галогенидтер ТсХ6, TcX5, ТсХ4, кей кезде –оксигалогендерді де түзеді , мысалы ТсО3Х (мұнда X - галоген) .

Медицинада қолданылуы. 99mTc – радиофармпрепарат болып табылады.Ол бір фотонды-эмиссионды коппьютерлі томографияда (ОЭКТ, ОФЭКТ) жүрек қантамыр ауруларын емдеуде, ишемиялық диагностикада(ИБС) көп қолданылады. (инфаркт миокардында,инфаркттан кейінгі кардиосклерозда, ишемиялық кардиомиопатияда), сонымен қатар ЭКГ кезінде  — синхронизиронды томографияда қолданысқа ие.

99mТс әртүрлі радиофармпрепарат ретінде ішкі ағзаларды визуализациялау үшін, қалқанша безінің функционалдық жағдайын , яғни қалай жұмыс істейтінін қадағалап отыру үшін , сонымен қатар в қалқанша безінің, жүрек қантамырларының, сүйек және адам миындағы ісік ауруларының анық кескінін алуға мүмкіндік береді. Альбуминнің макроагрегаты диагностикада адам жеңіл инфаркт алған кезде қолданылады.

99mТс –ді γ-сәулеленудің көзі ретінде де қолданады . Технециймен жұмыс жасау өте зиян , сондықтан онымен жұмыс жасау барысында герметикалық аппараттарды қолданамыз.

Рұқсат етілген -99mТс – дің активтілігі102 Бк/г , ал жұмыс кезіндегі немесе ғимарат ішіндегі активтілігі 1*107 Бк.

Фтордың физикалық және химиялық қасиеттері.

Фтор (Fluorum), F — элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18,998; галогендер тобына жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы және жасанды жолмен алынған 5 радиоактивті изотопы бар. Фторды бос күйінде алғаш француз химигі А.Муассон алған (1886). Оның улылығы сондай — Фторды алумен айналысқан көптеген химик-ғалымдар (Г.Дэви, Т.Нокс, Д.Никлес, П.Луйэ) қаза тауып, ал А.Муассон мен Г.Нокс мүгедек болып қалған. Фтордың Жер қыртысындағы салмақ мөлшелері 6,25°10–2%, әр түрлі тау жыныстары мен тұзды құмдар құрамында шашыраңқы түрде кездеседі. Оның маңызды қосылыстарына: флюорит, криолит, топаз жатады. Фтордың ерігіш қосылыстары суда (өзен суында 0,00002%, мұхит суында 0,0001%), Са5(РО4)3F қосылысы организмдердің тісі мен сүйегінде (0,02%) болады. Қалыпты жағдайда Фтор солғын сары түсті, өткір иісті, улы газ, балқу t –219,61°С, қайнау t 188°С. Фтор молекуласы екі атомнан тұрады (F2). Тотығу дәрежесі –1, өте активті, қалыпты темп-раның өзінде көптеген элементтермен, оның ішінде азот және ауыр инертті газдармен (He, Ne, Ar-нан басқа) әрекеттесіп, фторидтер түзеді. Фтордың маңызды қосылысы фторсутек, судағы ерітіндісі фторсутек қышқылы деп аталады (қ. Фтор қосылыстары). Фтор органикалық заттармен әрекеттесіп, фтор-органикалық қосылыстар түзеді. Фторды балқытылған фторидтерін немесе фторлы сутекті электролиздеу арқылы алады. Ол фтор-органикалық қосылыс синтезінде фторлаушы реагент ретінде, т.б. пайдаланады. Фтор — өсімдіктер мен жануарлар организмінің тұрақты құрамдас бөлігі.

Фтор 18 Т= 109 мин. Фтордың ионы жұлынның жүйесін зерттеу үшінгі клиникалық радионуклид. Фтордеоксиглюкоза ПЭТ әдісінде неврологияда метоболизмді зерттеуге қолданылады

18F – 2-деокси-2-флюро-D-глюкоза (ФДГ) клеткаға тасымалдаушылардың (GLUUT-1-7) көмегімен енгізіледі. Ол әрбір фтордың молекуласына глюкозаның қос атомы байланысу арқылы түзіледі. ФДГ алу реакциясы:

H218O + 11p = 18F + 01n , және бұл кездегі энергия 511кЭв 18F + C6H12O6 = FDG

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]