Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

Пэт принципі.

Позитрон – оң зарядталған электрондар. Атом позитрониясын құрастыра отырып, позитрон атомның қасында орналасқан электронмен қосылады.Позитрония атомының ыдырауы кезінде электрон мен позитрон бір-біріне қарама-қарсы 180 градусқа бағытталған 511 кэВ энергиялы екі гамма – квантына массасын айналдыра отырып аннигиляцияланады. Берілген фотондар денеден оңай шығып кете алады. Позитронияның ұсақталуының нәтижесінде, детекторлармен тіркелген, бір-біріне қарама-қарсы бағыталған гамма-сәулелер сәйкестік сызықтар деп аталады. Сәйкестік сызықтар позитрондық томографияда томографикалық бейнелерді қалыптастыру үшін тіркеу схемасында қолданылады. Алынған бейнелер радиациондық өрістің интенсивтілігінде аномалияны анықтау мақсатымен арнайы әдістермен талдау жасалынады.

ПЭТ-тің физикалық негіздері

1931 жылы Ворбург қатерлі ісік ауруларының жасушалары 18есе глюкозаны көп қабылдайтынын анықтады. Позитрон жақын жатқан атом электронымен қосылып, позитрон атомын құрайды(яғни (+). Позитрон атомы ыдыраған кезде: позитронмен электрон аннигиляция процесіне ұшырайды. Бұл кезде 2гамма квант соқтығысып 511кэВ энегриямен 180гратуста бұрышпен бір –біріне қарама-қарсы бағытта ауытқиды.Сол кезде детекторлар сигналдарды тіркейді. Егер екі детектор бір уақытта сигналдарды тіркейтін бола, онда анигиляция сызығы қосқыш детекторларда орналасқаны. Әр сызық аннигиляция процесіне ұшыраған гамма кванттарды тіркейді. ПЭТ-тің басқа әдістерден айырмашылығы:Ол- адам организімінің ішкі құрылысының кескінін ғана беріп қоймай, сонымен қатар олардың функциясын, метаболизімін білуге болады. Сондықтан да ПЭТ көмегімен аурудың ең алғашқы сатысында-ақ анықтауға болады.

Радиоактивті нуклидтер и радиофармпрепараттар

Радиоактивті нуклидтер-ядросы тұрақты емес және радиоактивті ыдырауға ұшырайтын нуклидтер.

Радионуклидтік медициналық диагностика практикасында аса көп таралған келесі изотоптар: Йод (125I), Т= 60 күн. Таза γ-сәулеленудің көзі болып табылады. Жартылай ыдырау периоды көп болғандықтан, науқастың қан сарысуында анықталатын гормондарда ен, белгі қалдыру үшін қолданылады. Йод (131I), T= 8,1 күн, β-бөлшектер мен әр түрлі деңгейлі энергиялы γ-кванттар. Организмнің алмасу процесстерінде қатысады. Критикалық мүшесі ретінде қалқанша без (щитовидная железа) болып табылады (мұнда және келесілерінде критикалық мүше дегеніміз – сәулелену кезіндегі адамның не оның тұқымының денсаулығына аса қатты зиян келтіретін мүше, ұлпа, дене мүшелері. Ядролық медицинада 90% барлық терапевтикалық және диагностикалық процедураларда қолданылады, сондай-ақ, қалқанша бездің морфологиялық ерекшеліктері мен функционалдық жағдайын анықтауға болады. Бенгальская роза – 131I. препарат енгізілгеннен кейін бауыр жасушаларының қанынан жұтылады және өтпен бірге ішекке шығарылады. Критикалық мүшелері – бауыр мен өт қабы (желчный пузырь). Бауырдың гепатит, цирроз, ісік кезіндегі функционалды жағдайын зерттеу үшін қолданылады. Таллий (199Tl), T= 7,43 сағ, сақтау мерзімі 14 сағ, циклотронда өндіріледі, кардиологияда миокард инфарктісін және бас миының қан айналымын зерттеулерінде қолданылады. Технеций (99mTc), T= 6 сағ, дочерний нуклид 99Мо, β-ыдырау кезінде арнайы генераторда алынады, γ-кванттың 140 кэВ энергиясы болатын көзі болып табылады. 99мTc – фитон бауыр мен көкбауыр жасушаларында жиналады. Критикалық мүшелер: бауыр, көкбауыр және қызыл жілік майы. Бауыр циррозасында және зақымданған ошақты диагностика ретінде қолданылады.

Радиофармпрепараттар- бір немесе бірнеше радионуклидтан тұратын қолдануға дайын түрдегі диагностикалық немесе емдік заттар.

Радионуклидтерді таңдау критерийлері

  • Физикалық сипаттамасы б/ша жартылай ыдырау периоды қысқа болуы қажет;

  • Негізгі қажеттіліктерге тіркеуге ыңғайлы гамма сәулелерді жатқызамыз;

  • Биолгоиялық сипаттамаларына байланысты функцияның организмге әсерін білу;

  • Организмге енгізілетін РФПның құрамында радиоактивті заттар болмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]