Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

Жұмыс істеу принципі

Адам ағзасына құрамында жартылай ыдырау периоды аз радиоактивті изотоп негізіндегі РФП (радиофарм препарат) енгізіледі.Препарат адам ағзасында таралып,енгізілген радиоактивті изотоптың ыдырау салдарынан позитрон сәулелендіре (излучает позитроны) бастайды.Ал позитрондар электрондармен соқтығыса отырып,позитрон аннигиляциясын тудырады.Позитрон аннигиляциясы процесі кезінде қарама-қарсы бағытталған,511 Кэв энергиясмен екі γ-квант пайда болады,арнайы ПЭТ-сканер детекторлар көмегімен осындай γ-кванттардың пайда болуын тіркей отырып,оларды бейне ретінде интерпретациялай бастайды.

Қолданылатын негізгі радиофармпрепараттар: 18F-позитрондардың маңызды көзі болып табылатын нуклид.Пэт зерттеулеріне қажет фтордезоксиглюкоза (18F-FDG) радиофармпрепаратын маркерлейтін (белгілейтін) бөлшек ретінде қолданылады.F-18 – изотобын медицина саласында қолданудың басты себептерінің бірі : қысқа ыдырау периоды (адам ағзасына тигізетін зияны мейлінше аз) және анық бейне алуға мүмкіндік беретін қалыпты позитрон эмиссиясының болуында.

Бір фотонды компьютерлік томография

БФКТ-(ағыл. Single-photon emission computed tomographySPECT) эмиссиялық томографияның бір түрі. Және бұл радионуклидтердің организмде таралуының нәтижесінде томографиялық сурет алу мақсатындағы диагностикалық әдіс болып табылады.

Қолданылуы: кардиологияда, неврологияда,урологияда, бас миында ісіктің пайда болуы кезінде,сүт бездерінің асқынған ісіктерінің сцинтиграфиясы кезінде, бауыр ауруларында,сүйек сцинтиграфиясы

Қолданылатын негізгі радиофармпрепараттар:

  • Гамма-кванттардың көзі

  • Емделушіге жай әрі жағымды әсер береді.

  • Жартылай ыдырау периоды аз. Т=6,02 сағ

  • Гамма сәулелердің шығу көрсеткіші жоғары 90 %

  • Әлемде көп таралған.

Бор-нейтронды терапия-адам ағзасына қантамыр арқылы тек кана ісікке жиналатын бор немесе гадолиний бар радиофармпрепаратты енгізу арқылы жүргізілетін радиациондық терапия әдістерінің бірі.

Жұмыс істеу принципі

Бор нейтронды жұту нәтижесінде жасушада( клеткада) энергия көп мөлшерде бөлінуімен өтетін ядролық реакция болады.Энергияның коп бөлінуі салдарынан жасуша жойылады.Бор (нақтырақ, стабильды изотобы) нейтронды өте жақсы жұтады.

Бордың жылулық нейтронды жұту қимасы 3837 барн,ал басқа элементтердің нейтрон жұту қимасы-1 барн шамасында болады.нейтронды жұту нәтижесінде қозған күйдегі ядросы пайда болады.Ол өз кезегінде 10−12  секунд ішінде және өте үлкен энергиямен шашырайтын альфа бөлшекке ыдырайды.6% жағдайда олардық жалпы(жиынтық) энергиясы 2.5Мэв,ал 94% жағдайда 2.3Мэв,себебі 0.48Мэв энергия гамма квантымен шыгарылады.

Бұл зарядталған бөлшектер өте тез тежеледі.Литий ядросы 5 мкм қашықтықта,альфа бөлшектер 7мкм қашықтықта.Жасуша көлемі шамамен 10 мкм болғандықтан,80% ядролық реакциядан бөлінген энергия нейтронды жұтқан бор ядросы орналасқан жасушада болады.

Сәулелік зақымданулар. Әсердің молекулалық деңгейі.

Радиация өз табиғатынан адам өміріне қауіпті.Аз сәулеленудің өзі адам ағзасына айтарлықтай қауіп келтіруі мүмкін,мысалы рак немесе генетикалық зақымдануға әкелуі.Жоғарғы радиациялық доза жасушаларды бұзуға,ағза терілерін зақымдауға және ағзаның жақын уақытта өлуіне алып келуі мүмкін.Жоғарғы сәулелік дозаның әсерінен болған зақымдану әдетте бірнеше сағат немесе күн аралығында пайда болуы мүмкін.Рак ауруы,әдетте сәулеленгеннен кейін көп жылда пайда болуы мүмкін,яғни кем дегенде 1-2 онжылдықта.Генетикалық аппараттардың сақымдану салдарынан туа пайда болған аурудың дамуы және басқа да тұқым қуалайтын аурулар анықтама бойынша келесі немесе одан кейінгі ұрпақтарында,яғни балаларында,немерелерінде және одан да арғы ұрпақтарына берілуі мүмкін.

Тірі нәрселер сәулеленудің әсеріне әртүрлі әсер етеді,яғни қаншалықты әсер ететіні сәулелену дозасына байланысты.Мысалы:1.Шамамен 10 рад аз дозаның әсері; 2.Орташа дозаның әсер етуі,әдетте жоғарғы дозада әсер еткенде жоғары шектеу қоятын терапевтік мақсатта қолданады.Сәулелену әсер еткен кезде жәй енентін,ерте реакция,сонымен қатар кеш пайда болу рекцияларын бөліп көрсетуге болады.Сәулеленудің соңғы шешімі дозаның қуаттылығына,сәулеленудің әртүрлі шарттарына және әсіресе табиғи сәулеленуге тәуелді. Радиация адамның жынысына,жасына,ағзаның жағдайына,иммундық жүйесіне байланысты әртүрлі әсер етеді.Сәулелену кішкентай балдар мен жасөспірімдерге өте қатты әсер етеді.

Адам денесінің негізгі массасы 75% су болғандықтан,бастапқы процесстер көбінесе жасушалардың сумен сәулеленуінің жұтылуымен анықталады. Оттегінің болуына байланысты гидрототығушы бос радикал (H2O-) және сутек тотығы (H2O2) пайда болады. Су радиолизінің әсерінен организмде зат алмасу процессінің бұзылуына алып келетін қышқылды-сілтілі баланстың қозғалысы жүреді. Радиолиз өнімдері ақуызды молекулалармен активті реакцияға түсіп,уландырғыш әрекеттесулерді тудырады. Организм үшін өте қауіпті реакциялық әсерлесулер нәтижесінде биохимиялық реакция байланысы пайда болып,жасушалы мембраналардың бұзылуына алып келеді. Ол организм жүйесінің және өмір сүруге қажетті жеке функциялардың нашарлауына ықпалын тигізеді.

Дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласы (ДНК) екі спираль түріндегі жіптәріздес формада болады. ДНК жібінің сәулеленуі кезінде әртүрлі ДНК жіптерінің арасында сутекті көпір пайда болып иіріле бастайды,ол молекуланың спиральді құрылуының бұзылуына алып келеді. Молекулалық салмақ ДНК спиралінің радиусы сияқты сәулелену дозасының өлшеміне және қуаттылығына байланысты өзгереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]