Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

Барынша мүмкін және өліммен аяқталар дозалар.

Радиациондық қауіпсізідк нормалары ионизациондық сәулеленудің адамға тигізетін әсері бойынша келесі шарттарда таралады:

  • Сәулеленудің техногенді көздерін қалыпты эксплуатациялау кезінде

  • Радиациондық апат кезінде

  • Табиғи сәулелену көздері кезінде

  • Медициналық сәулелену кезінде

  • Радиоциондық қауіпсізідк нормалары негізгі дозалық шектерді орнатады.Негізгі дозалық шектерге жатады:эффективті доза,көз жанарының,терінің,буынның сәулеленуінің эквивалентті дозасы.Персоналдың немесе тұрғындардың сәулелену дозаларын бағалау кезінде сәулелену сипатын білі қажет.Жалпы сәулелену кезінде доза эффективті дозамен салыстырылады,ал аймақтық сәулелену кезінде дененің сәулеленген бөлігінің эквивалентті дозасымен салыстырылады.

Барынша мүмкін шекті дозалар кестесі.

2 бэр (20 мЗв) - ұйғарыңды шекті доза-Атомдық өнеркәсіп салаларында және ионизациондық сәулелену көздерімен жұмыс жасайтын адамдарға (А категориясы) арналған эквивалентті доза (1 жылға).Осындай жылдық дозада адам ағзасы 50 жыл тең мөлшерде сәулеленседе ешқандай денсаулыққа қауіпті өзгерістер байқалмайды.

0,5 бэр (5 мЗв) - шекті доза – Атом өнеркәсіп салаларының маңайында немесе санитарлық қорғаныс аймақтарында өмір сүретін адамдарға (Б категория) арналған ұйғарыңды жеке сәулеленудің эквивалентті дозасы.Осындай жылдық дозада адам ағзасы 70 жыл сәулеленседе денсаулыққа зиян әсерін тигізбейді.

0,05 бэр (0,5 мЗв) - Барлық халықтың ішкі және сыртқы сәулеленуінің жеке ұйғарыңды шекті дозасы.

10 бэр (0,1 Зв) - жыл бойына ұлпа және мүшелерде байқалатын өзгерістер көрінбейді.

75 бэр (0,75 Зв) - қандағы елеусіз өзгерістер.100 бэр (1Зв)-сәулелік аурудың төменгі шегі.

300-500 бэр (3-5 Зв) - сәулелік аурудың ауыр деңгейі,сәулеленген халықтың 50% көз жұмады.

Барлық жұмысшылардың табиғи сәулелену дозасы жылына 5 мЗв-тан аспау керек.Профилактикалық медицианалық тексерілу кезінде эффективті доза 1 мЗв-тан аспау керек.

Өліммен аяқталатын дозалар

3-5Гр - Жұлын миының зақымдануы салдарынан сәулеленгендердің 50% бір немесе екі ай ішінде көз жұмады.

10-50Гр - Ішкі қан құйылуы салдарынан(ішек-қарын трактісінде) бір немесе екі апта аралағында адам көз жұмады

100Гр - Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бір немесе екі сағат ішінде адам көз жұмады

Зарядталған бөлшектер үдеткіштері: сызықтық және циклдік.

Зарядталған бөлшектердің үдеткіші – жоғары энергиялы зарядталған бөолшектерді (элементар бөлшектер, иондар) алуға арналған құрылғылар тобы. Жұмыс істеу принципі зарядталған бөлшектердің электр және магнит өрістерімен байланысына негізделген. Атап айтсақ электр өрісі бөлшекке тікелей әсер ете алады, яғни оның энергиясын жоғарылатады, ал магнит өрісі Лоренц күшін арқылы, бөлшектің энергиясына әсер етпей оның траекториясын жасайды. Үдеткіштерді конструкәиялық құрылысына байланысты 2 үлкен топқа бөлуге болады: сызықтық және циклдық.

Сызықтық үдеткіштерде бөлшектердің шоғыры үдеткіш аймақты бір рет қана өтеді, ал циклдық үдеткіштерде үдететін аймақ тұйық қисық, яғни шеңбер болып келеді де, оны бөлшектердің шоғыры көп рет айналып өтіп, оте үлкен энергиялар алынады.Сызықтық үдеткіш немесе жоғары кернеулі күшейткіштің жасалуы қарапайым және жеңілірек. Бөлшектер тұрақты электр өрісімен удетіліп, жан жағынан удеткіш электродтар орналасқан түзусызықты вакуумдық камерамен қолғалады. Жоғары кернулі күшейткіштің басқаларға қарағанда ерекшелігі ПӘК-інің жоғары мәнге ие болуы (95%).

Циклдық үдеткіштер сызықтыққа қарағанда күрделі және аса жоғары энергиялы бөлшектер алуға негізделген құрылым. Циклдық үдеткіштердің циклотрон, бетатрон, микротрон, фазатрон, синхротрон және т.б. көптеген түрлері бар, бірақ олардың принциптары бірдей, тек бөлшектеріне қарай аз ғана айырмашылықтары бр, сондықтан циклдық үдеткіштердің негізгісі ретінде циклортонға тоқталып кетейік.

Циклотрон – ауыр иондардың (протондар, иондар) циклдық резонанстық үдеткіші.

Күшті электромагниттік өріс полюстарының арасына вакуумдық камера орналасады. Олардың ішінде металлдық жартыцилиндр немесе дуанттар (3) түріндегі екі электрод орналасқан. Дуанттарға айнымалы электр өрісі жалғанады (5). Электромагниттен шығатын магнит өрісі біртекті және дуанттарға перпендикулр орналасқан.

бөлшектердің айналу периоды

 айналу радиусы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]