Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_meditsina.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
176.92 Кб
Скачать

Радионуклидті диагностика үшін изотоптар мен радиофармпрепараттар.

Радионуклидтік медициналық диагностика практикасында аса көп таралған келесі изотоптар:

Йод (125I), Т= 60 күн. Таза γ-сәулеленудің көзі болып табылады. Жартылай ыдырау периоды көп болғандықтан, науқастың қан сарысуында анықталатын гормондарда ен, белгі қалдыру үшін қолданылады.

Йод (131I), T= 8,1 күн, β-бөлшектер мен әр түрлі деңгейлі энергиялы γ-кванттар. Организмнің алмасу процесстерінде қатысады. Критикалық мүшесі ретінде қалқанша без (щитовидная железа) болып табылады (мұнда және келесілерінде критикалық мүше дегеніміз – сәулелену кезіндегі адамның не оның тұқымының денсаулығына аса қатты зиян келтіретін мүше, ұлпа, дене мүшелері. Ядролық медицинада 90% барлық терапевтикалық және диагностикалық процедураларда қолданылады, сондай-ақ, қалқанша бездің морфологиялық ерекшеліктері мен функционалдық жағдайын анықтауға болады.

Бенгальская роза – 131I. препарат енгізілгеннен кейін бауыр жасушаларының қанынан жұтылады және өтпен бірге ішекке шығарылады. Критикалық мүшелері – бауыр мен өт қабы (желчный пузырь). Бауырдың гепатит, цирроз, ісік кезіндегі функционалды жағдайын зерттеу үшін қолданылады.

Таллий (199Tl), T= 7,43 сағ, сақтау мерзімі 14 сағ, циклотронда өндіріледі, кардиологияда миокард инфарктісін және бас миының қан айналымын зерттеулерінде қолданылады.

Технеций (99mTc), T= 6 сағ, дочерний нуклид 99Мо, β-ыдырау кезінде арнайы генераторда алынады, γ-кванттың 140 кэВ энергиясы болатын көзі болып табылады.

99МTc – фитон бауыр мен көкбауыр жасушаларында жиналады. Критикалық мүшелер: бауыр, көкбауыр және қызыл жілік майы. Бауыр циррозасында және зақымданған ошақты диагностика ретінде қолданылады.

Радионуклидті диагностикадағы дозалар.

Доза деп сәулеленетін затпен жұтылатын, иондалған сәуленің энергиясын айтады. Радионуклидті диагностикадағы дозаларды қарастырғанда алдымен радиацияның ішкі көздері үшін дозиметрлік үлгі (модель) құру керек.Ол үшін ең бірінші организмде екі анатомиялық топ құру қажет: дене ішінде радоиактивтілік орналасатын ‘көздер’ тобы және жұтылатын радиациялық доза есептелген, сәулелену астында орналасқан ағзалар мен терілерден тұратын ”нысана” тобы. Негізгі дозиметрлік өлшем ретінде нысана аумағындағы орташа жұтылатын дозаны алады.

мұндағы Е—ағзада (денеде) жұтылған радиация энергиясы, яғни сәулелену дозасы; m—дененің массасы. Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей (Гр) алынады.

Нысана аумағындағы орташа жұтылатын энергия сол нысана аумағында шығарылатын радиация табиғатына тәуелді. Бұл факторлар радионуклидтердің ерекше коэффиценттерін, яғни SE немесе эспецификалық энергия деп аталатын коэффицентерін ескереді.Кез келген радионуклид үшін , S ағза көзі , T ағза нысананың ерекше энергиясы былай анықталады: - i типінің сәулеленуінің шығысы, - i типінің сәулеленің жалғыз немесе орташа энергиясы, - S көзден шыққан энергия бөлігі , - t адам жасындағы нысана массасы.

Енді радинуклид енгізілген аумақтағы эквивалентті дозаны есептейік.Дозаның деңгейі организмнің әрбір аумағындағы радуонуклидтің мөлшеріне байланысты болып келеді.

(2)

- t жастағы S көзінің j радионуклидінің активтілігі, - Т аумақтағы жұтылған ерекше энергия , ал с - q және SE бірліктерінен тәуелді сандық тұрақты.

Сонымен ,радионуклидті диагностикада қысқа өмір сүретін радионуклидтер қолданылады. Және олардың қанша мөлшерде енгізілгені , жұтылғаны жоғарыдағы формулалармен есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]