Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Белл Даниел (1919 ж. туған) – Американың белгілі әлеуметтанушысы, постиндустриалды қоғам тұжырымдамасының және деидеализацияның жетекші авторларының бірі.

Бихевиорзим (ағылшынша behavior – мінез-құлық) - АҚШ-та кеңінен тараған және адамадардың сыртқы ортаның ықпалына таза физиологиялық реттегі түсіндірілген реакциясына адамдардың мінез-құлқын ӛзінің пәні санаған позитивистік әлеуметтану мен психологияның бірден-бір маңызды бағыты. Негізін салғандар – американдық психологтар Э.Торндайк пен Дж. Б. Уотсон.

Бюрократия – (фр. bureau – бюро, кеңсе және гр. kratos – билік) – 1. мемлекеттегі басқару әкімшілік жұмыстарымен, партиядағы және ӛзге де аппараттардағы басқарумен айналысатын және ұйымдық-саяси құрылымды қамтамасыз ететін және соған сәйкес биліктің ӛмір сүруін қамтамасыз ететін, шенеуніктік аппаратшылар, кең мағынада алғанда кеңсе қызметкерелері, кез келген мемлекетте болмай қалмайтын қызметкерлер жігі. 2. шенеуніктер мен бюрократтар аппаратының билігі.

В

Вебер Макс (1864-1920) – кӛрнекті неміс әлеуметтанушысы және әлеуметшіл философы, «түсінуші әлеуметтану» және әлеуметтік әрекет теориясын жасаушы, қазіргі әлеуметтану ғылымын негіздеушілердің бірі. Тұлға және оның мінез-құлқы М.Вебер әлеуметтануының негізгі мәселесі . Оларды зерттеу арқылы жалпы қоғамды және оның құрылымын, атап айтқанда, мемлекет пен дінді зерттеу керек деді М.Вебер.

Верификация (лат. veriticatio – растау) – әлеуметтануда әлеуметтік объектінің теориялық үлгісінің ақиқаттығын, оны шынайы тәжірибе мен эмпирикалық салыстыру жолымен тексеру. Верификация әсіресе әлеуметтану кӛземелін ғылыми пайымдауда ерекше маңызды.

Г

Гендерлік зерттеу – берілген мәдениет шеңберінде адамдардың мінезқұлқының ерекшеліктерін жынысына қарап, яғни әйелдерге және еркектерге бӛлінуін ғылыми ізденістің негізі етіп алған әлеуметтану зерттеуінің түрі.

Географиялық мектеп – географиялық саланы қоғамдық дамудың шешуші жағдайы мен алғышарты деп мойындайтын әлеуметтанудағы бағыттардың бірі.

Д

Дарендорф Ральф (1929 ж.т.) – немістің әлеуметтанушысы және саясаттанушысы, осы ғылымдардағы шиеленістану бағытының қазіргі заманғы ірі ӛкілі.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 161 бет Барлығы 164

Девианттық мінез-құлық немесе девиация – (лат. deviativ – ауытқу) –

адамдардың немесе олардың топтарының барша жұрт мойындайтын әлеуметтік әрекет пен мінез-құлық нормаларынан ауытқуы.

Е

Еңбек бӛлінісі – қоғамдағы дамудың маңызды қайнар кӛздерінің бірі болып табылатын тарихи дамушы еңбек әрекетінің жіктелуі.

Ж

Жұмысшы табы – тікелей ӛнімді еңбекпен айналысатын, меншіктің түрлі формаларындағы кәсіпорындарға жалданып жұмыс істейтін және ӛз жұмыс күшін қолданумен негізгі табыс табатын қоғамның бірден-бір басты табы.

З

Зиммел Георг (1858-1918) – неміс әлеуметтанушысы және философы, «формальды» әлеуметтануды жасаушы, әрі қазіргі әлеуметтанудың негізін салушылардың бірі.

И

Индустриалды қоғам – қоғам дамуының тарихи сатысы, оған жоғары деңгейдегі ӛнеркәсіп ӛндірісі, оны механикаландыру, дамыған еңбек бӛлінісі және оның мамандандырылуы, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін қолдану, әлеуметтік-саяси ӛмірді ұйымдастыруда ілгерілеу, икемділк және ашықтық тән.

Интеллигенция – адамдардың әлеуметтік тобы, негізінен жоғары мамандандырылған ой еңбегімен кәсіби айналысатын және ол үшін қажетті арнайы жоғары ілімі бар адамдар.

К

Конт Огюст (1798-1857) – француздың белгілі әлеуметтанушысы және философы, әлеуметтанудың дербес ӛз алдына ғылым ретінде негізін салушы. Позитивизм бағытының негізін салған ғалым.

Қ

Қоғамдық пікір – қоғамдық құбылыстар мен процестерге, жекелеген тұлғалардың, олардың топтарының, ұйымдарының б.б. қызметіне қоғамның

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 162 бет Барлығы 164

немесе оның бӛліктерінің жасырын немесе ашық түрдегі қатынасын бейнелейтін кӛпшілік сананың жай-күйі.

Қолданбалы әлеуметтану - әлеуметтану ғылымының саласы, іргелі әлеуметтану негізінде әлеуметтік ӛмірді оңтайландыру, ұйымдастыру және дамытудың тәжірибелік мәселелерін шешудің жолдарын, формалары мен әдістерін зерттейді соған сәйкес ұсыныстар, жоспарлар, болжамдар жасайды.

Құрылымдық функционализм - әлеуметтанудағы негізгі бағыттардың бірі, оның мәні қоғамды, оның құбылыстары мен процестерін әлеуметтік жүйе ретінде, ӛзінің құрылымын және әрқайсысы ӛз ролі мен функциясын атқаратын құрылымдық элементтердің ӛзара әрекет механизмін қарастыруға саяды.

М

Маргиналдар (лат. marginalis – шетте тұрған) – адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе шағын топтардың ӛкілдерінің жиынтығы, олардың санасы, мінез-құлқы мен мәртебесі, олардың түйісер жерінде, екі аралықта қалып ӛзара әрекет етуші әлеуметтік топтар немесе мәдениеттің біріне бейімделуі ұзаққа созылған ықылассыздығы немесе шорқақатығы тәрізді қайсыбір себептермен анықталады.

О

Отбасы – шағын әлеуметтік топ, ол некеге, қандас туыстыққа негізделген және тұрмыстың ортақтығымен, балалар тәрбиесі үшін ӛзара жауапкершілікпен, ӛзара кӛмек кӛрсетумен байланысқан.

Ӛ

Ӛркениет – 1. кең мағынада - қоғамдық дамуда тағылық кезеңді алмастыратын және жазудың пайда болуымен байланысқан деңгейі; 2. тар мағынада – бүгінгі дамыған елдердің қол жеткізген қоғамы, оның мәдениетінің даму деңгейі.

П

Парсонс Толкотт (1902-1979)кӛрнекті американ әлеуметтанушысы, П.С.Сорокиннің шәкірті, қазіргі әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық бағытты және әлеуметтік әрекет теориясын қалыптастырушы.

Постиндустриалды қоғам – адамзат қоғамы дамуының үшінші (аграрлық және индустриалдық қоғамнан кейінгі) сатысы.

Р

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 163 бет Барлығы 164

Ростоу Уолт Уитмер (1916 ж. т) - американың белгілі экономисі, әлеуметтанушысы және саяси қайраткері, индустриалдық қоғам, экономикалық даму сатысы теорияларының авторы.

С

Сорокин Питирим Александрович (1889-1968) - орыс-американ әлеуметтанушысы, ХХ ғасырдағы әлеуметтанулық ойдың классигі.

Социум - әлеуметтану ғылымының нысаны, яғни, әлеуметтік болмыс, тұтас жүйе ретінде ӛмір сүретін қоғам.

Т

Тұлға – адамның нақты мәнінің кӛрінісі, оның бойында сол қоғамның әлеуметтік маңызды белгілері мен сапалар жүйесі толығымен кӛрініс тауып жүзеге асады.

Ұ

Ұлт – адамдардың этноәлеуметтік қауымдастығының терихи формасы негізінде тауар-ақша қатынастарының шығуы мен дамуы дәуірінде пайда болып, осымен байланысты ол бір тілде сӛйлейтін халық орналасқан аумақ қалыптасуымен және ортақ тіл, мәдениет, психология, тарихи тағдыр, этникалық сана, салт-дәстүрімен сипатталады.

Э

Этнос (гректің etnos - халық) – ортақ тілмен, ӛзіндік мәдениетпен, тұрмыспен, салт-дәстүрмен, санамен біріккен, белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан адамдапрдың тұрақты әлеуметтік қауымдастығы. Этностың тарихи түрлеріне – тайпа, ұлыс, ұлт жатады.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 164 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]