Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Кӛшпелі қазақ елін отырықшылық ӛмірге, тек мал бағумен ғана емес, егін егіп, бау-бақша ӛсіруге шақырды. Дінді зерттеп, оған ӛзіндік үлес қосты. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітап жазып, онда ислам діні туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын да зерттеді. Зерттеу объектісіне Торғай облысының халқын алды.

Отырықшылықтың тиімділігін Ы.Алтынсарин оқу процесімен де байланыстырады. Отырықшылқ оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді. Ы.Алтынсарин отбасының мәселелеріне де кӛп кӛңіл бӛлді. Отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқаратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұлқыздарын атастыру, некелестіру салт-дәстүрі жанұяның тұрақтылығын сақтаудың, туыстық қатынастарды нығайтудың құралы деп сипаттайды. Қазақ халқында жеті-сегіз атаға дейін қыз алыспау салты әлеуметтік нормаға айналғанын кӛрсетеді. Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері отандық әлеуметтану ғылымы үшін маңызы зор деп есептеледі.

Абай Құнанбаевтың әлеуметтанулық кӛзқарастарынң қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық еңбектерімен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды.

Абай ӛз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселеллеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын билік, байлық, билік деңгейі айқындайтынын атап түсіндірді.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылым әлеуметтік жағдайларды жақсартудың бірден-бір құралы деп қарай отырп, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді.

Абай дінге қоғамдық институт ретінде қарады. Абай дін мәселесін ӛзінің ӛлеңдерінде, қара сӛздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды Абай адамды жанжақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Абай жек адам мен қоғам арасындағы ӛзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс ретінде қарады.

ХІХғасырдың аяқ шенінде ХХғасырдың бірінші жартысында ұлттықдемократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышпаев шықты. Олардың шығармалары қоғамдық ғылымда ӛшпес із қалдырды.

Олардың әлеуметтік-саяси кӛзқарастары Алаш қозғалысының жетекшілері А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аты аталған зиялылардың бәрінің

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 21 бет Барлығы 164

еңбектеріне сараптама жасамай-ақ А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың әлеуметтанулық кӛзқарастарына тоқталамыз.

А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында ӛзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» кӛсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саясиәлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының ӛршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси кӛзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды.

Ә. Бӛкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылытар шиеленісіп тұрған тұста шыққан ірі тұлға болды.Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, әлеуметтік-саяси мәні бар зор тұжырымдар жасайды.

1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бӛкейханов сонда алғашқыда статист қызметін атқарып, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.

Экспедициядағы жұмыс Ә.Бӛкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақтағы тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жете білуіне мүмкіндік жасады.

Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Символдық интеракционизм. Осы теорияның негізін салағн әлеуметтік философ Дж. Мидтің пікірі бойынша, саналы түрдегі «мен» әлеуметтік процестен шығады. Адамның әлеуметтендірілуі мен есеюі оның ролге ие болуы ретінде түсініледі.

Феноменологиялық әлеуметтану. Оның негізін салушы А.Щюц адамдар қоршаған ортамен байланыста болады, оны сезімнің кӛмегімен таниды деп пайымдайды.

Драматургиялық әлеуметтану. Бұл теорияны жасаушы Э.Гоффман адамдардың ӛзара әрекет ету ортасы – бұл ойын алаңы деп есептеді.

Этнометодология. Г.Гарфинкель ӛзара әрекетке түсе отырып, әрбір индивидтің осы нақты ӛзара әрекет қандай болатындығы және қалай жүретіндігі жӛнінде түсініктері болады деп топшылады.

1.Қазақстанда әлеуметтанымдық ойдың дамуы. Мақалалар жинағы. Алматы, 1998.

2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007. 3. Социологиялық сӛздік. Алматы: Қазақ университеті, 2004, 2008.

4. Современнная западная социология. Словарь. М., 1990.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 22 бет Барлығы 164

№ 4 дәріс.

Тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Жоспары:

1.Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.

2.Қоғамның даму сатылары.

3.Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.

Қоғам дегеніміз не, оның адам ӛміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады.

Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан.

Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақылойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.

Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.ӛмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2.ӛзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3.ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ӛзін-ӛзі басқарып отыруы, ӛзін-ӛзі ӛсіріп отыруы және тб.

4.әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.

Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара байланыстары мен ӛзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол ӛзін-ӛзі реттеумен, ӛзін-ӛзі дамытумен, ӛзін-ӛзі толықтырумен және ӛндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.

Қоғам адамдардың ӛзара әрекетінің жемісі екендігін ӛткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл ӛзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 23 бет Барлығы 164

Вебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің ӛнімі болып табылатын, адамдардың ӛзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда ӛзін-ӛзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын ӛзара әрекеттер жүйесі.

Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара әркеттердің жүйесі.

Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.

Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы ӛндіріс дамуының нәтижесі, ал ӛндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.

Қоғамның даму сатылары.

Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.

Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы кӛсемшілік қоғам.

Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.

Тӛртінші саты - неолиттік революция.

Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы. Алтыншы саты - аграрлық қоғам.

Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.

Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі,

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 24 бет Барлығы 164

индустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қвземттерді атқарады: материалдық игіліктерді ӛндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек ӛнімдерін бӛлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.

Әдебиеттер:

1.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Экономика,

2004.

2.Садырова М.С., Мәуілшәріп М., Әженов М.С. және т.б. Социология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2003.

3.Аберкромби Н., Хилл., Тернер С. Социологический словарьпер с анг. Казань, 1997.

4.Волков Ю. Г., Мостовая И.В. Социология в вопросах и ответах: Учеб.пособие. М., 2007.

5.Комозин А.Н., Кравченко А.Н. Популярная социология. М., 2002.

5 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтік институттар және процестер. Жоспары:

Әлеуметтік иснтитуттар

1.Әлеуметтік институт ұғымы. Қоғамдық ӛмірдің институттандырылуы.

2.Әлеуметтік ниституттардың түрлері және атқаратын қызметтері.

3.Әлеуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процестің түрлері.

Әлеуметтік институт ұғымы. Қоғамдық ӛмірдің институттандырылуы.

Қоғамдық ӛмірді реттеудің негізгі элементі әлеуметтік институттар болып табылады. «Институт» деген ұғым әлеуметтануға юриспруденциядан енген. Бұл ұғым әлеуметтануда әлеуметтік байланыстар мен субъектілердің мінез-құлқын әлеуметтік реттеудің әр түрлі ұйымдасқан формаларын тұрақты түрде тәртіптендірудің ерекше типін білдіру тұрғысында одан да кеңірек түсіндіріледі.

Institutum сӛзі латын тілінен аударғанда – белгілеу, орнату, мекеме дегенді білдіреді. Әлеуметтану ғылымында «әлеуметтік институт» деген ұғымды алғаш қолданған Г.Спенсер болды. Әлеуметтік институттардың дамуын айқындаушы фактор деп ол тіршілік үшін кӛршілес қауымдастықтармен және қоршаған табиғи ортамен күресуді есептеді. Спенсердің пікірі бойынша, кез келген әлеуметтік институт белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Ал, Э.Дюркгейм әлеуметтік институттарды адамның ӛзін-ӛзі жүзеге асыруының маңызды құралы ретінде қарастырды. Ол еңбек

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 25 бет Барлығы 164

бӛлінісі жағдайында ынтымақтастықты қолдайтын ерекше институттар құру керектігі жӛнінде айтты. Әлеуметтік институттарды зерттеуге елеулі үлес қосқан тағы бір ғалым К.Маркс болды. Ол еңбек бӛлінісі, туыстық құрылым институттарын, жеке меншік институттарын қарастырды. Институционализм бағытының (саяси экономияда) негізін салушы американ экономисі, әлеуметтанушысы, публицист, футуролог, философия ғылымдарының докторы (АҚШ-тағы Корнель, Чикаго, Стэнфорд, Миссури университеттерінде әр жылдарда сабақ берген, Нъю-Йорктегі әлеуметтік зерттеулердің Жаңа мектебінің негізін салушылардың бірі болған) Торстейн Бунде Веблен (1857-1929) болды. Ол ӛзінің «Парықсыз тап теориясы»

(«Теория праздного класса») атты еңбегінде алғаш рет әлеуметтік институт ұғымына жан-жақты анықтама берді.

Сонымен, әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік институттар белгілі бір ұйымдасқан құрылыммен байланысты нормалардың, жарлықтар мен талаптардың жиынтығы, ол арқылы қоғам қоғамдық ӛмірдің маңызды салаларында адамдардың қызметін бақылайды және реттейді. Әлеуметтік институттар болып табылатындар мыналар: меншік, мемлекет, саяси партиялар, отбасы, мешіт, шіркеу, еңбек ұйымдары, білім мен тәрбие беру мекемелері, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, әскер және т.б. Әлеуметтік институттар ӛздерінің міндеттерін қоғамдық қызметті, байланыстар мен қатынастарды тәртіпке салу, стандарттау мен формальдандыру есебінен орындайды. Бұл тәртіп орнату, стандарттау мен формальдандыру процесі институттандыру (институционализация) деп аталады. Инститтандыру дегеніміз, басқаша айтқанда әлеуметтік институттың қалыптасу процесі.

Әлеуметтік институттардың түрлері және атқаратын қызметтері

Әлеуметтік институттар бір-бірінен ӛздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді:

1.Экономикалық-әлеуметтік институттар – меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық ӛмірді әлеуметтік ӛмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты ӛндіру мен бӛлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді.

2.Саяси институттар – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды кӛздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды.

3.Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен ӛндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтікмәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 26 бет Барлығы 164

және сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын ӛздерінің алдына мақсат етіп қояды.

4.Нормативті-бағыттаушы институттар – индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-ӛнегелік және этикалық негіздерді енгізу.

5.Нормативті-санкциялаушы институттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінезқұлықты қоғамдық-әлеуметтік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі.

6.Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар. Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді.

Әлеуметтік институттардың негізгі бес қызметін бӛліп кӛрсеткен жӛн. Олар:

1.Байланыстар мен қатынастарды айқындау, нығайту (бекіту) және ұдайы ӛндіру қызметі. Әрбір институт ӛзінің мүшелерінің мінез-құлқын бекітетін, стандарттайтын мінез-құлықтың нормалары мен үлгілерінің, құндылықтардың жүйесін жасайды. Сол институттың шеңберінде белгілі бір әлеуметтік бақылау жасалынады, ол сол институттың әрбір мүшесінің қызметі, байланыстары мен қатынастары орын алатын шеңберлер мен тәртіпті қамтамасыз етеді.

2.Келесі қызметі – реттеушілік қызмет. Бұл жоғарыда аталған қызметімен тығыз байланысты. Бұл қызметі арқылы әлеуметтік институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасау жолымен қоғамның мүшелерінің арасындағы ӛзара қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл функция қоғамның барлық мүшелерін қамтиды.

3.Біріктірушілік қызметі институционалдық нормалардың, ережелердің, санкциялар мен рольдер жүйесінің ықпалымен болып жатқан әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың топтасу, ӛзара тәуелділік және ӛзара жауапкершілік процестерін қамтиды.

4.Коммуникативтік қызмет жеке ӛзара әрекет пен ақпарат алмасудың негізінде іске асырылады. Институт мүшелерінің коммуникативтік байланыстарының ӛзіндік ерекшелігі бар. Бұл институттандырылған рольдер жүйесі арқылы іске асырылатын формальданған байланыстар.

5. Тасымалдаушы (трансляциялау) қызметі әлеуметтік тәжірибенің тәртібінде кӛрініс береді. Әрбір институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін меңгеру негізінде индивидтің әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін белгілі бір механизмдерге иелік етеді.

Міне, осы жоғарыда атап кӛрсетілген әлеуметтік институттардың айқын қызметтерімен қатар жасырын, латентті қызметтері де бар. Бұлар әлеуметтік институттардың қызмет етуінің қосымша, жанама нәтижелері. Мәселен, әлеуметтік институттар туралы ілімнің негізін салушылардың бірі Торстейн

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 27 бет Барлығы 164

кооперациялар, амальгамизация.

Веблен экономикалық институттың қызметі – азық-түлікпен, баспанамен және т.б.-мен қамтамасыз етілудегі ӛмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұтынатын заттарды ӛндіру екендігін кӛрсетіп берді. Бірақ, аталмыш институттың қызмет етуінің нәтижесінде ӛндірілген материалдық игіліктер атақ-абыройға деген қажеттілікті де қанағаттандыра алады.

Әлеуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процестің түрлері.

Әлеуметтік процесс – бұл адамдардың мінез-құлқының ӛзара байланысқан әрекеті, соның нәтижесінде ӛзгерістер іске асырылады. Кӛптеген басқа әлеуметтік әрекеттерден бӛліп кӛрсетуге болатын бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы әлеуметтік процесс деп аталады.

Қоғамда әр түрлі ӛлшемдері бар кӛптеген әлеуметтік процестер орын алып жатады. Кӛбіне оларды тӛрт түрге бӛледі: мақсатты, стихиялы, материалдық, рухани. Қандай әлеуметтік процесс болатындығына қарамастан, олардан туындайтын ӛзгерістерді үлкен үш топқа бӛлуге болады:

табиғаттағы ӛзгеріс, адамның ӛзі жасайтын ӛзгеріс, қоғамдағы ӛзгеріс.

Алуан түрлі әлеуметтік процестердің ішінен ортақ беліглері бар процестерді Р. Парк пен Э. Берджес топтастырып берді. Соған сәйкес мынандай әлеуметтік процестің мынандай типтерін бӛліп кӛрсетуге болады:

бәсекелестік, бейімделу, шиеленіс, ассимиляция,

Әдебиеттер:

1.Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М., 2006.

2.Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология. М., 2009. Бабосов Е.М. Социология в тестах. Хрестоматия: учеб. пособие для студентов. М., 2003.

3.Кравченко А.И Социология. М., 2007.

6 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Жоспары:

1.Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары.

2.Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымының дамуы мәселелері.

Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда кӛптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, яғни оның құрастырушы заттарын, процестерін нақты ӛмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 28 бет Барлығы 164

құрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз.

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі немесе тең еместігі) болып болып бӛлінеді.

Әлеуметтік құрылым қоғамдық қатынастардың осы екінші түріне жатады. Қоғам ӛз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бӛлінеді. Олардың бәрі бір-біріне ӛзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана ӛмір сүреді және қоғамда ӛздерін кӛрсете алады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:

1.қоғамдық еңбек бӛлінісі мен ӛндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;

2.қала мен ауыл адамдары;

3.ой және дене еңбегінің ӛкілдері;

4.әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)

5.ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар). Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те

анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған қызметінің нәтижесін әділ бӛлмеу процесінен барып теңсіздік пайда болады.

Сонымен, қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б жіктелуі әлеуметтануда әлеуметтік стратификация деген терминмен сипатталады (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын атайды).

Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан тӛмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен кӛрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады.

Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда тӛменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда кӛтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне ӛтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды.

Стратификация теориясының құрамдас бӛлігі - әлеуметтік мобильдік теориясы.

Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 29 бет Барлығы 164

Әлеуметтік мобильдік әлеуметтанулық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы ӛзгерісін бейнелейді. Әлеуметтік мобильдік дегеніміз – адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының ӛзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобильдік категориясын 1927 жылы әлеуметтануға орыс-американ ғалымы П.Сорокин енгізді. Әлеуметтік мобильдік түсінігін талдаудың методологиялық теориясы және әлеуметтанудағы әлеуметтік-құрылымдық бағыт болып есептеледі. П. Сорокин әлеуметтануда алғаш рет әлеуметтік мобиьдік түсінігінің анықтамасын жасап, оны зерттеу принциптерін негіздеді. Осы проблемаға байланысты ол «Әлеуметтік мобильдік» деп аталатын еңбек жазды. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және

вертикальды деп екіге бӛлді.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуында негізгі екі тенденция байқалады. Оның біріншісіне қоғамның белсенді түрді әлеуметтік тұрғыда жіктелу процесі, халықтың жаңа әлеуметтік топтары мен қабаттарының пайда болуы жатады. Екінші тенденция – бұл бүкіл дүниежүзінде жүріп жатқан экономикадағы интеграция процесі, ол қоғамның әлеуметтік құрылымына сӛзсіз әсер етеді.

Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы пирамида түріндегі геометриялық фигураға ұқсас. Келешек даму барысында осы сипаттағы әлеуметтік құрылым дамыған елдердегі тәрізді ромба түріндегі геометриялық фигураға ұқсауы тиіс. Келешек қоғам орта таптың қоғамы болуы тиіс.

Әдебиеттер:

1.История социологии в Западной Европе и США. - М., 1999.

2.П. Сорокин. Человек. Цивилизация. Общество. - М., 1992.

3.Аитов Н. А Социальная структура населения стран СНГ. - Уфа,1995.

4.Аженов М. С., Бейсенбаев Д. Социальная стратификация В Республике Казахстан. – Алматы, 1998.

5.Сагадиев К. А., Бектурганова Б. И. Средий класс – «тест» на современность. История. Теория. Статистика. – Алматы АСиП, 1998.

6.Тощенко Ж. Т. Социология. Учебник. - М., 2005.

7.Радугин А. А., Радугин К. А. Социология. Курс лекции. - М., 2006.

8.Әбсаттаров Р., Дәкенов М Әлеуметтану. Оқу құралы. – Алматы, 2007.

9.Әженов М. С., Садырова М. С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Оқу құралы. – Алматы «Қазақ университеті» 2002.

№ 7 дәріс.

Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамасы. Жоспары:

1.Адамның биологиялық пен әлеуметтік жағдайы.Тұлғаәлеуметтік ӛмірдің обьектісі мен субьектісі.

ФКазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

30 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]