Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рӛлі және тұлғаның әлеуметтенуі.

Адамның биологиялық пен әлеуметтік жағдайы. Тұлға - әлеуметтік ӛмірдің обьектісі мен субьектісі.

Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғы шарты және субьектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды ӛзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеру және т.б. Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға ӛтудің жағдайы болып саналады.

Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңнілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және ӛледі. Уақыт ішінде ӛмір сүрубұл біздің қоғам азаматы ретінде болмысымыз.

Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:

-табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның ӛзінде болатын және дамитын жағдайлар;

-биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

-тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және дамитын факторлар, бұл биологиялық (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);

-әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және ӛзара іс-әрект арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер.

Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың обьектісі және субьектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың ӛнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады. Адам-жалпының, ерекшеліктің және жеке ӛзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық ,«ерекшелік » дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал«жеке ӛзіндік» дегеніміз ӛмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде ӛмір сүруде. Нақтылы адамдар ӛмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды. Адамзаттың жекелеген ӛкілдерінің ӛмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз бұл-

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 31 бет Барлығы 164

халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке ӛкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Тұлға дегеніміз бұл - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық кӛрініс табады.

Әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы ӛзара қимыл-әрекеттер мен ӛзара байланыстар үш элементтен құралады: 1)Тұлғаның іздену элементі; 2)Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретінде тұғаның ӛзін ұқсастыру процесінің үш түрі бар.1) Ойдан шығарылған адамға ӛзін ұқсату; 2)Ӛзін белгілі бір әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық т.б.); 3) Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен ӛзін соларға қосу.

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рӛлі және тұлғаның әлеуметтенуі.

Әрбір тұлға белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бӛледі.

Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың ӛкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт,жыныс, жас мӛлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары,туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.

Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипытын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін,саяси ықпалын,партияға мүшелігін,ұлтын, дінін, жас мӛлшерін,отбасылық жағдайын және т.б. қамтиды. Бұларды Р.Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе ӛз кезегінде адамның ӛмірге келген сәтінен белгіленген, яғни субьектіден тәуелсіз туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің ӛз күшімен жеткен мәртебесі болып бӛлінеді.

Тұлғаның рӛлдік тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 30жж. Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдамада әр түрлі әлеуметтану ағымдарында,әсіресе құрылымдықфункциялық сараптау ағымында кеңінен тарады.Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рӛлдердің кӛптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды,бұл рӛлдер қоғамдағы кез-келген индивидтерге тән.

Әлеуметтік рӛл - бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық қатынастағы тұлғаның обьективті берілген әлеуметтік ұстанымы.

Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік ӛзара

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 32 бет Барлығы 164

әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді.

Әлеуметтендіру - ауқымды және қүрделі процесс.Ол ӛзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік обьектісі және субьектісі тұрақты, адамның үздіксіз және қарқынды ӛзара әрекеті. Әлеуметтендірудің екі түрі бар.Бірінші әлеуметтендіру адамға ӛзін тікелей қоршаған ортаның,алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туғантуыстардың, достардың, оқу және еңбек ұжымдарының, жұмыстағы тікелей басшылардың жәнет.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар, құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, кӛбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Адам ӛмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің ӛзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі ӛз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасӛспірім, есейген, қартайған щақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Әдебиеттер:

1.Артемьев А.И. Тұлға социологиясы. Алматы: «Бастау», 2003.

2.Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағамбетова З.Н Социология. Алматы,

2005.

3.Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1995.

4.Андрущенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харковь, 1996.

5.Исаев Б.А. Социология. Питер, 2008.

6.Тощенко Ж.Т. Социология. Учебник. Третье изд. М., 2005.

7.Лавриненко В. Н. Социология. М., 2008.

8 Дәріс.

Тақырыбы: Ауытқыған мінез-құлық және әлеуметтік бақылау. Жоспары:

Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануы және әлеуметтік бақылау.

1.Девиация ұғымы және мәні.

2.Девианттық мінез-құлықтың себептері мен түрлері.

3.Әлеуметтік бақылау.

Девиация ұғымы және мәні.

Кез-келген қоғамның бүкіл ӛмірі дерлік ауытқушылықтың болуымен сипатталады. Әлеуметтік ауытқу, яғни, девиация кез-келген әлеуметтік жүйеде болады. Сондықтан мұндай ауытқулардың себептерін таба білу, олардың әр түрлі жағымсыз формаларын болдырмаудың жолдарын табу қазіргі заманғы кез-келген адамға тән болуы тиіс. Девиация (әлеуметтік ауытқу) дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан нормаларға немесе

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 33 бет Барлығы 164

мойындалған шаблондарға және мінез-құлық стандарттарына жауап бермейтін адамдардың, әлеуметтік топтардың қылықтары, жүріс-тұрыстары.

Ауытқыған мінез-құлық тұжырымдамасының пайда болуы француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгеймнің есімімен байланысты. Ол ӛзінің бүкіл қызметі барысында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктің себептерін айқындауға айрықша кӛңіл бӛлді. Әлеуметтік интеграция қай кезде болады, яғни қоғамның мүшелері немесе әлеуметтік топтар ондағы ӛмір сүріп тұрған нормаларға ерекше мән бергенде, ӛздерінің ӛмірлерінде осы нормаларды басшылыққа алғанда әлеуметтік бірігу орын алады. Егер индивид жалпы (ортақ) нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады, яғни, бұл дегеніміз – қоғамның мүшелерінің айтарлықтай бӛлігі ӛздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жӛнінде біле тұрып, оларға бей-жай, қалай болса солай қарайтын қоғамның жай-күйі. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік құрылымының күрт ӛзгеруімен, мысалы, күтпеген жерден экономиканың ӛрлеуімен немесе оның дағдарысқа ұшырауымен байланысты орын алуы мүмкін.

Әлеуметтік ауытқулар жеке (индивидуальном) деңгейде де, бұқаралық (массовом) деңгейде де қарастырылады.

Жеке деңгейде белгілі бір адамның нақты іс-қылығы (не болмаса ұжымның қызметінің актісі, халықаралық қатынастардағы мемлекеттік акциялар) қарастырылады; бұқаралық деңгейде - әлеуметтік нормалардың бұзылу жүйесі түріндегі актілердің жиынтығы қарастырылады.

Әлеуметтік нормалардан индивидуалдық ауытқудың құрылымын қарастыра отырып, ең алдымен мынаны атап кӛрсеткен жӛн: егер де әлеуметтік норманы іс-қылықтардың эталоны деп қабылдайтын болсақ, онда бұл эталоннан ауытқу әр түрлі бағыттарда жүруі тиіс. Адамдардың ісқылығы (поступок) объективті және субъективті белгілер бойынша, мақсаттары мен мотивтері, тікелей және жанама нәтижелері бойынша әлеуметтік нормаға жауап бере алмайды. Ол жаңашыл немесе консервативті, пайдалы немесе зиянды, кездейсоқ немесе әдеттегідей және т.б. болуы мүмкін.

Ал бұқаралық құбылыс деңгейінде әлеуметтік ауытқу қоғамдық ӛмірдің элементі ретінде, оның тілекке сай емес әлеуметтік процесі ретінде кӛрініс береді.

Девиацияның неғұрлым жарқын мысалдары – адамзатқа тән емес, әрдайым айыптаушылықты тудыратын қылықтар – мысалы, адам ӛлтіру, адам зорлау сияқты. Алайда тек осының негізінде ғана девиацияға нақты анықтама беру қиын. Ӛйткені, тіпті адам ӛлтірудің ӛзін ақтап алатын кезедер болады, мысалы, соғыс уақытында. Сонымен қатар, девианттық мінезқұлықтың деңгейін айқындайтын жағдайлардың да уақыт ӛткенсайын ӛзгеріп отыратындығын айта кеткен жӛн, мысалы қазіргі кезде ХХ ғасырдың бас кезіндегіге қарағанда шылым шегушілерге деген қарым-қатынас нашақорлықпен ұқсастырылады.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 34 бет Барлығы 164

Девиацияны айқындаудағы екінші тағы бір проблема мінез-құлықтың күтілетін тұстарының екі ұштылығымен (анық еместігімен, белгісіздігімен) байланысты. Кейде бұл қағида мүлдем түсініксіз болып кӛрінеді. Айталық, кӛшені абайсызда кесіп ӛту әрқашан девиация болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бір жағынан бұған заңмен тиым салынған, ал екінші жағынан бұл жағдай кеңінен таралған. Яғни, әзірге кӛліктердің жұмысы бұзылып немесе бұдан біреу зардап шеккенге дейін бұл жағдай жартылай легальды деп есептеледі.

Ауытқыған мінез-құлықтың себептері мен түрлері.

Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай кӛзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер тӛмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: тӛменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің ӛкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жӛнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жӛніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады.

Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен кӛптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд «ӛзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, ӛздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды.

Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар. Мысалы, ӛзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл кӛбіне ӛзіне-ӛзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның кӛптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарамақайшылыққа ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған жерде туындайды.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 35 бет Барлығы 164

Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін кӛрсетеді, оларды бӛліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бӛлінуі. Соған байланысты жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. болып бӛлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бӛлуге болады. Мінез-құлықтың кӛптеген түрлері белгілі бір елдегі ӛмір сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-ӛнегенің, әдетғұрыптардың бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты.

Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бӛлінеді. а) экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдынала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның ӛз-ӛзіне бағытталған мінез-құлық – ішімдік ішу, алкоголизм, ӛзін-ӛзі ӛлтіру, нашақорлық және басқасы).

Әлеуметтік бақылау.

Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметіне әлеуметтік бақылау жасау ӛмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік бақылау деп әлеуметтік жүйенің ӛзін-ӛзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың ӛзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.

Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің ӛзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде кӛрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жӛнге келтіру.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 36 бет Барлығы 164

Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.

Әдебиеттер:

1.Гофман А.Б. Семь лекции по истории социологии. М., 2008.

2.Асмолов А.Г. Психология личности. М., 1995.

3.Джаманбалаева Ш.Е. Проблемы наркотизации и алкоголизации в республике // Социологичесике исследование, 1998. № 3.

4.Кудрявцев В.Н. Социальные деформации. Причины, механизмы и пути преодоления. М., 1992.

5.Кравченко А.И Социология. М., 2007.

№ 9 дәріс.

Тақырыбы: Білім әлеуметтануы. Жоспары:

1.Білім әлеуметтануының обьектісі мен пәні. Оқу социомәдени әрекет ретінде.

2.Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің құрылымы.

Білім әлеуметтануының обьектісі мен пәні. Оқу социомәдени әрекет ретінде.

Қазіргі ӛркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға кӛмек кӛрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, ӛмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам ӛмірінің ӛзге де салаларымен ӛзара әрекеттерін зерттейді.

Білім әлеуметтануының обьектісі қызметін білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Ал осы саланың пәні жӛніндегі анықтама белгілі бір пікір тартыстарын туғызады.

Оқу адам ӛмірінің үлкен кезеңін қамтиды, оның жемісті шығармашылық жылдарын алып қояды. Орта деңгейлі кәсіби мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Оқу - адамның білім саласындағы негізгі әректінің түрі. Оқушының бүгінгісімен ертеңі, білім

саласындағы әрекеттердің

барлық

факторлары, түптеп келгенде, оқу

қызметінің мазмұны мен анықталады.

Әдебиеттерді оқу процесін белгілеу

үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылым, білім және

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 37 бет Барлығы 164

т.б. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу»түсінігі алынған. Оқу термині басқа да мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана қоймай, белгілі бір білім жүйесін(ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін кӛрнекті психолог С.Л.Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді.Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, синтез, абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бӛлгіш» ретіндегі қорытындылау қызметін атқарады. Әлеуметтік ӛмірде оқу 1) адамның мадениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық кезеңі; 2) оқудың фунциялары субьектіде қызметтің мәдени механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген қызмет болып табылады; 3) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады;

Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің құрылымы.

Мектеп - қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның ӛзіне тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен оқушылардың арасында белгілі бір ӛзара қарым-қатынасты бекіткен және солардан туындайтын басқа адамдармен ӛзара қарым-қатынастарды бекіткен. Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір деңгейде нақты міндеттерді атқаруға дайындау. Оқытудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптық, кӛп тәртіптілік дайындық ерекшелейді.

Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын кӛрсетіп, олардың ӛзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық ӛмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу обьектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді.

Білім беруде келесі функциональді жүйешелерді бӛліп кӛрсетуге болады:

-әр деңгейдегі басқару және үйлестіру;

-қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі;

-қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін дайындауға жауапты жүйе;

-мамандар дайындау және олардың біліиін кӛтеру жүйесі;

-оқу-тәрбие қызметінің жүйесі;

-әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету,рекреация жүйесі;

-әлеуметтік-мәдени даму жүйесі;

-білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер.

Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі ӛз алдына жеке құрылымды кӛрсетеді. Алайда олар ӛз кезегінде бірнеше негіздер бойынша құрылымданады:

-білім беру деңгейі бойынша;

-стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты бойынша;

ФКазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

38 бет Барлығы 164

-меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомствалары бойынша;

-мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша; -білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша;

-білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша;

-білім дамуының типі бойынша;

-«нормальды» және балама; Білім берудің негізгі функциональдық салаларына жататындар:

-ӛз бетінше білімін кӛтеру және білім беру;

-кӛпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

-интеллектуалдық, гуманитарлық, политехникалық, жаратылыстану ғылымдары, физикалық;

-іргелі-ғылыми және қолданбалы білім.

Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік ӛзгерістер себепші болды. Мұндай

жіктелудің

негізделуін

щетелдік әлеуметтанушылар кӛбінесе жекелеген

топтардан:

орта мектепті бітірумілерден, студенттерден, мұғалімдерден

іздестіруде.

Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның

негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан

әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана

емес, сонымен қатар

білім

жүйесінің ӛзіндік құрылымының

ерекшеліктерімен де байланысты болады.

Әдебиеттер:

1.Қалдыбаева Т.Ж. Білім социологиясы. Алматы, 1997.

2.Тощенко Ж.Т. Социология. Учебник. Третье изд. М., 2005.

3.Сәрсенова Ж.Н., Тәңірбергенқызы Г. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы:

РБК, 2000.

4.«Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы». Егемен Қазақстан. 1992. 6 наурыз.

5.Онищук В.А. Урок в современной школе. М., 1991.

6.Козлова С.А., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М., 2000.

№ 10 дәріс.

Тақырыбы: Саясат әлеуметтануы. Жоспары:

1.Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.

2.Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар.

Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.

Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның ӛз алдына жеке ғылым саласы болып бӛлінуі 20ғ. 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып табылады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының ӛз алдына ұғымдары, заңдары т.б.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 39 бет Барлығы 164

ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік-саяси қатынастар саясат әлеуметтануының обьектісі. Бұл қатынастар таптар мен ӛзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға мәдениетке, қызмет-әрекетке,олардың ӛмір сүруі мен ӛзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді.

Саясат әлеуметтануының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның барлық саласымен құрылымының ӛзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындау жӛн. Заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік - саяси ӛмірдің ӛмір сүру заңдары және даму заңдары.

Әлеуметтік-саяси ӛмірдің ӛмір сүру заңдарына әлеуметтік-саяси ӛмірдің әрекет ету заңы және оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Ӛмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси ӛмірдің әр түрлі элементтерінің, субьектілері мен обьектілерінің байланыстарын, олардың ӛзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бӛліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы.

Даму заңы – бұл әлеуметтік-саяси ӛмірдің бір күйден екінші күйге ӛту заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады,ӛздерінің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс.

Осы заңдарға сәйкес саясат әлеуметтануының категориялары қалыптасады. Олар: 1. Саяси ӛмірдің ӛмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм,ереуілдер, т.с.с.; 2. Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, қӛппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б. Саясаттың ортақ мәселесі таптар,ӛзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Билік үшін күрес, оны бӛлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат ӛкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен кӛрініс табады.

Олардың саяси қызметі сол қоғамда

ӛмір сүріп отырған саяси

құрылымдарды, азаматтық заңдар мен

бостандықты,жалпы мемлекеттік

құрылысты ӛзгертуге немесе нығайтуға бағытталған кӛптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады.

Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар.

Субьектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз обьективтік сипатта болады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар, олардың саяси билік үшін күресінің немесе ӛзгеде саяси

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 40 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]