Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

жаста болады; 3. мекен-жайына байланысты. Формальды еместердің қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып отыр, ӛйткені қалада әлеуметтік байланыстардың ӛте кӛп болуы құндылықтарды және мінез-құлық формаларын таңдауға нақты мүмкіндік береді.

Субмәдениет үстемдік етуші мәдениетке ашықтан-ашық шиеленістік жағдайда, қарама-қарсылықта тұрғандықтан оны контрмәдениет деп те атайды. Басқаша айтқанда, контрмәдениет – қоғамда үстемдік етіп отырған нормалар мен құндылықтарға теріс кӛзқарастағы қайсыбір әлеуметтік топтардың нормалары мен құндылықтарының жиынтығы, кешені.

Мәдениетті тоқтаусыз процесс ретінде де қарастыруға болады. Мәдениетте әрдайым жаңа шығармалармен қатар, жаңа мектептер мен бағыттар да пайда болады.

Сӛйтіп, мәдениет – аса күрделі және іштей қайшылықты жүйе. Бұл қарама-қайшылықтар мәдениеттің салыстырмалы түрдегі дербестігіне себепші болады.

Әдебиеттер:

1.Ионин Л.Г. Социология культуры. М., 2000.

2.Коган Л.Н. Социология культуры. Екатеринбург, 2000.

3.Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество.

№ 14 дәріс.

Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Жоспары:

1.Бұқаралық коммуникация ұғымы.

2.Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалар.

3.Бұқаралық коммуникация жүйесінің құрылымы және бұқаралық коммуникация құралдарындағы жарнама.

Бұқаралық коммуникация ұғымы.

Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы ӛзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.

Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың ӛзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, ӛнер және бұқаралық ақпарат құралдары.

Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 51 бет Барлығы 164

қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын кӛңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.

Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сӛйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде зерттелді.

Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.

Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберүші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.

Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасӛз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы кӛпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, кӛзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.

Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары.

Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бӛліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, кӛңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады.

Француз әлеуметтанушысы және криминалисті Г.Тард ӛзінің тұжырымдамасын ӛз әріптесіне қарағанда тереңірек қарастырды. Лебон секілді Тард адам тобыр арасында тым эмоцияға берілгіш, саналы ойламайды деп есептеді. Адамдардың тобырдағы орташа саналық денгейі, әрбірін санаған кездегі деңгейден тӛмен екендігін айтты. Егер Лебон тек «шашыраңқы тобыр» туралы айтса, онда Тард жаңа әлеуметтік бірлестік – публиканы ерекше бӛліп кӛрсетті. Публиканың құрылуының негізіне ол бұкараға әсер ету тәсілін алды. Публика ортақ ақпараттың кӛздерімен біріккен әлеуметтік топ.

Танымал «Қоғамдық пікір (1920ж)» еңбегінің авторы В.Липпман қазіргі заман адамындағы дүниетанымының қалыптасу процесі БК-ң ықпал етуі стериотиптер негізінде іске асады. БАҚ хабарлайтын фактілерді ӛздерінің қарауына сәйкес түрлендіреді, кейде оны ӛзгертіп те жібереді. Қоршаған орта туралы түсініктері жӛнінде жүктеп, БК олардың сана-сезімдері арқылы адамдар әрекетіне ықпал етеді. Осылайша баспасӛздің адамдарды шексіз билеуі жүзеге асады.

Американ әлеуметтанушысы Г.Ласуэлль 1948ж. ӛзінің «Дүниежүзілік соғыстағы насихаттау техникасы» атты кітабында тұңғыш және ең танымал, бес элементен тұратын: кім? (хабарды жібереді) -коммуникатор, не?

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 52 бет Барлығы 164

(жіберіліп жатыр)-хабар: қалай? (жіберілудің іске асырылып жатуы) -арна; кімге?(хабарламаның жеткізілуі)- аудиторияға; қандай? (хабардың әсерлілігі)-нәтиже.

«Ең аз мӛлшердегі әсер» (минимальный эффект) теориясының негізін қалағандардың бірі Н.Лазерефельд болып табылады. Қоғамдық пікірді сайлау науқаны кезінде зерттеудің нәтижесінде, ол, БК-ң аудиторияға шектеулі түрде, яғни, белгілі бір дәрежеде ғана әсер ететіндігін қорытты. Бұл зерттеулердің қорытындысы ретінде БК-ң аудиторияға екі сатылы әсер ету моделінің пайда болуына әкеліп, онда басымдық күшті БК емес, кӛшбасшының тұлғалық ықпал етуі атқарды.

Кейіннен, Дж. Клаппер БК құрылымының адамдардың ӛміріне ықпал етуі шексіз еместігін, дегенмен, қабылдаған аудиторияға әсер ете алады деген қорытындыға келді. Сондықтан, БК халықтын сана-сезімінің ауысуының негізгі себепкері бола алмайды.

Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рӛлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:

1)ақпарат кӛзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды;

2)хабардың контексі маңызды болып саналады;

3)ақпарат кӛзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы;

4)референттік топтардың болуы маңызды.

1953ж. К.Ховланд, А.Джанинс, Х.Келли «Коммуникация және сенім» атты кітәбін жарыққа шығарып сендіруші коммуникация тұрғысынан индивидтің(коммуникатор) екінші бір индивидтердің аудитория пікірін және мінез-құлқын ӛзгертуді ынталандыруды енгізетін процесс. Осынау енгізудің нәтижесі ақпараттың сапасы мен ақиқаттылығына, рецепиенттердің жеке тәжірибесі мен құндылық жүесінің негізінде анықталатын ақпарат кӛзінің мәртебесі мен беделіне де тәуелді болады.

БК зерттеу жұмыстарында Б.Барельсонның жасаған аудитория қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасы аса үлкен рӛлді атқарады. Оның пікірінше БК аудитория қажеттіліктеріне бағыт ұстап ол белгілі бір дәрежеде ақпарат мазмұның анықтайды. Барельсон БК мен қоғамдық пікірдің ӛзара әрекеті туралы және де олар бір-біріне әсер етеді деген қорытынды жасайды. БК ӛзі қызметін іске асыру үшін, ол кӛпшілік аудиторияға назар аударып, оның қызығушылықтары мен дүниетанымын есепке алу тиіс. Сондай-ақ ол БК-ң қоғамдық пікірге ақпаратпен ықпал етуінен гӛрі ақпаратты бағалау жағы басым деген қорытындыға келеді. Қоғам дамуын ақпараттық байланыстың техникалық құралдарымен байланыстырылған құрал теориясын жасап шығарған канадалық ғалым Г.М. Маклоэн болды.

Маклоэн тұжырымдамасының басты тезисінде хабардың ӛзі құрал деп алады. Аудиторияға бағытталған ақпараттың сапасы, қабылдау деңгейі, сол ақпарат тасымалдайтын немесе жіберетін құрал немесе арна мен анықталады.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 53 бет Барлығы 164

Ақпаратты жіберетін әрбір құрал бір ғана арнайы тіл мен актуализацияландырылған әдіспен, қоғамға әсер ететін сол ақпараттың сипатын қалыптастырады соған сәйкес дүние қабылданады.

Бұқаралық коммуникация жүйесінің құрылымы және бұқаралық коммуникация құралдарындағы жарнама.

Ӛркениетті қоғамда баспа сӛз, радио, және теледидар ӛмірдің ажырамас бӛлігіне айналды. Адам санасына әсер ету процесінде БАҚ әрбір арнасы және жанрының ерекшеліктері бар.

БК құралдары жүйесіндегі баспасӛз. Баспа ісі ӛнімдеріне газеттер, журналдар, кітаптар, альманахтар жатады. Ал коммуникациялық құралдарға нақты газеттер, журналдар, күнтізбеліктер жатады. Бұлар мұнымен қатар коммуникация басқа да қызметтер атқарады. Баспасӛз арналары бойынша таратылатын, басылған мәтін ақпаратты тасушы болып табылады. Ақпарат берудің мұндай тәсілі кӛптеген артықшылықтарға ие:

1)оқырман белгілі бір материалдардың, газет немесе журналдардың кең мазмұны мен және қайсыбір материалдардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік алады.Ол мәтіндегі ең маңызды бӛліктерін сақтап қалуға,ӛзін қызықтырған тақырыптар бойынша мәліметтер базасын құру мүмкіндігі бар;

2)оқырман баспа ӛніміндегі ақпаратты қайталап оқу үшін,терең талдау және игеру үшін қайта орала алады;

3)газет немесе журналды ӛзімен бірге алып жүріп, үзілістерде, транспортта, оқуға, басқаша айтқанда арнайы бос уақытын бӛлуге мүмкіндігі болады;

4)баспасӛздегі ақпаратпен танысу психологиялық тұрғыда жайлы жерлерде іске асады. Ӛйткені оқырман ретінде оқу процесін ол жайлы темппен, ырғақта оқуға мүмкіндігі бар. Бұл баспасӛздің оң жақтары;

БК құралдар жүйесіндегі радио. Радио БК құралдары ретінде екінші болып пайда болған. Оның тұрақты түрде танымалдылығы мына себептерге байланысты:

Біріншіден, радио халықты ең жедел ақпараттандырудың арнасы болып табылады.

Екіншіден, радио БАҚ ішінде ең жайлысы болып табылады. Тыңдарман оның ақпараттарымен ӛз жұмысынан қол үзбей-ақ таныса алады. Үшіншіден, БК құралдары арасынан қаржының және ақпараттың жеткізілу мүмкіндіктеріне байланысты ең қолжетімді құрал. Шындығында, радио үлкен кӛлемдегі қаржыны қажет етпей-ақ, әлемнің барлық түпкіріне еркін тарала алады.

Тӛртіншіден, радио ақпаратты хабарлау мен қабылдауды қымбат техникасызақ, бар ғаламға тарата алады.Сондай-ақ әлемдік қауымдастықты қалыптастыруда маңызды орын алатын бірінші халықаралық БК құралы.

БК құралдары жүйесіндегі телевизия. БК құралдары ішінде уақыты бойынша соңында пайда болған телевизия болды. Телевизияның ӛз

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 54 бет Барлығы 164

ерекшеліктері бар. Олар: кез-келген кеңістікте таратылып,бір уақытта үлкен аудиторияны қамти алады;радиодан артықшылығы аудиовизуалды кӛркемдік тәсілдерді қолданады,кӛру мен естуді үйлестіреді. Солардың арқасында телевизияны кӛпшілік кӛрермендер тез қабылдайды.Бұл ерекшелікті экрандық дейді; хабарды тікелей беруі мүмкіндігі болып жатқан оқиғаны бір уақытта және кескін арқылы кӛрсетуін теледидар дейді; теледидардың ойынсауықтылығы аудиторияны қызықтыру мен назарын ұстап тұруда сан алуан ойын-сауқты берүдің алуан түрлі тәсілдерін қолданады; монтаждың техникалық мүмкіндектірі бейне-магниттік жазбаны тек бір тікелей хабарда ғана емес, басқа да хабар да және мазмұндас, тақырыбы ұқсас сюжеттерде де қолданылабереді, мұнда аудиторияға ақпараттық ықпал етүдін басқа мақсаттары кӛзделеді.

Жарнаманы зерттеушілер оны латын тіліндегі «reclamare» (жариялау, хабарлау және қарсы болу қанағаттанбау, осыдан «рекламация»-шағымдар айту) шыққан дейді.

Жарнама адам ӛмірінің барлық кезеңінде де болып, сауда және айналым мағынасын білдіргенімен, оның кӛпшілікке бағытталуы, мыңдап тираждалуы ақпараттық құралдар нарығының пайда болуымен ӛркендеді.

БК құралдары әрдайым жақсы тӛленген жарнаманы жасап шығарады. Жарнама қоғамдық пікірге әсер ете отырып, тұтынушыларға жарнамамен мадақталған тауарды т.б. сатып алуға итермелеп отырады. Сол тауардың қажет екендігін, оны сатып алуды үгіттеп,тауарды немесе қызмет кӛрсетуді жарнамалау арқылы, жанама сауда айналыманың нағыз жетекші күшіне айналып отыр. БК құралдарында жарнама кӛбінесе баспа, радио, телевизияда және сыртқы жарнамаларда хабарландыру түрінде колданылады.

Әдебиеттер:

1.Назаров М.М. Массовая коммуникация в современном мире: методология анализа и практика исследования. М., 2002.

2.Федотова Л.Н. Социология массовой коммуникации. СПб, 2003.

3.Современный западный социологический словарь. М., 1990.

4.Горелов А.А. Социология в вопросах и ответах. М., 2009.

5. Бабосов Е.М. Социология. Энциклопедический словарь. М., 2008.

6. Краткий социологический словарь/ Общ. ред. Кравченко А.И. М., 2009.

6.Энциклопедический словарь / Общ. ред. Осипова Г.В. М., 2008.

15 дәріс.

Тақырыбы: Қолданбалы әлеуметтану. Жоспары:

1.Әлеуметтанулық зерттеудің мәні, кезеңдері және бағдарламасы.

2. Әлеуметтанулық сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат алудың негізгі әдісі.

Әлеуметтанулық зерттеудің мәні, кезеңдері және бағдарламасы.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 55 бет Барлығы 164

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, процестерді жете түсіну, жан-жақты түсіну нақты фактілерді жинаумен, талдаумен байланысты. Бұл әлеуметтанулық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің кӛмегімен жүзеге асады. Нақты әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, олардың даму заңдылықтарын, нақты кӛрініс беруін тереңірек зерттеу болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану ппроцестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды, зерттеуді толықтыра түседі. Бұл қоғамдағы әлеуметтік шындықты түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау кӛзі және негізі болып табылады.

Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа ӛндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жӛніндегі қоғамдық пікір жатады.Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жӛнінде жаңа ақпарат алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпараталамыз, зерттеуді қай жерде ӛткіземіз және т.б. осындай сауалдарға жауап әзірлеуіміз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады. Ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру алдын-ала мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі?) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жӛніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен ӛңдеуден ӛткізіледі. Тӛртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, соның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жӛнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан олар бір-бірімен ӛте тығыз байланыста болады.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын кӛрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды.

Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастыру

тарауларынан тұрады.

-әдіснамалық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, кӛземел (гипотеза) құрылады;

-әдістемелік таруында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды ӛңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

-зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бӛлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. кӛрсетіледі.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 56 бет Барлығы 164

Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады.

Бағдараламын әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды

әлеуметтік проблема деп атайды.

Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгісіне қарай топтастырылады: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу кӛлеміне қарай; 4) қарамақайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты.

Әлеуметтанулық зерттеу ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай:

барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып бӛлінеді. Бұлардың ішіндегі ең күрделісі – талдаушылық. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және сыналған құралдарды талап етеді. Бұл зерттеудің кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар, оны тудырған басты себептер де анықталуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің ӛте қарапйым түрі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жӛнінде мағлұмат алу.

Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы кӛлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда анкеттеу жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында.

Әлеуметтанулық сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат алудың негізгі әдісі.

Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер туралы ақпараттар ӛте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға болады. Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге кӛтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінезқұлқын белгілейтін болса, сауалнаманың кӛмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең кӛлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың ӛткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жӛнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жӛнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың кӛмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды – респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бӛлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбатнамалық. Анкеталық сауалнама кӛп жағдайда алдын-ала дайындалған анкетамен

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 57 бет Барлығы 164

жүргізіледі, респонденттің аты-жӛні кӛрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш бӛлімнен тұрады: үндеулік, негізгі, тӛлқұжаттық. Үндеулік бӛлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап ӛтіледі, анкетаны толтыру ережелері кӛрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бӛлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Тӛлқұжаттық бӛлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы және т.б.) жӛніндегі сұрақтар қойылады.

Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұыжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар құрастырылып, оның жауаптарының түрлері кӛрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары негізгі үш топқа бӛлінеді:

1.ашық түрдегі сұрақтар, мұның жауаптары анкетада кӛрсетілмейді, оны респонденттер ӛз қолдарымен жазып қайтарады;

2.жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып кӛрсетіледі. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дӛңгелектеп және т.б. етіп белгілейді.

3.аралас сұрақтар, бұл бірінші және екінші топтағы сауалдардың элементтерінен құралып, белгілі бір мӛлшерде жауаптары жазылады.

Әдебиеттер:

1.Кравченко А.И. Социология. М., 2007, с. 446.

2.Кравченко А.И. Социология в вопросах и ответах. М., 2003, с. 216.

3.Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа,

методы. М., 1987, с. 233.

4.Краткий словарь по социологии. М., 1990.

5.Рабочая книга социолога. М., 1989, с. 169.

6.Социология. Учебник для вузов.// Под. ред. В.Н.Лавриненко. М., 1998, с.

7.Краткий словарь по социологии. М., 1990, с. 457.

8.Социологический словарь. Минск, 1991, с. 8.

9.Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. М., 1998,

с. 229.

10. Белановский С.А. Методика и техника фокусированного интервью. М., 1993, с. 115.

3. Семинар және практика сабақтарының қысқаша сипаттамасы (жоспарлар, семинар және практика сабақтарын жүргізуге

арналған тапсырмалар, СОӚЖ, СӚЖ)

3.1Семинар сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар.

ФКазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 58 бет Барлығы 164

1-тақырып. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.

3.Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар құрылымындағы орны.

1-тақырып бойынша реферат тақырыптары:

1.Макроәлеуметану және микроәлеуметтану.

2.Әлеуметтанудың негізгі міндеттері.

3.Әлеуметтік функция ұғымы. Функцияларды жүзеге асырудың ерекшеліктері.

4.Әлеуметтанудағы теориялық пен эмпирикалықтың арақатынасы.

5.Арнайы әлеуметтанулық теориялар, олардың мәні, ерекшелігі мен функциялары.

6.Қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.

Әдебиеттер:

1.Габдуллина К.Р., Раисов Е.Р. Социология. Алматы, 2008.

2.Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3.Әлеуметтану. Оқулық Алматы: «Қазақ университеті», 2005. 1-2 кітап.

4.Волков Ю.Г. Социология. Ростов на-Дону, 2008.

5.Кравченко А.И., Анурин В.Ф. Социология. Питер, 2008.

6.Лавриненко В.Н. Социология. М., 2009.

2-тақырып. Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары.

1.Әлеуметтанудың пайда болуы. Платон мен Аристотельдің ілімдері. Орта ғасыр әлеуметтануы.

2.О.Конттың позитивизмі.

3.Г.Спенсердің органицизмі.

4.Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері.

5.Марксизм ілімі.

2-тақырып бойынша реферат тақырыптары:

1.Әлеуметтанудың дамуының негізгі бағыттары.

2.Француздық әлеуметтанулық мектептің қалыптасуы.

3.Психоаналитикалық тұжырымдамалар: З.Фрейд, А.Адлер.

4.Маркстік әлеуметтану.

Әдебиеттер:

8.Әлеуметтану. Оқу құралы. М.Тәжиннің редакицяларуымен. Алматы,

2005. 1-2 кітап.

9.Гофман А.Б. Семь лекции по истории социологии. М., 2008.

10.Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

11.Бачинин В.А., Сандулов Ю.А. История западной социологии. М., 2002.

12.Галактионов А. История русской социологии. М., 2002.

13.Голосенко И.А. Питирим Сорокин: Судьба и труды. Сыктывкар, 1991.

14.История социологии. (19 в. и перв полов. 20 века)

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 59 бет Барлығы 164

3-тақырып. Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары.

1.Қазақстандық әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуы (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).

2.Ресейде әлеуметтануындағы негізгі бағыттар (19-20 ғғ.).

3.Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

3-тақырып бойынша реферат тақырыптары:

1.П.Сорокиннің әлеуметтанулық тұжырымдамасы.

2.Т.Парсонстың әлеуметтік әрекет теориясы.

3.Р.Дарендорфтың шиеленіс тұжырымдамасы.

4.Дж.Хоманстың айырбас теориясы.

5.Дж. Мидтің символдық интеракционизмі.

6.Қазіргі заманғы ағылшын әлеуметтанушысы Э.Гидденс пен американ ғалымы Н.Смелзердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесі.

Әдебиеттер:

1.Қазақстанда әлеуметтанымдық ойдың дамуы. Мақалалар жинағы. Алматы, 1998.

2.Вебер М. Основные социологические понятие. О некоторых категориях понимающей социологии // М.Вебер. Избранные произведения. М, 1990.

С.495-545, 602-643.

3.Дюркгейм Э. Социология. М., 1995.

4.Конт О. Дух позитивной философии. Ростов на-Дону, 2003.

5.Маркс К. К критике политической экономии (Предисловие) // К Маркс, Ф Энгельс. Соч. В 3 т. С.534-538.

6.Социологиялық сӛздік. Алматы: Қазақ университеті, 2004, 2008.

7.Современнная западная социология. Словарь. М., 1990.

8.Сорокин П.А. Система социологии. В 2 т. М., 1993.

9.Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. М., 1992.

4-тақырып. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

1.Қоғам ұғымы. Г.Спенсердің, Р.Мертонның және Т.Парсонстың еңбектеріндегі қоғамды зерттеудің функционалдық тәсілінің негізгі принциптері.

2.Қоғамның типологиясы және даму сатылары.

3. Қоғамдық дамудың заңдылықтары.

4-тақырып бойынша реферат тақырыптары:

1.Тұтас жүйе ретіндегі қоғамға әлеуметтанулық талдау жасау.

2.Г.Спенсер мен Т.Парсонстың еңбектеріндегі қоғамды зерттеудің принциптері.

3.Қоғамның эволюциялық дамуының тұжырымдамасы.

4.Мәдени-тарихи типтер теориясы.

Әдебиеттер:

6.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Экономика,

2004.

ФКазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

60 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]