Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып ӛздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде кӛрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Саяси қатынастар сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани ӛміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе рухани мәденит саласындағы саясаты кӛрініс табады. Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалы мен қалыптасады.

Қалыптасқан саяси қатынастардың ӛздері субьектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақты орын алып отырған саяси қарым қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастарды олардың саяси мүдделері ретінде кӛрініс табады. Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан,сонымен қатар адамдардың саяси әрекеттері мен ӛзара әрекеттерінің жиынтығы саяси процесстердің мазмұнын құрайды.

Саяси процестердегі саяси және ӛзгеде саналардың рӛлі тұрақты түрде артады. Бұл сананың ӛзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға қабілетті болады,осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси процестер әр түрлі сипатта болады олардың сипаты оған қатысушылардың обьективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақсаттарына тәуелді. Саяси процестер, әлбетте белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады.

Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен ӛмір сүруінің бірегей органдары. Олар белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде кӛрінеді. Бұлардың кӛмегімен қайсы бір саяси күштер ӛздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысына саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады.

Қоғамның саяси жүйесі мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Ӛйткені олардың қызметі саяси сипат алған, яғни олардың қызметі белгілі бір таптардың,әлеуметтік топтардың, сондай-ақ ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделерін іс жүзіне асыруға бағытталған. Атаумыш жүйенің негізгі функцияларына әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың арасындағы, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы кең кӛлемдегі саяси қатынастардың жиынтығын реттеу жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: -мемлекет органдары, оның заң шығарушы және атқарушы бӛліктері; -әскер; -құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

-мемлекеттік арбитраж; -саяси партиялар; -саяси қозғалыстар;

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 41 бет Барлығы 164

-қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, жастар, шығармашылық, т.б. сол сияқты ұйымдар). Бұлардың қызметі белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асыру мен байланысты болады. Сондықтан белгілі дәрежеде саяси сипатқа ие болады.

Әдебиеттер:

1.Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

2.Политическая социология. Ростов на-Дону, 1997.

3.Предвечный Г.П. Основы политической социологии. 1 Вып. Ростов на-

Дону, 1990.

4.Вятр. Е. Социология политических отношений. / Пер. спольс. М., 1979.

№ 11 дәріс.

Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Жоспары:

1.Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері және обьектісі мен пәні.

2.Жалпыәлеуметтанулық және экономикалық заңдар.

3.Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері мен функциялары.

Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері және обьектісі мен пәні,

«Экономика әлеуметтануы» термині XIXғ бастап қолданысқа енді,

дегенмен мұндай атаумен еңбектер XXғ шыға бастады. Ең бірінші еңбек Бельгиялық әлеуметтанушы Г.Де Грефаның (1886-1964) «la sociologio economique» деген кітабы болды, ол1904 жылы орыс тіліне аударылып «әлеуметтік экономия» деген атпен жарық кӛрді. Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бӛліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б.з.д.3 мыңжылдық-б.з.XVIII) классикалық(XIXғXXғ) және қазіргі (XXғ соңыXXIғ). Платон (б.з.д. 427-347) бірінші болып еңбектің «әртүрлі үйлесімдік» заңын орнатты. Ол адамдардың түрлі қажеттіліктері түрлі еңбекке қабілеттілігіне және түрлі еңбектің алуан түрлері сәйкес келеді деп есептеді. Еңбектің мамандандырылуы ӛнімнің сапасын жақсартуда және оның санын кӛбейтуде қажетті шарт болып табылады. Екі шартта қоғамның экономикалық дамуына аса қажет. Сонымен қатар, кім ӛзінің кәсібінде жақсырақ маманданса ,сол үлкен жетістіктерге жетеді. Атап айтқанда, гректер «экономика» немесе «ойкономика» сӛзін ойлап тапқан, үй шаруашылығын меңгеру, сондай-ақ үй құрылысы, үй басқару. Басында «ойкономия» үйді басқару икемі, әке тегі, сол үйді басқару,яғни әйелін басқару, балалар мен қызметкерлкрін басқару дегенді білдірген. Платонда «ойкономия» саяси рең алған (полисті басқару), «койномия» ұғымытек қана отбасылық еңбекті ғана емес, сондай-ақ адамзаттық қарымқатынасты, яғни адамзаттық қоғам дегенді білдіреді.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 42 бет Барлығы 164

Аристотель(б.з.д. 384-322) ӛзінің экономикалық ілімінде шаруашылықты жүргізудің 2 типін белгілейді: натуральды, тауарлық емесойкономия және ақшалық-хрематистика (chrematico-ақша істерімен айналысу). Ойкономияда үй басшысы үй ішіндегілер арасындағы қатынас заңды құжаттармен тіркелмеген, олар келісімді болған. Хрематистикалық қатынастар осы келісім негізінде құрылады. Бұл қоғамдағы заңды және физикалық тұлғалар арасындағы формалльды қатынастар еді, тек олар жекелеген отбасы іщінде емес еді.

Англиялық ғалым Адам Смит(1723-1790) алғаш рет еңбек бӛлінісі туралы жүйеленген ілімді ұсынған еді, ол ӛнімділікті ынталандырудың себебі болды.Ол еңбек бӛлінісі ӛнімділікті үш тәсілмен арттырады деп есептеді: әрбір жұмысшының жылдамдығын арттыру арқылы; бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кезде уақытты үнемдеу арқылы; еңбегін жеңілдететін және қысқартатын машина ойлап табу мен жасаушыларды ынталандыруды арқылы.

Шарль Фурье(1772-1837) адамдарды қорлайтын еңбектің тар мамандануын және еңбекті ӛзгерту принціпін ұсынды. Кейіннен К.Маркс пен Ф.Энгельс шығармаларында жан-жақты дамытылған еңбекті ӛзгерту адамның еңбекке мүдделігін және уәждерін сақтаудың тәсілі қызметін атқарады. Еңбек бӛлінісінің пргрессивті рӛлін жоққа шығармады және оған тарихи қоғам дамуы механизмне маңызды рӛл берді. Олардың пікірінше еңбек бӛлінісі қоғамның әлеуметтік құрылымын жасап қана қоймайды, ол екі антогонистік топтардың қанаушылар мен қаналушылардың жіктелуіне әкеледі. Біріншісі екіншісінің еңбегімен жасалған ӛнімді иемдену мен қүн қӛреді.

Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі мен пәні. Экономикалық әлеуметтанудың пәні экономика саласындағы әлеуметтік қатынастар (еңбек, жеке меншік, ӛндіріс, бӛліс, айырбас және тұтыну),сондай-ақ экономиканың макроэкономикалық заңдылықтармен ӛзара әрекет нәтижесінде олардың дамуына әсері. Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі – әлеуметтікэкономикалық процестердің күрделі динамикалық жүйесі, ол экономика және әлеуметтік саланың ӛзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады, яғни бұл әлеуметтік процесс ретінде экономиканың дамуы.Олардың құрамына саладағы адамдардың әлеуметтік қатынастары,осы адамдардың әлеуметтікэкономикалық жіктелуі және олардың түрлі әлеуметтік таптарға бӛлінуі жатады. Сондай-ақ әлеуметтікэкономикалық процеске олардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық коммуникациялар, әлеуметтікэкономикалық статустардың кӛптүрлілігі мен рӛлдері, тауар түрлері жатады.

Жалпыәлеуметтанулық және экономикалық заңдар.

Әлеуметтік тұтастықтың заңы – қоғам әлеуметтік жүйенің біртұтас организмі болып саналады. Оның біртұтастығын оның барлық салалардың бір бірімен тығыз байланысты кӛрсетеді(экономикалық, саясаттық,рухани, әлеуметтік).

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 43 бет Барлығы 164

Даму заңында қоғам жүйе ретінде тікелей дамуда болады.Бұл процестің қозғаушы күштері және мүдделері бар,ӛз ерекшеліктеріне қарай нақты кезеңдері бар. Кез-келген құбылыстың немесе оқиғаның қоғам ӛмірінде ӛзінің эволюциясы және әлеуметтік түп-тамыры болады. Құрылым заңы. Қоғам біркелкі болып табылмайды,бірақ ӛзара байланысқан және ӛзара әрекет ететін институттардан, топтардан, қауымдардан және олардың арасындағы қарым-қатынастардан тұрады. Қоғамдық қажеттілік пен қызметтің ӛзара байланыс заңы. Адамдардың әлеуметтік қасиеттіліктерін олардың қызметі анықтайды.Ӛз кезегінде әлеуметтіктің ӛзі ең алдымен қызмет кез-келген қоғамда қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың іргелік базасы қызметін атқарады. Бәсекелестік заңы «қонкуренция – тек ӛзінің маркасына тұтынушылардың қӛңілін аударту мақсатындабіркелкі тауарлар шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік, бақталастық». Рыноктық экономиканың маңызды механизмінің бірі ретінде бәсекелестік ӛндірісте экономикалық тиімділіке және барынша кіріс табу үшін, қажетті жағдайларды жасайды. Сұраныс заңында ӛнімнің ӛтім кӛлемі мен бағасының арасында ӛзара кері байланыс болады. Мұнда тауар бағасы сұраныс кӛлемінің басты факторы болып табылады.Тауардың рыноктық бағасы қаншалықты тӛмен болса, оған деген сұраныс, тауарды қолданушылар саны да соншалықты кӛп болады.

Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері мен функциялары.

Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері: қоғамның белгілі бір тарихи даму сатысында және белгілі бір экономикалық жағдайда әлеуметтік және экономикалық факторлармен процестердің ӛзара әрекеттерін зерттеу; белгілі бір тарихи кезеңде сол немесе ӛзге де әлеуметтікэкономикалық процестердің пайда болуы мен себептерін анықтау; экономикалық мінезқұлықтың әртүрлі типтерінің ерекшеліктерін және әртүрлі тауарлар мен қызмет кӛрсетуді ӛндіру, бӛлу, айырбастау және тұтыну үрдісінде пайда болатын әлеуметтік қатынастарды зерттеу; қоғамның экономикалық саласының дамуына ықпал ететін және индивидтердің, қауымдастықтардың және топтардың экономикалық қызметін реттейтін әлеуметтік механизмдерді зерттеу болып табылады.

Экономикалық әлеуметтанудың функциялары: танымдық функциясы қоғамның дамуының тарихи сатысында экономикалық үрдістерін әлеуметтік аспектілерін ерешектерін зерттеуді ӛз мақсаты етіп қояды, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестер қандай? деген сұраққа жауап береді; түсіндіруші функция-қайсы бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді тудыратын себептерді зерттеу; бағалау функциясы бұл қоғамдағы дамудағы экономикалық және әлеуметтік процестерге және адамдардың мүдделері мен қажеттіліктеріне ондағы әлеуметтік институттардың сәйкестігін талдау; болжамдық функция біршама ұзақ перспективада әлеуметтік-экономиканың дамуы болады-ау деген сценарилер мен болжауды жасауды анықтайды.

Әдебиеттер:

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 44 бет Барлығы 164

1.Әженов М.С. Кедейлік социологиясы. Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті», 2004.

2.Лоусон Т., Гэррод Дж. Социология. А-Я. М., 2000.

3.Әлемдік әлеуметтану антологиясы. М.Тәжиннің редакциялауымен. Алматы, 2006.

4.Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағамбетова З.Н Социология. Алматы,

2005.

5.Самуэльсон П. Нордхаус В. Экономика. М., 2000. ч.4.

№ 12 дәріс.

Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы. Жоспары:

1. Отбасы әлеуметтануының пәні, отбасының атқаратын қызметтері. Некенің мотивтері және ажырасудың себептері.

2.Отбасының және некенің типтері.

Отбасы әлеуметтануының пәні, отбасының атқаратын қызметтері, некенің мотивтері және ажырасудың себептері.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылардың, атааналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып саналады

Сонымен қатар, отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, ӛзара жауапкершілікпен және ӛзара кӛмек кӛрсетумен байланысқан шағын топ. Ал, неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып табылады.

Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің ӛзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани ӛмір қажеттілігі.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына ӛзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда, ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сӛйтіп, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге кӛңіл аударады. Осыдан келіп, әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін ӛз тӛңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның ӛмір сүруі мен даму заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдануы, құрылымы

және атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 45 бет Барлығы 164

Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қоймай, туыстардың бірлесе ӛмір сүретіндігін мойындайды. Сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің ӛзара экономикалық кӛмек кӛрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.

Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Ӛйткені, отбасының құрылымы, тәртібі, ӛмір салты, дәстүрі, ӛзге отбасылармен және қоғаммен ӛзара қарымқатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.

Отбасылар да басқа әлеуметтік институттар тәрізді қоғамда белгілі бір функцияларды атқарады. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының функциясы дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік салдары бар оның қызметі. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбекке ынталылығына да байланысты. Ӛзге әлеуметтік институттардың міндеттерінен мұны жеке-дара бӛліп кӛрсету үшін отбасының қызметтері ерекшелікті және ерекшеліксіз қызметтер деп ажыратылады.

Отбасының ерекшелікті қызметтеріне мыналар жатады: халықтың ұдайы ӛсіп-ӛнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу; балаларды асырап сақтау (экзистенциалды); балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру).

Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде ӛзгеріске түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Отбасының ерекшеліксіз қызметтеріне жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жӛніндегі статус, ӛндіріс пен тұтыну, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық жасау (микроахуал) сияқтылар жатады. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын кӛрсетеді, яғни бұның барысында отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның тәрбиесі мен күтімі қалай жүретіндігі де назардан тыс қалмайды.

Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35-40 жаста) бала туу санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр түрлі аймақтарында, халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу кӛрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы 90-жылдарда орын алған экономикалық дағдарыс украин, орыс, неміс, кәріс диаспораларының да бала санын кӛбейтуіне кері әсер етті. Бұларда адамның ұдайы ӛсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының мӛлшерінің тӛмен болуы және т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдындағы ерлізайыптылық парыздарын орындау арқылы ӛмірге нәресте әкелу жӛніндегі міндеттерін жүзеге асыруларына кедергі келтіріп отыр.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 46 бет Барлығы 164

Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше стереотиптері бар. Олар: бала центризмі, бала профессионализмі,

бала прагматизмі.

Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар ерке, шолжың болып ӛседі, ата-анасының ескетулері мен тиым салуларын және ӛзіне жүктелген міндеттерді орындамайды.

Ал, бала профессионализміне келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалар мен мектептердегі кәсібитәрбиешілердің, педагогтардың иығына артып, ӛздері тәрбие беруден тыс қалады.

Прагматистік тәрбие баланы тәжірибелілікке үйретуге, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа бағытталған, іскерлікке тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбиенің бұл бағыты әсіресе нарықтық экономикаға кӛшу кезінде кең түрде етек алды.

Әлеуметтануда ажырасудың себептерін үш топқа бӛліп қарастыруға болады:

1.тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылардың бірінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің болмауы немесе оған деген ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі т.с.с. жатады.

2.махаббат сезімінің жойылуы, отбасындағы ӛрескелдік, ӛмірге деген кӛзқарастың әр түрлі болуы, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуы, қызғаншақтық, күмәншылдық сияқтылар жатады.

3.ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсуі, кӛзге шӛп салу, жаңа сезімнің пайда болып, оның жаңа отбасын құруға итермелеуі, бұған ата-аналарының және басқа да адамдардың араласуы жатады.

Отбасының және некенің типтері.

Отбасының құрылымдық типтері –ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы ӛзара қарым-қатынастар, рольдерді бӛлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Отбасының құрылымдық типінің ең кең тараған түрі – нуклеарлық немесе ерлізайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды. Яғни, мұндай отбасында екі ұрпақтың ӛкілдері ӛмір сүреді. Отбасының мұндай түрінің қалыптасуына қазіргі кездегі жүріп жатқан урбанизация процестері себепші болып отыр.

Отбасының тағы бір түрі – туыстық тұрғыдан жақын жанұялар.

Мұнда ерлі-зайыптылар ӛз балаларымен, ата-аналарымен және бауырларымен бірге тұрады.

Отбасындағы билікті бӛлу, лидерлікке байланысты отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі – авторитарлық немесе дәстүрлі отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың ӛкілдері тұрады. Билік жасы үлкен ер адамның қолында болады.

Отбасындағы билікке байланысты жанұяның екінші түрі – эгалитарлық

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 47 бет Барлығы 164

немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына мынадай белгілер тән: үй шаруасына қатысты міндеттердің әділ бӛлінуі;

ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелерді шешуде бірігіп шешім қабылдауы;

демалыстарын бірге ӛткізіп, бала тәрбиесіне бірдей қатысуы. Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының

алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болып бӛлінеді. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, таптардан, касталардан тарайды.

Сондай-ақ отбасын әлеуметтік және демографиялық белгілеріне қарап

гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бӛлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мӛлшері, білімі біртектес болса, ал, гетерогамдық отбасында бұл кӛрсеткіштер әр түрлі келеді.

Отбасы тұрған мекен-жайына қарай патрилокалды және матрилокалды болып жіктеледі. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйінде тұрады.

Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің жанұясымен бірге тұруымен сипатталады. Сол сияқты, егер жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бӛлек тұрса, оны неолокалды отбасы дейді. Әр қоғамдағы некенің түрлері де әр түрлі болады. Алайда кез келген қоғамда адамдар бас қосып, шаңырақ кӛтерердің алдындабірін-бірі сынап байқайды және некеге отыруға дайындалады, ӛзінің шешімінің дұрыстығына кӛз жеткізеді. Ӛйткені некеге отырған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды, соған бел буады.

Сондай-ақ, некенің түрлері де әр алуан болып келеді. Соның ішінде моногамия және полигамия деп аталатын некенің түрлерін атап кӛрсетуге болады. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл түр ерлі-зайыптылықтың ең ӛркениетті түрі болып табылады. Алайда, қоғамның дамуы барысында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия – бұл жұбайлардың, бірінің яғни бір әйелдің бірнеше ер адаммен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы.

Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш түрі болады. Оның біріншісі – топтық неке деп аталады (Маркиз аралдарында). Мұнда бірнеше еркек пен бірнеше әйел бір мезгілде некелік қатынаста болады. Келесі түрі – полиандрия бұл полигамиялық некенің ӛте сирек кездесетін түрі.

Әдебиеттер:

1.Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. Алматы: «Қазақ университеті», 2004.

2.Жаназарова Ж.З. Социология семьи. Алматы, 2001.

3.Голод С.И. Семья и брак: историко-социологический анализ. СПб, 1998.

ФКазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

48 бет Барлығы 164

4.Гаспарян Ю.А. Семья на пороге 21 века: социологические проблемы,

СПб, 1999.

5.Краткий социологический словарь / Общ. ред. Осипова Г.В. М., 2009

6.Антонов А.И. Микросоциология семьи. М., 1998.

7.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы неке мен семья. Алматы, 1973.

8.Тәтімов М.Б. Дербестігіміз – демографияда. Алматы, 1999.

№ 13 дәріс.

Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Жоспары:

1.Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары. 2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары.

Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары.

Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән және оның ӛзіндік ішкі заңдылықтары, ӛзіндік ұғымдар жүйесі бар. Мәдениетті, оның сан қырлы әлеуметтік қызмет процесіндегі адамды елеулі күш ретінде қарастыруға болады. Мәдениет тұрғысынан қарастырылмайтын бірде бір қоғамдық күш жоқ.

Мәдениет ұғымы бастапқыда жер ӛңдеу тәсілін білдірді. Оның бұл тар мағынасы 17-18 ғасырларда Еуропаның қоғамдық санасында кең қолданылған. Мәдениеттің онықты түсініктемесі ағартушылық дәуірге сай келеді.

Әлеуметтік ғылымдар мәдениетті ең алдымен нақты, яғни адам қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді. Мәдениет рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы іспетті және оларды жасаудағы, таратудағы және сақтаудағы адамның тіршілік еңбегі ретінде анықталады.

Мәдениетті ішкі құрылымы бар. Себебі, ол адамзат қауымдастығынан тыс ӛмір сүрмейді. Сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бӛледі. Индивидтің жеке мәдениеті – бұл оның ӛзіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Қауымдастық мәдениеті – шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, ӛмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді. Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні: біріншіден, тұтастық ретіндегі мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа қоғамдық жүйелермен ӛзара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің ӛзге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі арақатынасына орай алынған мәдениет

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 49 бет Барлығы 164

социодинамикасының, мәдени коммуникацияның әрбір элементтері бола алады.

Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар кӛбіне-кӛп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. Адам қызметінің қанша түрі болса мәдениеттің де сонша түрі бар. Сондықтан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше маңызды.

Мәдениет әлеуметтануының ӛзге әлеуметтану пәндері сияқты ӛзінің ұғымдық аппараты бар. Мәдениет негізгі үш буынды құрайды: когнитивтік, тәртіп, праксеологиялық. Когнитивтік буын мәдениеті адамзаттың жинақтаған дүниетанымдық парадигмаларын, білім, дағдысы, іскерліктерін - әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ретінде сипаттайды.

Адамның қызметі мәдениеттік «тәртіп» буыны арқылы да реттеледі. Мұндай реттеудің мақсаты – қоғамның әлеуметтік күтілімдеріне, қызметтің сәйкестігіне қол жеткізу. Когнитивтік және тәртіп буындары праксеологиялық буынмен синтезделеді. Бұл буын адамдардың мәдени қызметінің ӛзін реттейді. Сондықтан оны «мәдениетті ұйымдастырушы» деп те атайды.

Мәдениетті атқаратын қызметтері: адам шығармашылдығы «басты функция; гносеологиялық; ақпараттық; коммуникативтік; құндылықтықбағдарлық; нормативтік-реттеушілік.

Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары.

Әрбір мәдениеттің ӛзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, заңдар, құндылықтар жатады.

Әдет-ғұрыптар – ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер. Адамгершілік – моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.

Заң – конституциялық негізде мемлекеттік ӛкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.

Құндылық мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің ӛзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді де, онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын кӛрсетеді.

Мәдениетті материалдық және рухани мәдениеттер деп бӛлу қалыптасқан. Бұл толықтай мойындалған бӛлу екендігі даусыз. ХХ ғасырдың 20-жылдарында бұқаралық мәдениет идеясы пайда болды. Бұқаралық мәдениет деп шынайы мәдениетке қарама-қарсы тұрған мәдениетті атайды. Үстемдік етуші мәдениетке орай субмәдениет, контрмәдениет деп аталатын мәдениет түрлері де бар.

Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне де назар аударып жүр. Жастардың субмәдени белседілігі бірқатар алғышарттарға байланысты болады: 1. білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі тӛмен адамдарда бұл белсенділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқайда жоғары; 2. жас мӛлшеріне байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықтау биігі 16-17

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 50 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]