Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

alymettany_kaz

.pdf
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

8. Оқытушы талабы.

Қатысу тәртібі: Студенттерден барлық аудиториялық сабақтарға лекция, семинар және СОӚЖ-ға тыңғылықты қатысуды талап ету. Үштен артық сабаққа қатыспағандар емтиханға жіберілмейді.

Дәрісханалық жұмысқа қойылатын тәртіп: Дәрісханалық сабақтарға кешігіп келгендер жіберілмейді, сонымен қатар сабақта сӛйлесуге, ұялы телефондарды пайдалануға қатаң тиым салынады.

Бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар: Бақылау жұмысы бұл – оқылатын пәннің кейбір жеке мәселелері бойынша студенттер білімін тексерудің формасы, ӛзіндік жазбаша емтиханның бірі. Бақылау жұмысын жазуға дайындалған кезде оқытушы ұсынған оқулықты пайдаланған қолайлы болады, ӛйткені бақылау сұрақтары курстың жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған. Бақылау жұмысының сұрақтарына қайтарылған жауаптар білімнің сапасын кӛрсететін, және қарастырылатын мәселенің мәнін түсіндіретін болуы тиіс.

Реферат жазудың талаптары: Оқытушы кӛрсетуімен реферат он беттік компютер мәтінінен тұруы тиіс, жоспары, кіріспесі, мазмұны, қорытындысы мен пайдаланған әдебиеттері кӛрсетіліп, белгіленген уақытында тапсырылуы қажет. Интернеттен кӛшірілген реферат қолданылмайды.

Эссе жазудың талаптары: Эссе бұл бес беттік компютерлік мәтіннен тұратын белгілі бір тақырыптың сұрағын қысқаша баяндау, мәселенің мәнін ашудан және ол туралы студенттің пайымдауынан тұрады.

Қорытынды балл алу тәртібі: Студенттің қорытынды балы (лекцияға семинар және СОӚЖ қатысуынан, реферат және эссе ӛткізуінен), аралық бақылаудан (бақылау жұмыс жазу) және қорытынды бақылаудан (емтихан тапсыру 40 балл) құралады, сӛйтіп олар максимум 100 баллды құрайтын болады.

Белгіленген тапсырмаларды уақытында орындамаған студенттерге қосымша талаптар: Семестрде «Әлеуметтану» курсы бойынша тапсырмаларды уақытында орындамаған (реферат, эссе тапсырмаған, бақылау жұмысынан 2 алған, сабақ жіберген, СОӚЖ және семинарларда белсенді жұмыс істемеген) студент сессия басталуына бір жеті қалғанда пән бойынша барлық қарыздарын жойып, оқытушыдан емтиханға рұқсат алуы қажет.

2.Дәріс тезистері.

№ 1 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

Жоспары:

1.Әлеуметтану ұғымы. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың құрылымы.

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 11 бет Барлығы 164

1. Әлеуметтану ұғымы. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

«Социология» деген сӛз латын-грек сӛздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сӛз. Сонда әлеуметтану – қоғам жӛніндегі ғылым деген сӛз. Оны ӛз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының ӛзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Әлеуметтану» термині кӛп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам ӛмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, ӛнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сӛйтіп кейінннен олардың ӛздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бӛлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін ӛзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің ӛмір сүруі мен дамуының заңдары жӛніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен кӛрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.

Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жӛніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы ӛз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың ӛкілі ретінде кӛзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның ӛзі немесе қоғамдық ӛмір. «Әлеуметтік», «қоғамдық»,

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 12 бет Барлығы 164

«социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі ӛзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.

Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың ӛмірде байқалуы мен ӛзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.

2. Әлеуметтанудың құрылымы.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам кӛлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.

Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі ӛзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен кӛзқарастар ашып кӛрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;

нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің ӛзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. Соның ішіндегі негізгілері:

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 13 бет Барлығы 164

1.Теориялық-танымдық қызметі.

2.Практикалық қызметі.

3.Идеологиялық қызметі.

Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жӛніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық ӛндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала кӛре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Ӛйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Себебі әлеуметтанушының ӛзі белгілі бір әлеуметтік-таптық қауымдастықтың құрамында, яғни, кӛбінесе қандай да болмасын бір саяси партияға мүше де болады. Ол ӛзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

Әдебиеттер:

1.Габдуллина К.Р., Раисов Е.Р. Социология. Алматы, 2008.

2.Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3.Әлеуметтану. Оқулық Алматы: «Қазақ университеті», 2005. 1-2 кітап.

4.Волков Ю.Г. Социология. Ростов на-Дону, 2008.

5.Кравченко А.И., Анурин В.Ф. Социология. Питер, 2008.

6.Лавриненко В.Н. Социология. М., 2009.

2 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (1 бӛлім).

Жоспары:

1.Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі.

2. О.Конттың позитивизмі.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 14 бет Барлығы 164

3.Г.Спенсердің органицизмі және Э.Дюркгеймнің әлеуметтануының негізгі принциптері.

4.М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану.

Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан біршама жас ғалым. Ӛйткені оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, әлеуметтанудың кеш пайда болуына қарап, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде кӛріне бастаған болатын. Мысалы, философиялық, экономикалық, саяси, тарихи шығармалардажалпы қоғам, оның элементтері және даму заңдылықтары туралы пікірлер пайда бола бастады. Осы оарйда Ертедегі (Ежелгі) Шығыс ӛркениетіндегі – Кӛне Египет, Вавилон, Үнді, Қытайдағы қоғам туралы кӛзқарастарды айтуға болады. Мысалы, конфуцийшылар – қоғамтанушылар болып есептеледі.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің әлеуметтанулық мифтерінде қарастырылды. Мұнда «тірі жанға зиян келтірмеу» принциптерін ұстанды.

Алайда Ежелгі Шығыстағы әлеуметтанулық ой-пікірлер прагматистік сипатта болды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырылды.

Әлеуметтік теорияның бірқатар айқын элементтері Ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Дегенмен Ежелгі грек философтарының ішінде қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше кӛңіл бӛлген софистер де болды.

Сонымен бұдан кейінгі дәуірлерде де: орта ғасырда, қайта ӛрлеу дәуірінде, жаңа дәуірде адамдардың қоғамдық ӛмірі жайында әр түрлі пікірлер болды. Бірақ, бұларды әлі әлеуметтанулық ілім деп есептеуге болмайтын еді. Ӛйткені бұлар тек әлеуметтанулық ойлар философиясы немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар деп аталады.

О.Конттың позитивизмі.

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық кӛрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді ӛзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы ӛзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 15 бет Барлығы 164

Бұларды адамның ой-ӛрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.

Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында ӛзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға кӛшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сӛйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп кӛрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп кӛрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп кӛрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды ӛзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану ӛзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сӛзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.

Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр:

1.қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану;

2.әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Г.Спенсердің органицизмі және Э.Дюркгеймнің әлеуметтануының негізгі принциптері.

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Г.Спенсердің есімімен байланысты. Ол ӛзінің әлеуметтің кӛзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (18641867), «Психология негіздері» (18701872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады. Г.Спенсер жас кезінен Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалында болып, эволюция үрдісімен айналысады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция дамудың бірден-бір қайнар кӛзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г.Спенсер осы идеясын терңдете келіп, қоғамды биологиялық организммен салыстырады. Сонымен ол эволюциялық кӛземелді дәлелдеу үшін қзінің алдына кӛптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Мұның ӛзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ ғылымда, ӛнерде, дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына кӛзін жеткізе түсті. Оның пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық

процестің үш түрін кӛрсетеді: бейорганикалық, органикалық және

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 16 бет Барлығы 164

жоғарыорганикалық. Ол эволюцияның жоғарыорганикалық түріне аса кӛңіл аударады. Ӛйткені ол қоғамның дамуы эволюциясын кӛрсетеді деп есептейді. Сондықтан әлеуметтану осы жоғарыорганикалық эволюцияны зерттеуі керек деп санайды.

Қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы және эволюция принципін Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі және әлеуметтік реформаларды жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді.

Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бірақ, бұл барлық жағынан емес дей келе Спенсер бұл екеуінің арасындағы 6 ұқсастықты атап кӛрсетеді.

Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады:

1.ол қоғамды дискретті организм ретінде қарастырды; 2. Спенсер аналогиялық тәсіл арқылы ғылымға «құрылым», «функция» деген ұғымдарды енгізді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол кӛптеген ғылыми еңбектер жазды. Соның ішінде оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бӛлінісі туралы» (1853), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Ӛзіне-ӛзі қол салу» (1897), «Діни ӛмірдің қарапайым формалары» (1912) сияқты еңбектері жатады.

Э.Дюркгейм қоғамдық ӛмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Ол ӛзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды да адамдардың мінез-құлқына , олардың сан-салалы қызметіне талдау жасауда индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың ӛзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам түп-тӛркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен роль атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясының негізгі ережелері осылар.

М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану.

Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта ӛркендеуде. М.Вебердің әлеуметтанулық кӛзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен ӛткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері ӛмірде қолданылып жүр.М.Вебердің әлеуметтанулық кӛзқарастарының қалыптасуына Г.Риккерт, К.Маркс, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ф.Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер кӛптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» сияқты

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 17 бет Барлығы 164

еңбектерін атауға болады.

М.Вебердің кӛзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.

М.Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның міндеттеріне біріншіден, адамдардың ӛз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.

К.Маркс пен Ф.Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына ӛзіндік үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді ӛмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың ӛзара қарым-қатынастарын және ӛзара әрекеттерін алғышарт етіп қарастырудан бастады. Қоғам ӛзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық ӛндіріс, саясат және ӛзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды. Сӛйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шықты.

Әдебиеттер:

1.Әлеуметтану. Оқу құралы. М.Тәжиннің редакицяларуымен. Алматы,

2005. 1-2 кітап.

2.Гофман А.Б. Семь лекции по истории социологии. М., 2008.

3.Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

4.Бачинин В.А., Сандулов Ю.А. История западной социологии. М., 2002.

5.Галактионов А. История русской социологии. М., 2002.

6.Голосенко И.А. Питирим Сорокин: Судьба и труды. Сыктывкар, 1991.

7.История социологии. (19 в. и перв полов. 20 века)

3 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (2 бӛлім)

Жоспары:

1.Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

2.Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

3.Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегі

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 18 бет Барлығы 164

ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың ӛкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечников болды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи ӛзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап кӛрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан ӛзендік, теңіздік және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе ӛркениетті бӛліп кӛрсетті.

Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А.И.Стронин және П.Ф.Лилиенфельд болды. А.И.Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес ӛмір сүруі шектеулі болады.

П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Субъективтік бағыттың кӛрнекті ӛкілдері П.Л. Лавров пен Н.К.Михайловский болды. П.Л.Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның кӛзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол

– тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады.

Анархизм бағытын қалыптастырған М.Бакунин мен П.Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы – ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды.

Психолгиялық бағыттың ӛкілдері Е.В.Де-Роберти мен Н.И.Кареев қоғам дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П.Струве, М.Туган-Барановский, Н.Бердяев, С.Булгаков және т.б. болды. Олардың кӛзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады.

Қазан тӛңкерісінен кейін ресейлік әлеуметтанудың дамуы шиеленісті жағдайда жүрді. Кеңе ӛкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының ӛрлеуі байқалды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы екі рет:

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 19 бет Барлығы 164

30-жылы және 60-жылдың басында әлеуметтануды марксизмге жау, жалған ғылым деп жариялады.

Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары, кӛзқарастары қазақтың кӛзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. болды. Ш.Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің ӛркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның кӛзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, ӛз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы ӛзгерістер «материалдық қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен ӛзгерістерге ұшырап отыратынын кӛрсетті. Кейінірек Қазақстанның Ресейге қосылуы (бодан болуы), хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер де қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын біраз ӛзгеріске ұшыратты.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің ӛршуін қазақтардың ӛз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан деп білді. Шоқан ӛркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың ӛзін-ӛзі дамытуын, ӛзін-ӛзі қорғауын, ӛзін-ӛзі басқаруын және ӛзін-ӛзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету кӛріністеріне тоқталады.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың ӛзін-ӛзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сай ӛлкені басқару жүйесін орнатады деп сенген болатын. Алайда , оның үміті орындалмады.

Шоқанның әлеуметтік кӛзқарастары О.Конт, Г.Спенсер тәрізді Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікіріне ұқсас. Алайда Шоқан олардың кӛзқарастарының тӛңірегінде қалып қоймады.

Шоқан секілді қазақ қоғамындағы әлеуметтік проблемаларды зерттегендердің бірі – Ы.Алтынсарин болды (1841-1889).Ы.Алтынсарин білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап бара жатқанын айта келіп, халықты білім алуға шақырды. Сол себепті ол ӛзінің ӛмірінің 25 жылын жастарға білім беруге арнады.

Ы.Алтынсарин ағартушы-демократ ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына, жергілікті ӛкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық танытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 20 бет Барлығы 164

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]