Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
303.1 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Қазақ отбасы.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

В казахской семье место отца особое. Отец – опора семьи. Члены семьи слушают отца беспрекословно. И место матери в семье особенное. И отец, и дети уважают мать. Отец и мать, посоветовавшись сыну дают домашнюю утварь, если он женится, а дочери – приданное. В казахской семье место дочери почитаемо. Дочери оказывают особое уважение.

1.Сұрақтар:

1. Қазақ отбасында әкенің орны қандай?

2. Әке ненің тірегі?

3. Отбасы мүшелері кімді тыңдайды?

4. Отбасында ананың орны қандай?

5. Әке де, бала да кімді сыйлайды?

6. Әке мен шеше үйленген ұлдарына не береді?

7. Әке мен шеше тұрмысқа шыққан қызға не береді?

8. Қазақ отбасында қыздың орны қандай?

9. Қазақ отбасы қызды қалай құрметтейді?

2. «Денсаулық – басты байлық» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

  1. Денсаулық деген сөзді қалай түсінесің?

Денсаулық деген сөз – здоровье.

  1. Денсаулықты неге басты байлық деп айтады?

Денсаулықты басты байлық, себебі денсаулық адамның өмірінде ең қажетті.

  1. Адамның денсаулығы қандай болуы керек?

Адамның денсаулығы зор, күшті болуы керек.

  1. Адам ауырмау үшін немен шұғылдануы керек?

Адам ауырмау үшін спортпен шұғылдануы керек.

  1. Өмірде адамға ең қажетті не деп ойлайсың?

Өмірде адамға ең қажетті денсаулық деп ойлаймын.

  1. Денсаулығың жоқ болса, не істеу керек?

Денсаулығың жоқ болса, емделу керек.

  1. Ауырған адамға қандай көмек беру қажет?

Ауырған адамға нақты көмек беру қажет.

  1. Өзің ауырған кезде не істейсің?

Өзім ауырған кезде емтиханға барамын.

  1. Денсаулықты қалай сақтау керек?

Денсаулықты сақтау үшін, спортпен шұғылдану керек.

  1. Денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Дені саудың жаны сау, Денсаулық – зор байлық. Тазалық – денсаулық кепілі.

3. Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше, себебі әке – отбасының тірегі.

22 билет

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Абайдың мұражай-үйі.

Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі – ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссиясының шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай-үйіне айналды.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді.Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте – қазанаспа.Оған екі қазан орнатылған.Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самауыр тұр. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі – суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И. Долгополовтың суреттері бар.

Мұражайдың температурасы қысы-жазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

Дом-музей Абая в Жидебае – это культурное учреждение, в котором собрана полная информация о жизни и творческом пути поэта. Он находится в 180 километрах от Семипалатинска. В 1945 г. накануне 100-летнего юбилея великого поэта по решению государственной комиссии зимовье Жидебай стал домом-музеем Абая. Он в 1970 г. был основательно отреставрирован. В 5 комнатах и 3 залах музея установлены вещи, взятые у ближайших родственников, друзей и современников великого поэта. Были сохранены внешний вид, постройки и фасад как во времена жизни Абая. Из длинного прохожего слева первая дверь – столовая. Его окна выходят на восток, у входа подставка для казана. На нем устновлены два казана. В большом казане приготовлено мясо, в маленьком приготовлены другие блюда. Возле подставки стоят два самовара. Справа от порога маленькое кобеже, изготовленый из обработанной кости инкрустированный медью, серебро ... В 1885г. Абай эти две вещи лично сдал в краеведческий музей г.Семипалатинска. Один из ценных исторических наследий – это картины. В гостиной висят картины его русских друзей Е.П. Михаэлиса, С.С.Гросса, Н.И. Долгополова.

В музее и зимой и летом соблюдается одинаковая темпиратура. Его стены обложены камнем.

  1. Сұрақтар:

1. Абайдың Жидебайдағы мұражай үйінен қандай мәліметтер алуға болады?

2. Ол қай жерде орналасқан?

3. Жидебайдағы Абай қыстауы неге айналды?

4. Мұражайға қашан жөндеу жүргізілді?

5. Мұражайда неше бөлме бар?

6. Бөлмеде қандай заттар бар?

7. Құрылымы, сыртқы пішіні қандай?

8. Үйге қалай кіреді?

9. Ас үйге қалай кіреді?

10. Мұражайдың терезесі қалай орналасқан?

11. Кіре берісте не бар?

12. Ол жерге не орнатылған?

13. Қазанаспада қандай тағамдар әзірленеді?

14. Қазанаспаның екі жағында не бар?

15. Оң жақ босағада не бар?

16. Абай Семейдің өлкетану мұражайына қай жылы не өткізді?

17.Ас үйде қандай тарихи мұрағаттар бар?

18. Қонақ үйде кімнің суреттері бар?

19. Мұражайдың температурасы қандай?

20. Оның қабырғалары қандай?

  1. Өзіңе ұнайтын бір өлеңді немесе прозалық шығарманың үзіндісін оқы.

3. Синтаксистік талдау жасаңдар:

Жидебай Абайдың туған жері болғандықтан, бұл өңірде ақынның мұражайы ашылды.

23 билет