Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
303.1 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Бесікке салу.

Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластайды, содан кейін баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, сыйлы адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде беріледі.

У нашего народа ложить младенца в колыбель – считалось святым делом, потому что для младенца это считалось золотой колыбелью. Прежде чем ложить младенца в колыбель, его освящали и только после этого ложили его в постель. Это самое главная традиция нашего народа. Ложить младенца в колыбель давалось право самому старшему или уважаемому человеку. Накрывался праздничный стол, человеку, ложившему младенца в колыбель дарили ценный подарок.

1. Сұрақтар:

1. Халқымыз бесікті қандай ұя деп есептеген?

2. Бесікті немен аластайды?

3. Баланы қалай бөлейді?

4. Бұл қандай дәстүр?

5. Бесікке салу жолы кімге жүктелген?

6. Халқымыз мерекеде не жайған?

7. Бесікке салған адамға не береді?

2. «Туыстық атаулары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

  1. Ата кім?

  2. Ата – ол әке-шешенің әкелері.

  3. Әже кім?

  4. Әже – ол әке-шешенің аналары.

  5. Әке-шеше кім?

  6. Әке-шеше – олар ерлі-зайыпты адамдар.

  7. Олар қандай адамдар?

  8. Олар – қасиетті адамдар.

  9. Бала кім? олар қалай бөлінеді?

  10. Бала – әке-шешеден туған бала. Олар: ұл және қыз балалар.

  11. Ұл кім? ол қалай аталады?

  12. Ұл – ол ер бала, әке-шешенің тірегі деп аталады.

  13. Қыз кім?

  14. Қыз – ол қонақ бала, оның орны ерекше.

  15. Немере кім?

  16. Немере – ұлдан туған бала.

  17. Шөбере кім?

  18. Шөбере – немеренің баласы.

  19. Жеңге кім?

  20. Жеңге – ағасының әйелі.

  21. Немене кім?

  22. Немене – шөберенің баласы.

  23. Туажат кім?

  24. Туажат – немененің баласы.

  25. Ағайын кім?

  26. Ағайын – әке жағынан туыстар.

  27. Аға, апа, қарындас, сіңлі кімдер?

  28. Аға, апа, қарындас, сіңлі – өз жұртым.

  29. Нағашы кім?

  30. Нағашы – шеше жағынан туыстар.

  31. Жиен кім?

  32. Жиен – әкесінің әпке балалары.

3. Синтаксистік талдау жасаңдар:

Үй иелері мерекелік дастарқан жаяды, бесікке салған адамға кәде береді.

18 билет

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Қалау.

Жас сәбилі болу – қазақ үшін ежелден қуаныш, той. Бұл ата-бабамыздың балаға ерекше мән бергенін көрсетеді. Кіндік шеше қалжа алып келеді, немесе басқа ағайын-туыстар нәрестеге сый-сияпат алып келіп, құтты болсын айтуға келеді. Олар кетерде нәрестенің ата-әжесі не әке-шешесі:

  • Не қалауың бар? – деп сұрайды.

Егер қонақ сол үйдегі ең жақсы дүние мүліктің, малдың берін айтып «осыны қалаймын» десе, үй иесі міндетті түрде қалағанын беруге тиіс.

Баяғы кезде нәрестенің анасынан келген кілемді не үйдің иесінен жүйрік атын «қаладым» десе де, қонаққа беруге міндетті. Сондай-ақ қазақта жиен нағашысының үйіндегі кез келген уақытта «қаладым» деп алуына хақылы.

Желанный подарок.

С древности для казахов рождение младенца считалось великой радостью, праздником. Наши предки придивали особое значение этому празднику. Крестная мать или другие близкие родственники приходили с поздравлениями и приносили особый подарок младенцу. После праздника у крестной матери или родственника спршаивали:

- Что желаешь в подарок?

Если гость пожелает получить в подарок понравившуюся вещь в доме или что-либо из скота и говорит «это желаю», хозяин обязан отдать желанный подарок. Раньше, если гость выбирал в подарок ковер, полученный в приданное матерью ребенка или лучшего скакуна хозяина, его обязанны были отдать как желанный подарок. Вот так у казахов в определенное время родственники могут получить свой желанный подарок.

1. Сұрақтар:

1. Қалау деген не?

2. Ата – бабамыз балаға қалай мән берген?

3. Кіндік шеше деген кім? ол не алып келген?

4. Басқа ағайындар нәрестеге не сыйлаған?

5. Қонақтардан нәрестенің ата-әжесі, әке-шешесі не сұраған?

6. Қонақ сол үйден нені қалаған?

7. Баяғы кезде қонаққа анасынан келген қандай заттарды берген?

8. Қазақта жиен нағашысынан нені қалап алған?

2. «Қара шаңырақ» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

1. Қара шаңырақ қандай үй?

Қара шаңырақ үлкен үй, әке-шешенің үйі.

2. Қара шаңыраққа кімдер жиналады?

Қара шаңыраққа барлық балалар, ағайын-туыстар жиналады

3. Әке-шеше шаңырақты қандай баласына береді?

Әке-шеше шаңырақты кіші, кенже баласына береді.

  1. Қазақ отбасында қандай ұл шаңырақ иесі?

  2. Қазақ отбасында кіші, кенже ұл шаңырақ иесі.

  1. Кенже бала кіммен тұрады?

  2. Кенже бала әке-шешесімен тұрады.

6. Кенже бала отбасы болса да кіммен тұрады?

Кенже бала отбасы болса да әке-шешесімен тұрады

7. Қара шаңырақта балаға не туралы айтып отырған?

Қара шаңырақта балаға жеті ата туралы айтып отырған.

8. Елтаңбамызда тұлпарлардың мүйізі неше буыннан тұрған?

Елтаңбамызда тұлпарлардың мүйізі жеті буыннан тұрған.

9. Қазақта жеті атасын білмегенді қандай дейді?

Қазақта жеті атасын білмегенді жетісіз дейді.

10. Жеті санына байланысты қандай атаулар бар?

Жеті санына байланысты жеті ата, жеті күн, жеті жұрт, жеті жарғы атаулар бар.

  1. Бала әке-шешесін қалай сыйлауы керек?

  2. Бала әке-шешесін құрметтеп сыйлауы керек

12. Сен үлкен адамдарды қалай сыйлайсың?

Мен үлкен адамдардың жолын кеспеймін, әрқашан сәлем беремін, автобуста өз орнымды беремін.

13.Үлкен адамның тілін қалай аласың?

Үлкен адамның тілін үнемі аламын.

14. Өзің үлкен адамды қалай қадірлейсің?

Мен үлкен адамды шын жүректен қадірлеймін.

15. Қара шаңырақтың тәрбиесі қандай болуы керек?

Қара шаңырақтың тәрбиесі ерекше болуы керек.

3. Берілген сөздерге түбірлес сөз табыңдар: құрмет, құрметте, құрметтеу, құрметті, сый, сыйла, сыйлау, сыйлық, ой, ойла, ойлау, ойлар, сана, санау, санады, санайды, санай біл!

19 билет