Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
303.1 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Мұражайға саяхат.

Петропавл қаласында қазақтың басын біріктірген ұлы ханы – Абылай ханның мұражай - үйі бар. Ол қаланың Ой қала атты ықшамауданында орналасқан. Мұражай - екі қабатты, бес бөлмелі ғылыми-мәдени орталық. Мұражайда ханның заманында қолданылған үй жабдықтары, төсек-орын, ыдыс-аяқтары жиналған, әйгілі Аңырақай шайқасынан көрініс панносы жасалған. Бұл мұражайда жиналған деректер ханның өмірі мен өткізген саясатынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

В Петропавловске есть дом-музей, посвщенный великому хануАблаю, объединившему казахский народ. Он находится в микрорайоне ... Музей – это научно-культурный центр, который состоит из двух этажей и пяти комнат. В музее хранятся домашняя утварь, постельные принадлежности, собрана посуда, которой пользовались во времена правления хана, изготовлено пано, изображающее великую Аныркайскую битву. В этом музее собраны артифакты, рассказывающие точные сведения о политической и личной жизни хана. Дом-музей часто посещают гости города и горожане.

1. Петропавл қаласында қандай мұражай бар?

2. Ол қаланың қай жерінде орналасқан?

3. Мұражай неше қабатты?

4. Мұражай неше бөлмеден тұрады?

5. Мұражайда қандай жабдықтармен жиналған?

6. Мұражайда қандай поннорамадан көрініс жасалған ?

7. Бұл мұражайдан кім туралы толық мағлұмат алуға болады ?

8. Мұражай-үйінде кімдер болып тұрады ?

2. «Туған қалам» тақырыбына диалог құрастырыңдар

Сен қай жерде қай қалада тудың?

Мен қазақ жерінде, Петропавл қалада тудым.

Қазір қай жерде тұрасың?

Казір Петропавл қаласында тұрамын.

Туып-өскен жерің, қалаң қалай аталады?

Туып-өскен жерім Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы деп аталады.

Ол Отанымыздың қай жерінде орналасқан?

Ол Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Туған қалаңның табиғаты қандай?

Туған қаламның табиғаты тамаша, алуан түрлі.

Ол жерде өзен көлдер бар ма?

Иә, бар.

Туған жер, қала туралы қандай өлеңдер білесің?

«Қызылжар» деген өлеңді білемін.

Қызылжарым, Қызылжарым,

Ұлың – қыран, қызың – жалын.

Ақ қайың боп иілесің,

Ақ орманда жүзің жанып.

Е.Шаймерденов

Туып-өскен қалаңда қандай белгілі ақын жазушылар бар?

Туып-өскен қаламда белгілі ақын жазушылар – М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Н.Шухов

Белгілі ғалымдар да бар ма?

Белгілі ғалым – Манаш Қозыбаев.

Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

Отан отбасынан басталады. Отан оттан да ыстық. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Туған қалаңның ірге тасы қашан қаланды?

Қалаңның ірге тасы 1754 ж. қаланды

Қаланың ірі көшелері қалай аталады?

Қаланың ірі көшелері – Абай көшесі, Қазақстан Конституция көшесі, Ж.Жабаев көшеі, Интернационал көшесі тағы басқалары

Қалада қандай алаңдар бар?

М.Жұмабаев алаңы, Даңқы ардагерлер алаңы.

Қаланың ірі каммуникациялары бар ма?

Қаланың ірі каммуникациялары бар.

Спорт стадиондары және қандай театрлар бар?

Қарасай, Жастар спорт стадиондар, Қазақ театры, Орыс драма театры, Қуыршақ театры бар.

Қалада қандай мұражайлар бар

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Абылай ханның мұражай-үйі бар.

Сенің қалаңда қандай оқу орындары бар?

Менің қаламда Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, колледждер, гимназиялар, мектептер.

Қалаңда қандай тарихи орындар мен ескерткіштер бар?

Атақты жерлес ақын жазушыларға арналған ескерткіштер бар.

Сен өз қаланды жақсы көресің бе?

Иә, мен өз қаламды жақсы көремін.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

6 билет