Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

үлкен үміт күткен Әбішінiң қатты сырқаттан өмірі ұзаққа бармады. Абайды ауыр қайғыға салып, кеудесін ауыр қасірет, шерге толтырған қайғыосы еді. Жүрегіелжіреп, зарығатолғайды.

Я, құдай, бере гөр Тілеген тілекті! Қорқытпай орнықтыр Шошыған жүректі Шын жүрек елжіреп, Алладан тілеймін, Шын, қалқам осы күн, Болып тұр керек-ті Жүрегім суылдап, Сүйегім шымырлап, Талмастай тілеймін,

Құпия сыбырлап!… [84, 415].

Ақын ұлының амандығын Алладан тілейді, жалынады, бірақ дәрмен жоқ. Жүрегі шошып, суылдап, сүйегі шымырлап, қапалы халге түскен жаралы жанның аһ ұрған күйін көреміз. «Абай жолы» эпопеясында М. Әуезов кейіпкердің терең жан азабын былай деп суреттейді: «… Бұл сәтте де шерден туған қасірет өлеңі оралып, құралады. Ол күрсінуден, жалынудан… шарасыз сенделуден туған күй… сөзбен шыққан жан жалыны. Жүректен атылған, сол жүректің ыстық қаны. …Әйтеуір тынымсыз да толассыз бір қауіп шошыған жүректі қатал тұяқпен қатты сығымдап алған. Шеңгелдеп қысып, сәт сайын зәр-зарын төктіреді. … Бірақ Әбіштің жайын ойласа осылайша оңаша, құпия сыбырлап, күйлі шер шертпеске шарасы жоқ» [84, 415].

Абайдың ақындығын бейнелейтін, оның шығармашылығының психологиясын ашатын эпизодтар «Абай жолы» эпопеясының төрт кітабында да ұшырасады. Жазушы романның алғашқы кітабының көп тарауларында оқушыны Абай жанының тебіренулеріне, оның сезім дүниесіне үңілдіре отырып шығармасының ең негізгі тақырыптарының біріне ауысуға дайындық жасайды. Ол өзінің кейіпкерін ғана емес, оқушысын да сол тақырыпты терең де әсерлі қабылдай аларлық өріске меңзейді. Бұл – ақын Абай туралы тақырып. Романның бірінші кітабында Абайдың ақындық өнері кеңінен бейнеленбеген. Бұл шындыққа сай

331

келеді де. Өйткені Абай біраз егде тартқаннан кейін ғана шын ақын атын алғаны, ақындық өнерге кешеуілдеп барып ден қойғаны мәлім. Дегенмен ақын Абай туралы тақырып романның бірінші кітабында да біраз өрістеп, желі тартып қалған.

Абай өз творчествосының қайнар көзін халықтың өмірінен, оның жарыққа, еркіндікке ұмтылған күресінен іздейді, өзінің шығармаларында сол халықты, соның арман-тілегін жырлайды. Өз заманының оқырмандарына жақсы таныс, әрі зор тәрбиелік мәнін кейінгі дәуірлерде де жоймаған Абай поэзиясы эпопея авторы үшін құнды дерек көзіне айналып, соның көмегімен ол ағартушы-ақынның шығармашылық мұрасының аса зор қоғамдық маңызын көрсетуге тырысты. Эпопеядағы көптеген көріністерді Абай поэзиясының әсерінен туған деп кесіп айтуға болады. Эпопеяның тақырыбы мен идеясы, ұлттық даралығы мен халықтық сипаты, тілі, сюжеті, образдар жүйесі – осылардың қай-қайсысында да суреткер Абайдың әдеби мұрасын, оның заманынан асып туған асыл ой-мұратын негіз етіп алады. Жазушы эпопеяда ұлы ақын бейнесін жасау үшін, оның әдеби мұрасына сүйенген.

«Бұл жөнінде жазушының өзі: «...әсіресе «Абай жолының» екі кітабын жазуда маған творчествосы арқылы Абайдың өзі көмекке келді», – дейді [82, 109]. Егер Абай ойлары мен ақынның поэтикалық туындыларындағы толғаныстарының Әуезовтің көркем баяндауымен қалай берілгендігіне келсек, онда тура сәйкестіктерді кездестіру қиын. Әрине, Абай поэзиясында рухани жалғыздық сарыны анығырақ естіледі. Бірақ эпопеяда автор ақынның нақты бір шығармасын басшылыққа алмайды. Жазушы Абай өлеңдерінің көңіл күйін жалпы үнін аңдай білді және ақын ойларын толғаныстарын суреттей отырып, олар арқылы сол суреттердің әрбір штрихтары мен детальдарын көрсете білді. Абай поэзиясы әлеуметтік әрі өнегелі ақын идеалына қол жеткізуге, оның эстетикалық көзқарастарына және де сол поэзияны тудырған әлеуметтік орта мен тарихи жағдайларды дұрыс түсінуге қызмет етеді.

Абайдың поэтикалық шығармалары жазушыға ақынның ішкі бейнесін дәл көрсетуге, эпопеяда оның ішкі күйзелістері мен толғаныстарын көркем де дәл беруге көмектеседі. Әуезовтің жазушылық құдіреттілігі сонда – ол Абай шығармаларының

332

нақтылы сезім қырларын пайдалана отырып, сол арқылы ақын жанының кейбір өзіндік ерекшеліктерін эпизодта көрсетпейді, оларды эпопеяның мазмұнымен шебер байланыстыра білгендігінде. Ақын поэзиясында көрініс тапқан Абайдың көңіл күйі, ойлары, сезімін жазушы эпопеяда бас кейіпкердің нақтылы әрекеттерін бейнелеу үстінде немесе басқа кейіпкерлермен қарымқатысы үстінде көрсетеді. Сөйтіп, Абайдың поэзиялық шығармаларының сарынын негізгі кейіпкердің рухани әлемін ашу барысында жазушы эпопеяның көркемдік идеясына сәйкестендіріп береді. Сонда Абай шығармаларындағы ақын толғаулары мен эпопеяның негізгі кейіпкерінің толғанысы арасында үндестік аңғарылады. Жазушы эпопеяда суреттелетін өмір жағдайына байланысты ақынның нақтылы бір шығармасы сюжетінің мазмұнына көркемдік талдау, түсінік бере отырып, оны шығармашылықпен жүзеге асырады.

«Ауыл реңі өзгеше жүдеу еді. Далада бұттары жалтырап, жалбыр-жұлбыр киініп, бүрсеңдеген, күс басқан аяқтары қызарған кедей балалары көрінді. Бай үйінің сыртын жағалап, жүк жиылған күнес жақта ақырын күбірлеп ойнайды. Қойшының қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған. Қолы, беті жарылған жұмыскер әйел үйінің жыртығын жамап отыр. Жалаңаштанған үйдің керегесінен жүдеу, шоқпыт жоқшылық көрінеді. Арқасына ала қап жамылған, басына шоқпыт тымақ киген кәрі кемпір сол шала жағылған үй ішінде, қара суық астында малма сапсып отыр» [84, 60].

Біздің көз алдымызда қазақ кедейінің ауыр тұрмысы үлкен көркемдікпен суреттеліп тұр. Бұл көріністі оқырман Абай көзімен көреді. Жазушы кейіпкердің психологиялық қабылдауына икемдей отырып, оқырманға да әсерін күшейте түседі, оған Абайдың көңіл күйін, тебіренісін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл сурет алда тағы да әлденеше рет көрініс беретін Тәкежан ауылы кедейлерінің ауыр тұрмысын ғана емес, Абайдың «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңдерін де түсіреді. Айналадағы бар көріксіз күйкі күйлерден сергек оянғандай ол, Дәрменнен қағаз бен қарындаш сұрап алып, көргендерін ызалы мысқыл, ащы оймен қағаз бетіне түсіреді.

Роман-эпопеядағы Абай алпыс жасқа жетер-жетпес ғұмырында талай тосқауыл, кедергілерге кездесіп, тебіреніп, толға-

333

нады, баяу алға жылжиды. Бұл романның сюжеттік дамуын баяулатып, динамикалық қимыл-қозғалысын бәсеңдеткенімен, образдың өсу эволюциясы мен табиғи болмысын арттыра түседі.

Жазушы Абайдың поэзиялық өсиеті іспеттес «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?» өлеңі туғандағы Абайдың ішкі толғанысын дәл көрсетеді. Оқырман ақынды қоршаған табиғатпен оңаша, ауыр ой мен терең пайымдау үстінде көреді. Бұнда туған жердің нәзік поэтикалық көрінісі мен өмірдің мәні философиялық тұрғыдан пайымдалып астарласады. Осыған орай эпопея финалындағы Абай образының бейнеленуі өте әсерлі.

«Қазір кеш тақау. Күн батуға арқан бойындай ғана қалған. Өртеңнің сарша иегінен Абайға мәлім көп таулар, далалар, қыстау болған қалың қатпар адырлар жағалай көрінеді. Сол жақта, күншығыста Орда тауы, Тоқымтыққан, Боқай дейтін көкшіл мұнарға оранған қоңырқай таулар көрінеді. Одан әріде, шырқау ұзақ алыста, аспан мен жер мұнар боп, кілегей сұйық ақкөк бояуға айналыпты. Көкжиегі көрінбей қосылып кеткен, кілегей мұнар ішінде Арқат тауы, Байжан тасы байқалады. Олар өзгеше иректелген қырлы-қырлы жоталарымен сәл-сәл ғана аңғарыла-

ды» [84, 514].

Тірі табиғатты сезіну, күн батардағы көкжиектің әр алуан түсі ақынға өз өмір жолы, қайғысы мен қуанышы, осы көзбен болашақ жайлы ойларға жетелейді, ақын жүрегінде туған халқының тағдыры мен өмірдің мәнісі туралы терең ойлар тудырады. Ақын жанын толтырып тұрған шығармашылық шабыт пен қанағат сезімі, өткен өмір жолы туралы толғаныстар оның ойы мен қиялын тұтандырады.

«Абай осы сәтте бұл дүниені өзіне де бір соны болған жаңа оймен шолып, бағып тұрған. Жер, туған жер, ең толық, ең мол сырлы өзгеше әңгімеші екен. Өмірдің бірталай биік беліне шыққан Абайдың өткен шақтары елес-елес тізіліп өте бергендей. Сол қатпарлы таулар, ақ далалар, ұзын аққан түйе өркеш әсем салалар, Қарауыл, Балпандай өзендер, бұның өмірінде талайталай шақтарының беті ашылып тұрған, өзгеше кітабы тәрізді. Әр өңірге сәл тоқтаса, нелер ыстық қуанышты елес береді. Нелер ауыр қайғы, қажытқан уайым, шаршатқан қасірет, жаулықтың да талай-талай уланған қастығы еске түседі» [84, 515].

334

Абай толғанысының лирико-философиялық тереңдігін түгел түсінуге, сезуге мүмкіндік беретін осы жолдарды оқи отырып, халық қайғысы мен мұңы оның жүрегін тілгілегендігін көреміз. Абай санасында өткен өмір, адамдар, оқиғалар көріністері қайта жаңғырады. Олар бұл өмірмен тікелей байланысты адам көзімен көрсетіледі, сондықтан да бұл әсерлер сондай анық әрі өшпес. Абай қайғы мен күдікке, налаға толы өз өмірінің шыңыраудағы шындықты іздеуге бағышталғанын ерекше сезінеді. Бірақ барлық осы жайттарды, бәлкім тағдырлары бөлек бұған ұқсамайтын келер ұрпаққа қалай түсіндірерсің?!».

«Әрине, мынау тұл заманның тусып тұрған дүниесі ол шаққа да осы қалпымен барады да өзгереді. Ал адамнан ше? Бүгінгі қауым, бүгінгі жандардан ше!.. Бұл жайды бөгеліп тұрып ойлағанда, Абай қабағы түйіліп, жүрек жирене қысылып, өне бойымен түршігіп бір дір еткендей болды.

Соқтықпалы соқпақсыз заманда өмір кешкен азғантай халқы бар. Оның бүгінгі тірлігі – қорлық. Ол қараңғы, надан, оны билеген күш-қуат қара албасты, қара түнек күштері. Бұны ойласа Абай бір сәт шұғыл, қатал бір ойға ауысады. «Бұл өмірден кетер ме еді? Өліп-өшіп, жоғалып, сол болашақ дүние үшін кетсе. Қайта бір ояну үшін, бір сәтке болса да қайтадан жандану үшін өлсе... Болашақта аз тірлікке қайта бір келу үшін солай болса», – деп те қиялдайды.

Жаңағы асқар ойдың шағында бүгінгіден жирену соншалық, Абай бірінші рет осы арада «енді өлсе де болады-ау, жетті ғой! Мен жүретін сапар таусылар шағы болған тәрізді» [84, 516]. Абай тіліне оралған өлеңнің («Мен бір жұмбақ адаммын») жекелеген жолдарын жазушы «өлеңнің қандай өмір жағдайында туғандығын көрсету арқылы кеңірек көз жеткізеді. «Көңілді бұрып билеген бір қызу толқын, ыстық ойлар зор кеудені шарпып тулатты. Абай асығып үйге кіріп, Әйгерімге «шам жақшы» деп тез бір тілек айтты да, төсектің бас жағындағы сүйектеген кітап шкабының ішінен қағаз, қарындаш алды. Үлкен дөңгелек стол қасына құлай бере, асығып кеп отыра қалды. Жарығы мол Әйгерімнің лампысы стол үстіне кеп орнағанда Абайдың асыға қимылдаған, жүрдек қолы астынан, өзгеше бір тың туысты өлең жолы созыла берді» [84, 517].

335

Анық ақындықтың үлкен бигіне көтерілген Абайдың «Өлсем орным қара жер» дейтін өлеңінің туған сәтін жазушы осылай аса терең сезіммен суреттейді. Ақын өмірінің қорытындысы іспеттес бұл өлеңді кейіпкердің ішкі әлемін кеңірек ашу үшін жазушы оның ақындық тұлғасын шығармашылық шабытпен жүзеге асырды. Ерекше шебер суреттелген табиғат көріністері оқырманға Абайдың поэтикалық құдіретін тануға, терең жан тебіреністерін сезінуге, туындылары уақытты ұтып, келер ұрпақтың жүрегінен орын тебетіндігіне сенім білдіретін ақынның бұл өлеңіндегі сезім мен ой маңызы көмектеседі.

М. Әуезовтің ұлы ақын образын сомдаудағы көркемдік әдісінің ерекшелігі – эпопеядағы тарихи деректердің Абай поэзиясының мазмұнымен астарласып жатуында. Өз кейіпкерінің образын сомдауда Абай шығармашылығы автор ойларының, образдарының, көңіл-күйінің, барлық психологиялық детальдардың бастауы болды. Алғашқы, ақын өлгеннен кейінгі, ақын өлеңдерінің жинағында туысы Кәкітай қолымен жазылған Абайдың қысқаша өмірбаянынан басқа тарихи құжаттар, мөрлі куәліктер аз еді. Сондықтан суреткердің шығармашылық қиялы қаншама бай болғанымен, эпопея авторы жалғыз соған сүйене алмады. Детальдардың барлығы жасанды, оқиғалар ойдан шығарылған болуы мүмкін, бірақ кейіпкердің негізгі қырларын танытатын ішкі мазмұны халық санасында қалыптасқан ақынның тарихи шынайы бейнесіне қатаң түрде сәйкес келуі тиіс [81, 301].

Әуезов эпопеясында поэзия тарихты бедерлейтін және тарих поэзиямен рухтанатын қуатпен жазылған. Әуезов романы, мүмкін, халықтың өмірді поэтикалық қабылдауының аса дамығандығының берілуінен болар, қазақ халқының көркемдік дамуының жарқын көрінісіне айналды.

Эпопеядағы Абай образының шығармашылық психологиясын суреттеудің негізгі құралы көркем баяндаудың тініне қосылған ақын өлеңдері мәтіндерін тікелей қолдану болып табылады. Поэтикалық ойдың туу процесі айқын танылатын өлеңдер арқылы, оның реалистік образдармен күрделенуі негізінде автор орыс мәдениетінің әсерінен дәстүрлі образдардың қалай жаңарғанын көрсетеді.

Абай шығармашылығы эпопеяда өзінің бүкіл мазмұнымен және негізгі көркем образдарда көрінгенімен, М. Әуезов эпопея-

336

ны Абай өлеңдерінің тізбегімен толтырмайды. Әуезовтің көркемдік әдісінің өзіндік ерекшелігі кейіпкердің бір психологиялық қалыптан басқа күйге ауысуын тудыратын: қайғырудан, өмірді сезінуден, шындықпен бетпе-бет келуден өлеңдерге, өлеңдерден өмірге деген ақын өлеңдерінің белгілі ырғақпен қолданылғандығы байқалады.

Эпопея Абай өлеңдерімен тікелей өрілгенімен, онда Абайдың өзі өлең айтуы мен өз шығармаларын оқуы тәрізді эпизодтар көп емес. Автор тарапынан бұл жағдайда ақын бейнесін, оның жан күйін толық Абайдың өз өлеңдерін орындауы немесе шығаруын алдын алып отыратын әрқашан да дерлік кейіпкердің көңіл-күйінің, поэзия туралы әңгімелерінің суреттелуі орын алады.

Ақын өлеңдерін шығыс лирикасы рухында шығарады. Ел билеушілерін әшкерелейтін, одан жастық пен махаббат әндерімен, саятшылық, жас сұлу мен кәрі хан туралы өлеңдерімен, Татьянаның хаты мен Лермонтовтың «Вадимі» аудармашыларымен, күз, кедейлер туралы, молда мен билеушілер туралы, қайтыс болған ұлдары және мұның бәрі дерлік эпопеяда қолданылған суырып салма үлгісіндегі өлеңдерімен көрінеді. Бірақ бұл өлеңдер – Абай поэзиясы қаланған жарқын ғимараттың – үлгісі ғана.

Қандай әдістермен автор оқырманында ақын ойының үздіксіз қозғалысын сезінуіне, тынымсыз, ізденгіш Абай ойының оны ешқашанда қозғалыссыз қалыпта қалтырмайтынын сезінуіне қол жеткізген? Өйткені автор ақын өлеңдерін қатыстыра отырып, кейіпкердің шығармашылық психологиясының қозғалысы мен дамуының ішкі ырғағын тудырады. Міне, Абай медреседен оралған. Оның жаны шығыс ақындары музыкасының лирикалық әндеріне толы. Ол бірінші төрт жол өлеңін сұлу қызға арнайды. Автор әзілмен мұның кітаби шарттылығын атап көрсетеді: болашақ ақын өлеңдерін өзінің кәрі әжесіне арнайды. Бұдан кейін Абайдың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» аңызын алғашқы рет естуін және оның қиялы мен шындықты нәзік қылмен байланыстырған балалық санасында поэтикалық ассоциацияның пайда болғаны жайында авторлық баяндау орын алады.

Шығармашылық тұлға ретіндегі Абай характерін аша отырып, Әуезов өз кейіпкерінің сөзін халық тұрмысындағы сансыз

337

мақалдармен, мәтелдермен, қанатты сөздермен әсемдемейді. Ол біздің романшылар, тіпті ақындардың белгілі бір ұлт өкілінің образын ашуда тудыратын жалған шығыстық сұлулықты, көзге ұрушылықты оның сөзінде қолданбайды. Эпопея авторы Абай санасындағы поэтикалық сөздің дүниеге келуінің күрделі процесін, күрделіпоэтикалықассоциацияныңтууынкөрсетуді мақсат етеді.

Автор өз кейіпкерінің тіліне мақал мен мәтелдерді енгізгенде, әрқашан да кейіпкер характерінің бір қырын баса көрсетуді мақсат етеді. Абай барлық өнердің ішінде сөз өнерін биік тұтатын халық ішінде өсіп, қалыптасады. Бірақ оның сөзі – өзгенің ой қырлары емес. Ол халық образдарының мәнін сіңіріп және оны өз өлеңдерінде өзінше ашып көрсетті. Әуезов Абай тіліне небары жиырма шақты мақал-мәтелдерді енгізгенімен, өз кейіпкерін іштей дала билеушілеріне, тілі феодалдық ортада қалыптасқан, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге толы көсем тілді билерге қарсы қояды. Абай тілі – оның ойының туралығы мен даралығының куәсі.

Жалпы Әуезов романында Абай көп сөзді емес. Романда ақынның ішкі, ойлы монологі біршама орын алады. Монолог тәсілінің тамаша үлгілері М. Әуезовтен бастау алатынын ғалым Г. Пірәлиева былай деп атап көрсетеді: «Әуезовке дейінгі көркем прозада жеке кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіндегі сезім құбылыстары мен рухани әлеміндегі психологиялық процестер көбіне автордың баяндауында, яғни автордың монологы ретінде беріліп жүрсе, Әуезовтен бастау алған кең тынысты эпикалық туындыларда жеке адамның жан сыры, күйініш-сүйініші монолог, ішкі монолог, «ой ағысы» т.б. секілді көркемдік тәсілдер арқылы бейнелене бастағаны белгілі» [250, 79].

М. Әуезов суреттеген Абай монологтары сезімге толы әсершіл ойларды ерітіп, поэзия түрінен прозаға айналады. Оларда ақынның аласұрған ойлары, болашақтан күткен үміті, асқақ үні образды әрі ойлы болып келеді. Әуезов өзінің кейіпкерлерін дала өмірінің мың құбылған түрлі-түсті суретімен елестеткенде, шығармашылық шабытты шақыратын көңіл-күйдің психологиялық шым-шытырық сәттеріне орай терең талғаммен ашып береді. Жазушы «Абай жолы» романының тақырыбы сияқты, эпопеяда шығармашылық психологияның айқындылығын талап етеді. Мұнда фразалық тіркес әдемі сөздерді құруға емес, шығарманың ойлылығына, сезімге әсер етуіне көп мән беріледі.

338

Басты кейіпкердің монологтары эмоциядан, шабыт кернеген ой ағындарынан тұрады. Олар драмалық оқиғалардың жаңғыруымен, Абайды толғантқан сезімдердің көрінісі, халықтың үні ретінде эпопеяның басынан аяғына дейін көрініс тапқан. Олардан біресе азаматтық сарынмен, біресе көтеріңкі ырғақпен айтылған ойлы, қайғылы үнді естисің. Бұларда әрқилы тұрмыс суреттерін өмірге әкелген ақынның поэтикалық қиялының бар байлығы көрінеді. Әуезов өз қаһарманына қолданған психологиялық мінездеу тәсілін «ағынды толқынмен» салыстыруға болады. Өзіндік ырғақпен ішкі жан-дүниенің үздіксіз жалғасқан алауын шынайы жеткізе отырып, автордың шығармашылық тұлға туралы басты концепциясына жауап береді.

Абай көбінесе оның жаны қаншалықты терең, соншалықты қатты күйінген кездегі ой үстінде, күдікте, толғаныста көрінеді. Бірақ Абай сөйлеген кездегі тұстан біз оның тіліне енген өлеңдерін, біраз өзгертілген, бірақ өзінің негізгі мағынасында қарасөздеріндегі ойларын сеземіз. Ақынның өлең жолдары әдеби кейіпкер ретінде оған тарихи нақтылық бере отырып оның тіліне енеді, сонымен тарихи – шынайы және үлкен жазушының шығармашылық қиялынан туған екі образды біріктіреді.

Абай өлеңдерінің өзі тебіреніп толқыған жан сезімінен, шабыттанған жүректен туған шығармалар ғой. Бүкіл төрт томдық роман-эпопеяда қазақ өміріне, тұрмыс болмысына өз кейіпкері Абайдың көзімен қараған жазушы ақынның творчестволық психологиясын мейлінше терең, мейлінше жан-жақты көрсетуі сондықтан. Әуезовтің өзі Абай өлеңдерін зерттеп, оқу арқылы қазақтың өткен тағдыр тарихын ақын Абайша тебіреніп, толғанып, творчествоның азабын кешіре отырып, танып білді. Ал осындай күрделі творчестволық процестерден туған алып тұлға, жалпы, шығарма қарапайым оқушыны да соншалық толқытып, тебірентпеуі мүмкін емес.

3.3. Ақынның сөз образдарын жазушының жаңартып беру тәсілі

Қаламгердің көркемдік сырын, суреткерлік шеберлік қырын алдымен тілден бастайтын болсақ, тілдің сан түрлі сипатының үлкен бір бөлігін пейзаждан табамыз. Өнерге ғылыми анықтама

339

берер сөзінің алдында әдебиет теориясының атасы А. Байтұрсынұлы былай деген: «Орман, теңіз, тау, өзен, бұлақ – бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер... Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады»

[251, 6].

Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ол – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Әрбір ақын мен жазушы қай замандадаөзөлкесінің табиғатын жырлап келгені мәлім. Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оны құшағына тұтас қамтып алады. Сөйтіп, бізге табиғатты барынша байланыстыракөрсетеді.

Абайдың өз дәуірінің алуан мәселелерін қамтыған әдеби мұрасы – мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар. Сол туындылардың көбі адам мен табиғатқа қатысты. Ол Абайдың дүниежүзілік поэзиядан алған үлгілері еді. Табиғат көріністерін, оған бөленген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс тіршілікті суреттеуге Абай көп өлеңдер арнаған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, мұншалық терең жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Табиғат лирикасы – Абайдың ақындық дарынын, даралығын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі күй кешкен көшпелі елді, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояуымен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, жұртының әлеуметтік шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Ақын өзін қоршаған табиғаттың жанды бояуын күшті шеберлікпен тереңнен қозғап, түрлітүрлі көрінісін көз алдына елестетеді. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын, қасиетін түсіндірген Ахмет Байтұрсынұлы: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын қасиетін қоршай жазды»,– деп бекер айтпаса керек [57, 217].

ХІХ ғасырда қазақ поэзиясына Абайдың әкелген жаңалығын ХХ ғасырда проза жанрында М. Әуезов дамытты. Ол қазақ әдебиетін әлемдік дәрежеге көтерді. Пейзаждың қас шебері

340

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]