Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

жоқ еді («Еңлік-Кебек»)... Ел кісілері қара көңіл биге – Кеңгірбайға ерген соң, ер-азамат соларға берген соң, ар жағында не қалды, айтыңдаршы? («Еңлік-Кебек»).

Көңілі бітеу, көзі көр несін демеу етеді? («Абай» трагедиясы). Соны естіген қарындас жүрегі мұздай қатпап па еді? («Абай» трагедиясы).

Қапа көңіл қайғысын таза жуып, Сергек дене мас болып сенделерлік («Абай» трагедиясы).

Сонымен, Абайдың сөздік қорын М. Әуезов мейлінше мол пайдаланған деген қорытындыға келдік. Әуезов Абайдың сөздік үйірін құрғақ қайталамайды, оған жаңаша түр беріп, түрлендіріп қолданады. Ақын мен жазушы тілінде ортақ эпитет, теңеу, метафора, метонимия, синекдоха, символдардың үлгілері кездесіп, екі сөз зергерінің көркем тілінің жетістіктерін дәлелдейді.

361

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқының маңдайына біткен ойшыл даналары Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығы – сан ұрпаққа рухани азық болатын сарқылмас мол қазына. Халқымыздың бүгінгі тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде Абай мен Әуезовтің алатын орны ерекше, оны бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Абай мен Әуезов мұрасы адам тіршілігінің сан-саласын қамтып, қазақ халқының өткені мен бүгінін, болашағын ұштастырған өміршеңдігімен, мәңгілік өзектілігіменқымбат. Асаалыптұлғалар– табиғатпенқоғамның, адамзатпен руханияттыңайрықшабіркөрінісі. Олар– әлемдікдаратұлғалар.

Абай мен М. Әуезов есімі еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемге танылып жатыр. Қос алыптың есімі әлемді шарлады. Қазіргі уақытта нағыз Абайды, дана Абайды және ғұлама жазушы Әуезовтің шығармашылық мұрасын қайта танытып қауыштыру – әдебиеттегі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе.

Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің есімдері бұл күндері ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы арқылы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған М. Әуезовтің тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Абайдан Мұхтарды, Мұхтардан Абайды бөліп айту мүмкін емес. Ұлы ойшыл Абайдың өмірі мен ақындық жолы – Мұхтар Әуезовтің шығармашылық қызметінің басты тақырыбы. Бұл тақырыпты игеруге М. Әуезов өзінің бүкіл саналы өмірін, ақылының қайраты мен жүрегінің қызуын түгел арнады.

Ұлы Абай шыққан ортада тәрбиеленіп, жастайынан өлеңдерін жаттап, санасына сіңіріп өсуі – М. Әуезовтің биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал еткен асыл арналардың бірі. Абай өскен өлкенің тіршілік болмысын, тарихын, ертегі-аңызын, қисса-дастанын жетікбіліп, бұлбайлықтыболашақшығармаларынаарқауетті. М. ӘуезовАбайөлеңдеріненнәралып, молмұрасынақанығып, ақынрухымен тербеліп, тал бесікте өсті. Жазушының ақын өмірге келген ортада туып, жасынан көп дүниені көзбен көріп, өз үйі, ел арасы айтатын өткендегі шежірелі әңгіме-аңыздарға қанығып өсуінің де шешушімәніболған.

362

Абай мұрасы мен М. Әуезов шығармашылығы арасындағы байланыстың, сабақтастықтың сан сала, бағыттары, арналары мол. Соның ішінде екі ойшыл дананың рухани сабақтастығы олардың өмір сүрген қоғамдық ортасы мен заман болмысындағы ортақ көріністерде жатыр. Абай шығармаларында қозғалатын мәселелерді түсіну үшін ақын өмір сүрген дәуір болмысы мен сол ортаның саяси ахуалын білу шарт. М. Әуезов Абай ғұмыр кешкен әлеуметтік ортада жасап, ақын өмір сүрген дәуір болмысын көзімен көріп, іштей сезініп өсті. Сол кезеңнің заңды жалғасы – саяси көрінісін, патша өкіметінің қазақ даласына жүргізген отаршылық езгісін, ел басқару жүйесін біліп өсті. Сол кезеңдегі әкімшілік жүйені орнатып отырған отаршылдық мүдденің қазақ даласына енгізген саясатын Абай сияқты М. Әуезов те шығармаларында қатты сынға алған. Абайдың халық жайлы, ел жайлы азаматтық, қоғамдық сарыны М. Әуезов шығармаларында кеңінен сөз болады. М. Әуезов тарихи роман жазу барысында шебер жазушы ғана емес, үлкен тарихшы ретінде де өзін танытады. Ол өзінің мол тарихи танымы арқылы ғұмырлық құндылықтарды өткінші жағдайлардан ажырата алып, көптеген замандастарынан әлдеқайда көреген болатын, сондықтан да ол сол заманның идеологиялық ұстанымдарының шектеулігін, оның өнерге тигізетін зардабын айқын көре білді.

Абайдың нәр алған қайнар бұлақтарынан Мұхтар Әуезов те сусындап, өзінің жазушылық, ғалымдық, суреткерлік дарынына азық етті. Үлкен ғылым ордалары Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып, ірі қалаларда қызмет істеп, әдеби-мәдени кең орталықтарда жиі болып, шетелдерге іссапармен шығуына байланысты жазушының қайнар көздері ауқымының мол екенін, яғни бүкіл әлем әдебиетіне қатысы жағын ескеруіміз қажет.

Еңбекте М. Әуезов шығармашылығының нәр алған алты қайнар бұлағын атап көрсетіп, оларға зерттеу жүргізілді. Олар: туған халқының әдебиеті, Абай тағлымы, Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Шығыс әдебиетінің жауһарлары мен еңбектері, Түркі халықтары әдебиеті, Орыс әдебиеті мен Батыс мәдениетінің үлгілері. Осы аталған Әуезов шығармашылығының қайнарларына зерттеу жүргізу барысында, Абайдың нәр алған қазына көздеріне де үңіліп, бірге алып қарастырып отырамыз.

363

Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ ақын-жазушыларының бүкіл шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Қазақ зиялылары халықтың болашағы Абай нұсқаған сара жолда деп білді, соның ізімен жүруді мұрат етті.

Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабайұлы «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген болатын. «Абай дәстүрі» ұғымын әдебиетте алғаш танытып, ол туралы жар салып пікір білдіргендердің бірі – М. Дулатұлы. Ол Абайды оянып келе жатқан қазақ халқы әдебиетінің негізін салушы деп таныстырады. Сондықтан Алаш әдебиетінің өкілдері Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан сынды ірі тұлғалар поэзиядағы Абай салған дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атау керек. Абай мен Алаш ақындарын біріктіретін ортақ мақсат: біріншіден, олардың бәрі де қазақ халқының қамын ойлап, ұлттық тәуелсіздігін көксеген, ел еңсесін көтеруді мақсат еткен; екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу басқа халықтармен терезесін тең ету еді. Бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойғы қазақтың ұлттық рухын паш ету, ел намысын, болашағын аяқасты етпеу.

М. Әуезовтің саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына Алаш қозғалысының ықпалы зор болды. Елдегі қоғамдық өзгерістер мен саяси жағдайлар тұсында қаламгерлік өмір жолы басталған М. Әуезов те ұлт тағдырына алаңдап, Алаш азаматтарымен бірге қазақ халқының ояну дәуірінің әдебиетін жасауға бар күш-жігерін жұмсады. Осы кезеңде дүниеге келген шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілері санатындағы еш уақытта маңызын жоймайтын құнды дүниелер болып қалды.

ХІХ ғасырда қазақ поэзиясына Абайдың әкелген жаңалығын ХХ ғасырда проза жанрында М. Әуезов дамытты деген берік көзқарасты ұстай отырып, ақын тіліндегі сөз образдары

364

жазушының проза тіліне айналып, дамытыла түсіп, түрленіп, өзгеше өрнегін тауып отырғаны осы зерттеуде анықталды. Қаламгердің поэзияны проза тіліне айналдырып жазғанда, онан әрі әрлендіріп, жандандырып, ажарландыра түскені байқалды. Бұл тәсілді қолдану барысында жазушы хас шеберлігімен тағы бір қырынан танылды деуге болады. Рухани ұстазы Абай өлеңдеріндегі табиғат көріністері кейіннен өзінің әңгімелері мен «Абай жолы» роман-эпопеясындакөркемдікшеберлікпен жалғасын тапқан.

М. Әуезовтің көсемсөздерінде, драмалық шығармаларында, әңгіме-повестерінде Абай поэзиясының сарыны естіліп, ақынның сөз қолданыстары мен сөз өрнектері кездесіп отырады. Әуезовтің әр шығармасында Абай поэзиясының, ақын қарасөздері әсерінің іздері сайрап жатады. Соның ішінде М. Әуезовтің «Адамдық негізі – әйел», «Ескеру керек», «Қазақ қызметкерлерінің міндеті», «Оқудағы құрбыларыма», «Қайсысын қолданамыз», «Философия жайынан», «Оқу ісі», «Ғылым тілі», «Ғылым», «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақалаларынан Абай қарасөздеріндегі ой толғамдарының әсерін көруге болады. Жазушының алғашқы мақалаларындағы гуманистік идея басымдығына, қоғамдық пікірлерінің өткірлігіне Абай мұрасының игі ықпалы болған.

«Менің тілімде Абай тілінің өрнек, бояуы бар», – деп М. Әуезовтің өзі атап көрсеткендей, жазушы шығармашылығынан Абай тілінің сөздік өрнегін таптық. Соның ішінде М. Әуезовтің 20-жыл- дары жазған алғашқы әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп-жану», «Кім кінәлі?» әңгімелері мен «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повесінен Абайдың сөз кестелерін тауып, ақын мен жазушының сөздік қорындағы ортақ ұқсас жақтарына салыстырулар жасалды. Қаламгердің қазақ драматургиясын биікке көтерген «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Абай», «Түнгі сарын», «Хан Кене» пьесаларын оқып отырғанда, Абайдың поэтикасының сарынын, поэзиясындағы ақын тілінің кейбір сөз оралымдарын кездестіругеболады.

М. Әуезовтің тер төгіп сарыла ізденген, ұзақ уақыт бойына шұғылданған тақырыптарының ең бастысы, негізгісі – халқымыздың ұлы ақыны Абайдың өмірі, шығармашылығы және ақындық қызметі. Бұл тақырып оның шығармашылық өмірінің өрісті өзегі-

365

не, жазушылық еңбегінің мағынасы мен мақсатына айналды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы он тоғыз жасында-ақ асқарлы арманына айналған. Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жинау, оның шығармаларын бастырып шығару және ұлы ақынның тұлғасын көркем әдебиетке мүсіндеу ісімен М. Әуезов отыз жылдан аса уақыт бойына шұғылданды. Бұл салада оның сіңірген еңбегі мейлінше мол әрі жемісті. Яғни М. Әуезов Абай тұлғасын әдебиетте екі жақты ғылыми әрі көркемдік тұрғыдан сомдап жасады. Абайды алдымен ғылыми тұрғыдан зерттесе, кейіннен ақынғаарнап көркем туындылар «Абай» трагедиясы мен«Абай жолы» роман-эпопеясын жазды.

«Абай жолы» эпопеясында, негізінен, көтерілетін мәселе – Абайдың ақындығы мен даналығы. М. Әуезовтің өз мәлімдеуіне қарағанда, «Абай жолы» эпопеясына қатысты материалдар тапшы болғандықтан, ақынның әдеби мұрасы басты деректерінің бірі болып саналады. Абай дәуірінің әлеуметтік шындығын терең де дәл түсінуден туған «Абай жолы» эпопеясының тарихи жағынан нақтылығына, оның көркемдік тұрғыдан суреттелуіне ақынның өз шығармашылығы да едәуір көмек болды. М. Әуезов Абай поэзиясын соншалықты терең түсініп, ақын жанының қыры мен сырын тану арқылы Абайдың бүкіл болмыс-бітімін, ты- ныс-тіршілігін көзбен көрсетіп, қолмен ұстата білді. Абай шығармалары сол дәуірдің әлеуметтік құбылыстарын ашуға көмек беретін жазушы үшін табылмас дерек көздері болды.

Жазушы эпопеясының бас кейіпкері Абайдың өмірімен қоса, оның әдеби мұрасымен, әр шығармасының дүниеге келу, туу жолымен де таныстырады. Абай ақындығының нәр алып, тамыр тартқан тереңімен, халық ауыз әдебиетіне, шығыс пен батыс әдебиетіне қатысынан мәлімет береді. М. Әуезов эпопеяға ақын өлеңдерін енгізу арқылы Абай бейнесін сомдап, тамаша көркемдік шеберлікпен танылады. Эпопеяның алғашқы кітаптарының көптеген тарауларында жазушы Абайдың шығыс, батыс әдебиетімен қалай танысқандығы және ақынның белгілі бір шығармаларының қандай жағдайда, қалайша туғандығымен де мол таныстырады. Бұл бағыт соңғы кітапқа дейін жалғасын тапқан. Абайдың ақындығын бейнелейтін, оның шығармашылығының психологиясын ашатын эпизодтар «Абай жолы» эпопеясының төрт кітабында да ұшырасады.

366

Жазушы Абайдың өлеңдері, қарасөздері, аудармаларын эпопеяның сюжеттік желісіне сай идеялық мақсатта пайдаланып отырған. Ақын өлеңдерінің қалай туғаны, кімге арналғаны, оның орындалуы мен таралуы сияқты көптеген мәліметтер беріп отырады. Жазушы эпопеяда ақын өлеңдері мен қарасөздерін бастан аяқ сол қалпында тізбектеп пайдалана бермейді де, көбінесе шығармашылық еркіндіктерге барған. Автор ақынның әрбір өлеңінің тарихымен таныстырып жатпайды да, оның орнына, ақындық лабораторияны, ақындық психологияны қаламгерлік шеберлікпен барынша ашып суреттейді. Яғни Абайдың ақындық, қоғамдық, гуманистік, ойшылдық, даналық тұлғасын жанжақты танытатын тарихи кең құлашты эпопея туғызып, сан ғасыр ұрпақтары оқи берер мәңгілік туындысын жазып қалдырды.

Абай мен М. Әуезов әлемінің рухани сабақтастығы, екі алыптың адамгершілік мұраттарының тұтастығында жатыр. М. Әуезовтің ғылыми шығармашылық зерттеулерінде Абайдың адамгершілік мұраттарының негізіне айналған өте күрделі ұғым мен танымнан тұратын толық адам мәселесі көркемдік тәсілмен беріліп отырады. Абайдың дүниетанымында елеулі орын алған осы гуманистік ойлар желісін М. Әуезов «Абай» трагедиясында, «Абай жолы» роман-эпопеясында ақын образын сомдауда негізгі басшылыққа алған. Себебі «Абай жолы» роман-эпопеясында М. Әуезов Абайды тек ақын, қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар асқан ойшыл, гуманист ретінде танытады. Абайдың толық адам жайындағы танымы «Абай жолы» эпопеясының өн бойынан табылып, шығарма барысында оқиға желісімен өрбітіле дамып отырады. М. Әуезов ақын мұрасының гуманистік астарын ашу барысында, ақынды өз өлеңдерімен үлкен аренаға алып шығу сәтінде, Абайменмейліншеүндес, руханитұтастықтаалыпкелді.

Екі ойшылдың дүниетанымының сабақтастығы «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні», – деген М. Әуезовтің Абайдың дін туралы танымын білдірген ой қазығына алып барады. Абайдың дінге қатысы – күрмеуі қиын мәселе. Абайдың дінге көзқарасын айтқанда, негізгі мақсатымыз – М. Әуезовтің: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні», – деп келешекке терең ой тастаған пікіріне жауап іздеу. Ғалымның кезінде бұл мәселе жайлы ашық айта алмаған, бірақ болашаққа дұрыс жол нұсқаған ойлы сөз астарының Абай жайлы жазған зерттеулері мен көркем туындыларында көрініс тапқандығын дәлелдеу.

367

Ақынның ұстаған діні «сыншыл ақылдың шартты діні», «Абай діні – адамгершіліктің діні» дегенді М. Әуезов әр кез ғылыми зерттеу еңбектерінде осы екі ой байламы арқылы беріп отырған. Жазушы Абайдың дін жайлы танымын, сыншыл ақылға салып өзінің ішкі нанымы тұрғысынан «Абай жолы» эпопеясында ақын маңында жақын жүрген адамдар арасындағы пікір таласы арқылы, ақынның белгілі бір ортада айтқан әңгіме-сұх- баты арқылы, дін басыларымен өткізген айтыс-тартыстары арқылы, олардың ішкі наным-сенімдері мен психологиясындағы өзгерістері негізінде образды түрде көркемдеп көрсету жолымен ашып берді. Мұхтар Әуезов Абайдың исламиятқа қатынасын зерттеу арқылы «Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деген ой қорытындысына келуде, әсіресе Абайдың дін жайлы таным түсінігіне сүйенгені анық байқалады.

Абай мен М. Әуезовтің рухани әлеміндегі ұқсастығы олардың эстетикалық танымдарының жалғастығында. Абайдың поэзиядағы эстетикалық танымы М. Әуезов шығармаларында проза тілімен көркемделіп жарқырай түсті. М. Әуезов Абайдың ақындық, өнерпаздық туралы айтқан пікірлері мен сөз өнері жайындағы эстетикалық танымын зерттеу еңбектерінде ғылыми тұрғыдан талдаған болса, ал «Абай жолы» роман-эпопеясында көркем образдар арқылы суреттеп берді. Ақынның өнер туралы айтқан эстетикалық толғаныстары жазушы туындыларында биік талғаммен көрініп, суреткер шеберлігін танытады.

Мұхтар Әуезов – Абайдың өнердегі дәстүрін жалғастырушы. Абай дәстүрін Әуезовтің жазушылық шеберлікпен жалғастыруы – олардың туған жер, өскенортасы, рухани нәр алған қазына көздері, дүниетаным өзектері, өмір сүрген дәуір болмысы, сөйлеу тіліндегі ұқсастықтар және сан сала қырынан келіп шығады. Екі ғұламаның ойшылдық, гуманистік, ағартушылық, сыршылдық, сыншылдық, суреткерлік қырлары сабақтасқан, тұтасқан дүние деп қараймыз. Ұлылар дүниетанымының өзектері, эстетикалық танымдары, ой тереңдігі, сөйлеу тіліндегі рухани тұтастық – ақын мен жазушының рухани сабақтастығының басты белгісі. М. Әуезовтің ұстазы Абайдың рухани әлеміне өмір бойы тереңдеуі жазушы шығармашылығын тұтас бірлікте алып қарауды қажет етеді. Өйткені Абай мен М. Әуезов әлемі – бір-тұтас әлем. Абай мен М. Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық мәселесі ақын мен жазушының ой санасына, ішкі дүниесіне, сөйлеу тілінеүңілудікөздейді.

368

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

1.Ахметов З. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі / М. Әуезов

ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. – Алматы: Ғылым, 1997. – 163 б.

2.Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1996.

272 б.

3.Жұртбай Т. Бесігіңді түзе: роман-эссе. – Алматы: Жазушы, 1997.

560 б.

4.Әуезов М. Өз жайымнан мағлұмат / Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 3 т. – 392 б.

5.Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – Астана: Елорда, 2003. – 424 б.

6.Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б.

7.Нұрғалиев Р. Тақырыппен табысу // Қазақ әдебиеті. –1967. – 14 июль.

8.Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. – Алматы: Жазушы, 1980. – 312 б.

9.Соболев Л. Абайдың рухани інісі / Мұхтар Әуезов әлемі; ред. басқ. З. Ахметов, Т. Әкім, Л.М. Әуезова. – Алматы: Жазушы, 1997. – 352 б.

10.Әдібаев Х. Алыптың тұлғасы / Мұхтар Әуезов әлемі; ред. басқ. З. Ахметов, Т. Әкім, Л.М. Әуезова. – Алматы: Жазушы, 1997. – 352 б.

11.Қабдолов З. Абай және Әуезов / М. Әуезов – ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. – Алматы: Ғылым, 1997. – 163 б.

12.Ахметов З. Абай және Әуезов // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1995. – №4.

3-1-б.

13.Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Ал-

маты: Ғылым, 1982. – 296 б.

14.Тайжанов А. Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері: филос. ғыл. докт. дисс. авторефер. – Алматы, 1995. – 43 б.

15.Дәдебаев Ж. Абай жолы эпопеясындағы Абай дәстүрі // Абай. – 1997.

№2-3. – 32-37-б.

16.Жұртбаев Т. М.О. Әуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік әлемі: филол. ғыл. докт. дис. – Алматы, 2000. – 377 б.

17.Бөкейханов Ә. Абай (Ибраһим) Құнанбаев / Абайды оқы, таңырқа…; құраст. М. Мырзахметов. – Алматы: Ана тiлi, 1993. – 160 б.

18.Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны / Абайды оқы, таңырқа...; құраст. М. Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б.

19.Дулатов М. Абай / Абайды оқы, таңырқа...; құраст. М. Мырзахметов.

Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б.

20.Аймауытов Ж., Әуезов М. Абайдың өнері һәм қызметі / Абайды оқы, таңырқа...; құраст. М. Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 160 б.

21.Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 5 т. – 304 б.

22.Нұрғали Р. Дулатов М / Абай. Энциклопедия; ред басқ. Р. Нұрғалиев.

Алматы: Атамұра, 1995. – 215-217-б.

23.Жұртбай Т. Күйесің, жүрек... сүйесің. – Алматы: Санат, 2001. – 408 б.

24.Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2003.

2 т. – 256 б.

369

25.Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995.

288 б.

26.Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы // Заман Қазақстан. – 1997. – 20 тамыз.

27.27 Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. Әдебиеттегі ұлттық рух. – Алматы:

Санат, 1997. – 432 б.

28.ҚамзабекұлыД. Алашжәнеәдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474 б.

29.Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 560 б.

30.Алаш ақиықтары: мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. – Ал-

маты: Алаш, 2006. – 288 б.

31.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – Алматы: Қазақпарат, 2006.

6-т. – 610 б.

32.Ахметов З. Абай дәстүрі ХХ ғасыр басындағы әдебиетте // Ақиқат.

1993. – №2. – 69-74-б.

33.Әуезов М. 20 томдық шығ. жин. – Алматы: Жазушы, 1985. – 18-т.

448 б.

34.Дәстүр мен жаңашылдық / жауапты ред. М. Қаратаев. – Алматы:

Ғылым, 1980. – 367 б.

35. Әбдіғазиев Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.

36.Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966.

348 б.

37.Ысмағұлов Ж. Абай дәстүрі және оның ХХ ғасыр басындағы әдебиетте дамытылуы / Қазақтың бас ақыны: халықаралық ғылыми-тео- риялық конференция материалдары; құраст. С. Қорабай. – Алматы:

Дәуір, 2004. – 120 б.

38.Ахметов З. «Алаш» деп ұран салған ақын / С. Торайғыров 3 томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2002. – 1-т. – 176 б.

39.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы.

Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 б.

40.Торайғыров С. 3 томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2002.

1-т. – 176 б.

41.Қоңыратаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы:

Санат, 1994. – 312 б.

42.Абай Құнанбаев. Шығ. бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазмемкөркемәд баспасы, 1961. – 692 б.

43.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993.

248 б.

44.Кекілбайұлы Ә. 12 томдық шығ. жин. – Алматы: Өлке, 1999. – 11-т.

464 б.

45.Әуезов М. Абай ақындығының айналасы / Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері: ұжымдық монография. – Алматы: Ғылым, 2002. – 274 б.

46. Әбдіғазиұлы Жыр әлемінің ұлы қайнары / Шәкәрімтану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ; құраст. Т. Шаңбай. – Новосибирск: Талер-

Пресс, 2007. – 378 б.

47.МұхамедхановҚ. Абаймұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б.

48.БазарбаевМ. Көріктіойдан– көркемсөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 368 б.

370

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]