Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

нетін аса сұлу, сүйкімді ауыз, мұрнындай. Аз көтеріңкі қырлы мұрны, ұш жағына келгенде жұмырланыңқырап, өзгеше келісті біткен» [156, 308].

Ал қыздың күлкісі мен әсем әуенін ақын бұлбұлға теңеп жырлайды. Қайғысын қысқа, жүзін жазға балап, метафоралар арқылы өлеңге ерекше қуат береді.

Қайғың – қыс, жүзің – жаз, Боламын көрсем мәз. Күлкіңіз бойды алар

Бұлбұлдай шықса әуез, [42, 188]. –

Ақындық тілдегі образдарды жазушы оқырманның құлағына таныс сөздермен жеткізеді. «Күлкісінің үні соншалық сыңғыраған, сонша бір мөлдір, нәзік еді. Бұның күлген үні Тоғжан даусынан да әсерлірек. Құлақтан кетпестей ән тәрізді күлкі екен» [156, 308]. Ақын кескіндеген сөз образдарын алып, жазушы одан да әрлендіріп, түрлендіріп оқырманға әсерлі жеткізеді. Әйгерімнің күлкісінің соншалық мөлдір таза, үнінің сыңғырлаған әуезді екенін, ал күлкісі құлақтан кетпес ән тәрізді деп сипаттайды.

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Тоғжан мен Әйгерім портретін сомдау барысында, Абайдың сұлу қыздарға арнап жазған өлеңдеріне иек артқан. Қаламгердің поэзияны проза тіліне айналдырып жазғанда, онан әрі әрлендіріп, жандандырып, ажарландыра түскені байқалады. Бұл тәсілді қолдану барысында жазушының хас шеберлігі анықталады.

Ақынның көркемдік шеберлігі мен поэзиялық мәдениетінің деңгейін танытатын көрсеткіштердің ішіндегі көрнектісі бейнелеу құралдары болып табылады. Бейнелеу тәсілдері ұлттық танымның және көркемдіктің ең басты көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Көркем шығарманың мәйегі, құнарлы бейнеліліктен байқалады. Бейнелеу құралдары – қай халықтың да ұлттық сөз өнерінің көркемдік қуаты. Бейнелеу құралдары – сөз өнерінде мол және ең кең түрде пайдаланылатын көркемдік тәсіл.

Абай – шығармаларында көркемдік бейнелеуіш құралдарды пайдалануда өзіндік даралығымен ерекшеленген суреткер. Әрине, суреткер бейнелеу құралдарын көп қолданса, шығарма құны соғұрлым арта түседі дейтін ұшқары пікірден аулақпыз. Деген-

351

мен осы бейнелеуіш құралдарды суреткердің өз шығармаларында қолдану шеберлігі оның суреткерлігін айқындайтын көркемдік фактордың бірі екенін де теріске шығара алмасақ керек.

Абайдың қазақ әдеби тілі тарихындағы орны мен қызметі А. Байтұрсынұлы [18], Қ. Жұбанов [257], Қ. Жұмалиев [258], Н. Сауранбаев [259], С. Аманжолов [260], А. Ысқақов [261], Қ. Өмірәлиев [262], М. Балақаев [263], Р. Сыздықова [264], С. Исаев [265] еңбектерінде жан-жақты сөз болды.

Абайдың тіл көркемдігін тұңғыш рет кеңінен және арнайы монографиялық еңбек етіп жазып зерттеген адам ірі әдебиеттанушы ғалым Қ. Жұмалиев болды [258]. Абай шығармаларының тілін, Абай тілінің көркемдік бітімін арнайы кең түрде зерттеп жүрген ғалым Р. Сыздықованың осы тақырыпта жазған бірнеше еңбектері бар [264]. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілін ғалым Е. Жанпейісов арнайы қарастырды [267].

Абайдың поэтикалық тілі белгілі әдебиеттанушы З. Ахметовтың еңбектерінде кеңінен зерттеледі [268]. Абайдың поэтикалық тіл өрнегін сөз еткен ғалым А. Нұрқатовтың [36], М. Базарбаевтың [269], Т. Нұртазиннiң [270], Е. Ысмайыловтың [133] және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерін атау қажет.

Абай М. Әуезовтің шығармашылық қызметінің басты тақырыбы болып саналады. Бұл тақырыпты игеру үшін қаламгер өзінің бүкіл саналы өмірін, күш-қуатын, қажырлы еңбегін түгел арнады. М. Әуезов Абайдың әдеби мұрасын «Абай жолы» эпопеясының басты дерек көзі ретінде соншалықты еркін, тас бұлақтың суындай сылдырлаған мінсіз келісіммен, терең жарасыммен пайдаланды. Жазушы оны өз сөзінде нақтылы атап көрсетеді: «Тіл жөнінде. Сөздік жағынан менің романдарымның Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол. Оның үстіне мен Абайдың өз шығармаларының сөздік қорынан да мейлінше пайдаландым» [82, 111]. Бұл ретте жазушының ұлы Абай мұрасын зерттеумен ұзақ жылдар бойы тиянақты шұғылданғанының да маңызы үлкен еді. Жазушы Абаймен, оның ақындық өнерімен, ортасымен, алдымен ғылыми тұрғыдан мейлінше жете саралап білді. Сосын көркем шығармада ақын тұлғасын сомдап шығарды.

М. Әуезов ұлы ақын туралы шығарма жазып отырғандықтан, «Абай жолы» эпопеясы бастан аяқ поэзияға құрылып, көр-

352

кемдік кестемен көмкеріліп, төгіліп шыққан. Жазушы халқының бай ауыз әдебиетінің інжу маржандарын, жыраулар поэзиясының тілін, Шығыс әдебиетінің тамаша жауһарларын, Батыс әдебиетінің мәдени озық үлгілерін, Абайдың даналық афоризмге құрылған тіл кестесін «Абай жолы» эпопеясына кеңінен пайдаланып, өзінің де бай шешен тілінің арқасында қазақ әдебиетінде соны құбылыс – кең құлашты роман-эпопеясын туғызды. Эпопеядан ғасырлар бойы ата-бабамыздың сақтап келген қазақ тілінің бар шұрайын, қазына байлығын табамыз. Оның үстіне қазақтың жазбаша әдеби тілінің негізін қалаған Абай тілін, прозада ары қарай жалғастырып, жаңаша дамытқан Әуезовтің шалқыған бай тілімен танысып, аса қуатты, терең мазмұнды, көркем тілді шығарманы оқып, одан ләззат аламыз. Сөз зергері Ғ. Мүсіреповтің: «Абай» романын неше рет қайталап оқысам сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам», – деп аса жоғары баға бергені соның айғағы болар [271, 8].

Қазақ әдеби тілінің сөз кестесіне, сөз образдарына Абайдың әкелген жаңалықтары М. Әуезов туындыларында дамытып, түрлентіп, құлпыртып береді. Образды айқындап, анықтап тұратын көріктеу құралдарының бірі эпитеттің ортақ түрлері Абай мен Әуезов туындыларында молынан кездеседі.

Эпитетті Ахмет Байтұрсынұлы [57] көркейту немесе көркейте айқындау деп атаса, Қ. Жұмалиев [272] халықаралық ортақ термин эпитетті қолданады. Ал З. Қабдолов [273] Ахмет Байтұрсынұлының терминін жөн көреді.

Шындығында эпитеттің ойды бейнелеп жеткізуде көркем- дік-эстетикалық мәні ерекше. Эпитет туралы, оның көркемдік табиғаты туралы өз еңбектерінде көптеген ғалым-зерттеушілер пікір айтып, кешенді тұжырымдар жасаған. Мәселен, Лев Озеров эпитетті «поэзияның жаны» деп атаған [274, с. 42].

Абайдың «Жаз» өлеңінде бәйшешекті айқындап тұрған көкорай шалғын сөзі.

Жаздыкүн шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек

«Абай жолы» эпопеясының «Бел-белесте» тарауында: «… Бүлдірген иісі аңқыған, көк майса шалғыны бар, жасыл беткейде

353

балалар жеміс теріп жатқалы көп боп еді», – деген табиғат суретінің тамаша көрінісі бедерленген [84, 143]. Жазушы бәйшешекті Абай тілінен сәл өзгертіп, көк шалғын деп береді.

«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінде:

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Осы өлеңдегі кәрі қой сөзі еш өзгеріссіз «Кек жолында» тарауында былай орнын тапқан:

«Жоқ, мен білсем, дәл бүгін бізге мал соймай, кәрі қойдың өлі етін асып отырған Қаражанның сараңдығын найзаға шаншып жатқаны болуы керек» [84, 62].

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

Ақын күздің сұрықсыз суық сипатын қара суық эпитеті арқылы берсе, жазушы: «Далада бұттары жалтырап, жалбыр-жұлбыр киініп бүрсеңдеген, күсбасқан аяқтарықызарғанкедейбалаларыкөрінді… Арқасында ала қап жамылған, басына шоқпыт тымақ киген кәрі кемпір сол шала жағылған үй ішінде, қара суық астында малма сапсыпотыр», – деп, көңілсізсуреттікөзалдыңаелестетеді[84, 61].

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіндегі «желсіз түн» мен «жарық ай», «қалың ағаш» деген эпитеті тіркестерін жазушы жиі қолданады. Табиғат суретін берген кезде жазушы осы тіркестерді әр сипатта қолданып отырады.

Қалың ағаш жапырағы, Сыбырласып өзді-өзі, –

деген өлеңдегі қалың ағаш тіркесі эпопеяның «Өрде» атты тарауында былай суреттеледі: «…Қалың жапырақ арасынан түскен ай сәулесі, теңгедей бір жарығын Тоғжанның оң көзіне түсірді» Немесе:

«…Екеуі қалың ағаштың арасында, ай сәулесі үзіліп тұрған бір алаңқайда кездесті» [156, 213].

Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Көзімнің қарасы» өлеңдеріндегі қыз сипатын аша түсетін эпитеттерді жазушы сол қалпында эпопеяда пайдаланып отырады. Мәселен:

354

Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар, Үлбіреген тамағын күн шалмайды, –

деген өлең жолдарындағы «жұп-жұмыр мойыны» тіркесі Тоғжан портретін суреттеуде: «Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі жас баланың етіндей ақ торғындай мойыны», – деп «жұмыр білегімен» ауыстырылады.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды, –

деген қыздың қара көзі эпопеяда Тоғжанның кескінін сипаттайды. «Толықша келген, аппақ жүзді қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр» [156, 109].

«Көзімнің қарасы» өлеңіндегі қыздың сұлу мүсіні эпопеяда Әйгерімнің портретіне дәл келіп саяды.

Қыр мұрын, қыпша бел, Солқылдар, соқса жел.

«Абай жолының» «Тайғақта» тарауында: «Аз көтерiңкі қырлы мұрны, ұш жағына келгенде жұмырланыңқырап өзгеше келісті біткен», – деп Әйгерімнің сұлу кескінін береді [156, 308].

Абай мен М. Әуезов шығармаларынан ортақ эпитеттерді, теңеулерді, метафора, метонимия, символдарды кездестіріп отырамыз. Оларды кесте арқылы салыстырып көрелік:

5-кесте

Абайда:

М. Әуезовте:

1

2

 

 

Моласындай бақсының

Абай:

Жалғыз қалдым – тап шыным

– Құп-қу болып, жапа-жалғыз

 

қалыппын! Бақсының моласындай

 

жапа-жалғыз қалыппын. Кімім қалды,

 

нем қалды!?» – деп өзімен-өзі

 

сыбырлай күбірлеп сөйлей кетеді.

 

«Жұтта» ІV т. 596-б.

355

1

2

Лай суға май бітпес, қой өткенге,

… Ең соңғы санасы, өзін тағы суық,

Күлеміз қасқыр жалап,

түпсіз лай реңді толқынды судың

дәметкенге.

ішінде сезеді, ол жүзген болады. Бірақ

Сол қасқырша алақтап түк

жақында жетерлік жаға жоқ. Тек

таппадым.

алыста, көз ұшында, қияда ғана әзір

Көңілдің жайлауынан ел кеткен

бергі бетін түн түнегі басқан, биік

бе?

қоңыр бел бар. Соның ар жағынан

 

алтын арай, жақын таң, түн түнегін

 

азадай серпілтіп, баяу көтеріп жеңіп

 

келе жатқандай. Абай бар ойы –

 

бойымен сол асыл арай алыс таңға

 

қыбыласындай бой ұруда.

 

«Жұтта» ІV т. 598-б.

Кітапты молда теріс оқыр,

Арам құстың тұмсығы сияқты

Дағарадай боп сәлдесі

имиген, тұмсығыңды бұзып жіберер

Малқұмар көңілі – бек соқыр?

ме еді! Қызылға ұшқан ақ бас күшіген

Бүркіттен кем бе жем жесі?

сияқтанған қу құзғын.

 

«Қапада» ІV т. 437-б.

Жаңа жылдың басшысы – ол

... Абай аз ғана сырын ашты:

Мен ескінің арты едім!

Ал сендердің замандарың басқаша

 

болар деп сенемін. Мен ескінің арты

 

болып, сендер жаңаның алды

 

болсаңдар екен, тым құрыса!» – деп

 

тілейді .

 

«Қаршығын» ІIІ т. 114-б.

 

 

Жүрегі – жылы, бойы – құрыш,

Өзге туыстарындай емес. Әбіштің

Туысы жаннан бөлекті.

маңдайы, бет пішіні, кескіні барлығы

 

да, ғылым тәрбие ағартып ашқан,

 

анық интеллигент бейнесінде

 

«Өкініште» ІIІ т. 135-б.

Кешегі Оспан –

… Ішкі мінез, қайратына осындай

Бір бөлек жан,

елден өзге зор кеуделі Оспанның алып

Үйі – базар, түзі – той.

күші қосылған соң, оның ашулы

Ақша, нәрсе

бетінен кім де болса жалтарып жүреді,

Ала берсе,

тайқып соғады. Кей уақыттар бұл

Ат та мінсе, көнді ғой

туралы қызық әңгімелер айтқан

Жауға мылтық, досқа ынтық

ағайын оның қонақшылдығын күлкі

Жан асар ма осыдан?

ететін.

 

«Өкініште» ІIІ т. 159-б.

356

1

2

Кешегі Оспан ағасы

Кесек, бірбеткей, қайратты жан еді.

Кісінің малын жемепті

Жасынан ұстаған жерде қолы,

Мал сұраған кісіге

тістеген жерде тісі кетерлік берілген

Жоқ, қайтемін демепті.

бетіне барымен ауатын тұтас бітімді.

Қуаты артық, ойы кең

Дүниеқорлығы, сараңдығы жоқ, дос

Жұрттың бәрін шенепті.

болған адамына ақкөйлек ашық. Өзге

Досына дәл – жаз, жауға – аяз

көп туыстың оған теңелері жоқ.

Алысқанды денепті

«Қақтығыста» ІIІ т. 169-б.

 

Биік мансап, биік жартас, ерінбей

– Биік мансап – биік жартас. Оның

еңбектеп жылан да шығады,

басына, екпіндеп ұшып қыран да

екпіндеп ұшып қыран да шығады.

шығады, ерінбей еңбектеп жылан да

Жікшіл ел жетпей мақтайды,

шығады! Міне, осының қайсысы

желөкпелер шын деп ойлайды.

болдың, осы, отырғандар? Қыран

 

болмасаңдар, халқың үшін жылан

Отыз жетінші сөз

болдың емес пе!? – деді де қабағын

 

суық түйіп, өзге сөзден тыйылып

 

отырып қалды.

 

«Қоршауда» ІIІ т. 284-б.

Жүрегім менің қырық жамау,

… Ей, сорлы заман, менен аяған қай

Қиянатшыл дүниеден

қастығың қалды. Мен ішпеген у бар

Қайтіп аман қалсын сау

ма!… Жүрегімді көрші міне, жарадан

Қайтқаннан соң әрнеден

сау жер қалды ма? Мұнша ғазап

 

шеккендей не азап, не айыбым бар?

 

Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген

 

тынысы ма?!» – деп біраз отырып

 

барып, тағы да бірауық уланған оймен

 

оянғандай болды .

 

«Жұтта» ІV т. 596-б.

Ызалы жүрек, долы қол

Оспанның қимас қасиетін есіне алады.

Улы сия, ащы тіл

Оны ойлай отырып, бүгінгі тірі де,

 

қатарда қалған кей туыстарды

 

алғанда, көңілге медеу таппай ызалы

 

жүрек ащы шындықты атап кетеді.

 

«Қақтығыста» ІIІ т. 170-б.

Айттым сәлем Қаламқас,

Сағындырған ғашық жар, ынтығы

Саған құрбан мал мен бас

іште жүрген шерлі досын кінәлаудан

 

тоқтар ма екен? Бар дүние, бар сырын,

 

барлық бақыт тілегін бір өзінің

 

шұғыласына құрбан етем деп келсе,

 

не дер екен.

 

«Өрде» І т. 212-б.

357

1

2

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

… Әрине, ол заман адамына бұл тұтас

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да

тұрған жұмбақ қой! Ол адам көп

ойла

ойланбаса, жүрегінің түбіне терең

 

бойламаса, Абайды түсіну оңай бола

 

ма?…

 

«Шайқаста» ІV т. 517-б.

Өзім де басқа шауып, төске

Біржан аға, тек өнер қадірін білгеніміз

өрледім,

анық болса, өмір тірлікте басқа

Қазақта қарасөзге дес бермедім

шауып, төске өрлеген өнерді ғана

 

қадір тұтайық.

 

«Жайлауда» ІІ т. 345-б.

Міне, байқап отырсақ, Абай тіліндегі сөз образдары М. Әуезовте проза тіліне айналып, дамытыла түсіп, түрленіп, өзгеше өрнегін тауып отырған. Ақын тіліндегі эпитет, теңеу, метафора, метонимия, синекдоха, символдар жазушы тілінде де сол қалпында қолданылып, «Абай жолы» эпопеясына көркемдік қуат, идеялық мағына үстейді. Байқап отырсақ, эпопеяның бас кейіпкері Абайдың өзіне ғана қатысты кейбір сөз образдары бар. Ол – жүрек сөзі. Жүрек – ақынның өзі. Осы туралы ғалым Р. Сыздықтың айтқан мынадай сөзі бар: «Ал Абайдан символ іздей қалсақ, ең алдымен жүректі атар едік. Жүрек адамның өзінің символы болып шығады. Абайдың жүректі адамның символына айналдыратыны соншалық, тіпті жүрекке берілген қимыл-әре- кеттің бәрі – адамның әрекеті» [275, 92].

Абайдың жүрек тақырыбына жазған «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүрегім, нені сезесің?», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Жүректе қайрат болмаса», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» атты өлеңдеріне ғалым С. Дәуітов талдау жасайды. «Жүрегім менің қырық жамау» деген терең мағыналы, әрі бейнелі ғажап теңеуді Абайға дейін ешкім айтқан емес», – деп орынды пікір айтады [276, 258]. Абай шығармаларында «жүрек» сөзінің орны ерекше. Ақын поэзиясында жүрек сөзін әртүрлі эпитеттермен жиі қолданады. Сорлы жүрек, асау жүрек, мұз жүрек, сұм жүрек т.

Абай дәстүрін көркемдік шеберлікпен жалғастырған М. Әуезов туындыларында да «жүрек» сөзінің атқарып отырған қызметі зор. «Абай жолы» роман-эпопеясынан басқа жазушының

358

әңгімелері, повестері мен драмалық шығармаларынан жүрек сөзінің әр сипаттағы қолданысын кездестіруге болады. Абай шығармаларында қолданылатын жүрек сөзінің тұрақты эпитетпен келгендері, ақынның өзі ұсынған эпитеттермен айтылған образдары, авторлық тың эпитеттердің үлгісі М. Әуезов туындыларында қалай көрініс тапқан деген мәселеге көз жүгіртейік.

Абай өлеңдеріндегі тұрақты эпитеттермен айтылған образдар сияқты Әуезовтің әңгімелері мен пьесаларындағы жүрек сөзінің қолданысын мына мысалдардан көруге болады. Мысалы:

Жас жүректің қомағайлығымен өмір сусынын ғана жұта алмай, асығып діріл қағып, алдынан белгісіз қызық күтетін («Кінәмшіл бойжеткен»). Сыздықтың алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы бар: момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болатын («Сөніп-жану»). Бүгін сол ертеде өткен сұмдық күні жаңа ғана болып өткендей ерекше ауырлықпен қайтадан келіп, қан жүрегін қаптай басқандай болды («Қилы заман»). Менің ет жүрегімді өртеген сұмдық ісі осының істеген ісі емес пе еді? («Қилы заман»). Ендеше сол сұмдықты көргендіктен әлі күнгеесіметүссеетжүрегім қан жылайды. («Абай» трагедиясы).

Қан жүрек те қайғылы-ау, Қайырыла кет сен маған! («Абай» трагедиясы).

Сен тас жүрек, қара жын, кімді аяйсың? («Абай»). Саф сұлу өнер бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза жүректен ғана туады. («Абай» трагедиясы)

Образды эпитеттермен берілген М. Әуезов туындыларындағы жүрек сөзінің қолданысы:

«Қоян жүрек қорқақ боламыз!» («Еңлік-Кебек»). Елжіреген жүректі көргем жоқ-ты. («Еңлік-Кебек»). Сол кезде Қасымды шешесінің қабырына қарай тартқан жетім жүрек өзге денесінің іркілейін дегеніне ерік бермей, ілгері дедектетіп алып жүріп кетті («Жетім»). Тілек пен қайғыдан тозған жүрегі алдында жылжып тақап келе жатқан қауіпті ойлап езіледі («Оқыған азамат»).

Жазушышығармаларындағы авторлық эпитеттердің үлгілері: Алдыма бәсеке деген екі тосқауыл кезең тұр, бірінен өту үшін түгі шыққан жүрек, балуан білек керек. (Еңлік-Кебек).

359

Екеуі де келесі секөнтті «енді не болар екен?» дегендей күдікпен, қалтыраған жүрекпен күтіп еді. («Кінәмшіл бойжеткен»). Бірақ жалынды отты басылуға айналып, солғындау тартқан жүрекке дене қызығындай ашық қызықты мол қылып берген сол адам еді («Кінәмшіл бойжеткен»). Ғайша хатында өз өмірінің жүдеулігін, өз басының сүйеу көрмеген жалғыздығын айтқан жерлері шын өкінген жүрекпен жазылған сөз еді. («Кінәмшіл бойжеткен»). Бұл жерге келгенде өлеусіреген жүрекпен ақырын ғана есік қағудың орнына, Ғаббас хатты бір жолдасына лақтырып тастап, сақылдап күліп еді. («Кінәмшіл бойжеткен»).

«Жүрек» сөзіне көсемшенің жалғануы арқылы жасалған образды тіркестің Әуезов шығармаларындағы көрінісі: Қ. Жұмалиевтің айтуынша, «эпитет болатындар алдымен сын есім, содан кейін көсемше мен өткен шақ есімше тұлғалары» [277, 194].

Шошынып, өне бойы мұздап жүрегі лүпілдеп соғып кетті. («Жетім»)

Көрмегеніне бір-ақ жыл шамасы өткен Әзімханның енді алғаш келген сәтте жүрегі лүпілдеп соғып, көз алдында сәулелі сұлу жарды көріп қалғандай болған. (188) Әзімхан арқандаулы тұрған бәйгі жиренді алып келіп, асығып ерттеп жатқанда, Қарагөз жүрегі дірілдеп тұрып, үріккен пішінмен қасына келді. (190). Шыдам біткендей... жүрек езіліп бара жатқандай... (196). Енді біразда «ғашық» болуға тақап, жүрегі лүпілдеп, жауабын асығып күтіп отырған жігітке қарап, Жәмила.... (76). Жүрегі лүпілдеп, буынынан сүлдер кетіп, Жұматайдың не бұйрығына болса да көне бергендей («Ескілік көлеңкесінде» 130).

М. Әуезов туындыларында жүрек сөзінен басқа да қайрат, көңіл, дүние, өмір, ой т.б. образдар жиі қолданылған. Мәселен: Оларға білдіретін заманның шежіресі – дәурені өтіп кедейлік басқан, көңілсіз салқын өмірге түскен кәрілер болатын («Қорғансыздың күні»). Бірақ түпсіз терең ойдың түйінін шеше алмай отырған кісінің пішініне түскенмен, Ақанның ойы қай жерде жүретіні белгілі еді («Қорғансыздың күні»). Тынбаған көңіл, талмаған көкей күшік!.. Кәрі көңіл о бір зәр («Еңлік-Кебек»). Қай ер қандай қамқор қайрат етті? («Еңлік-Кебек»). Дүниеден жасырған жалғыз көңіл жарасын атқан таң, батқан күнмен айықпас мұңдай қосып ем («Еңлік-Кебек») Ала көңіл, арамдығым

360

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]