Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать

1.2. Бұрмалардың техникалық қызмет көрсету тәртібі

Бұрма – жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне бұру үшін қолданылатын құрылғы. Бұрмалар бағыттамалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы жалғастырушы жолдардан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшесімен болуы мүмкін. Жылжымайтын элементтері жоқ айқастырманың негізгі элементтері өзекше, екі мұртша, екі контррельс, бекіткіштер мен төсемелер, түйіспелі бекітпелер және құрастырылған айқастырмалар жағдайында мұртшалар мен өзекшені бірыңғай құрылымға біріктіруге арналған епелектер мен сомындары бар бұрандамалар.

Бұрманың ауысуы, бекітуі және бақылау жайы үшін бұрмалы жетектер қызмет атқарады. Бұрмалы жетек электрлік орталықтандырудың басты атқарушы органдарының бірі болып табылады. ЭО темір жол бекеттеріндегі пойыздардың қозғалысы автоматтандырылған басқару жүйелерінен тұрады. Бұл жүйеде бағдаршамның белгі беру жабдығымен пойыздық және маневрлік қозғалыстарды маршруттау қарастырылады.

ЭО-дың құрылғыларына ТПЕ тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес бұрмалы жетектер келесі шарттарды қамтамасыз етуі қажет:

  • Бұрманың шеткі жағдайларына бұрмалар ауыстырылған соң үшкірдің рамдық рельске тығыздай жатуын;

  • Үшкір мен рамдық рельстің арасындағы саңлау 4 мм-ден аспаған жағдайда бұрманың тұйықталуын;

  • Рамдық рельстен үшкірдің кетуін 125 мм-ден кем болмауын.

Электрлік жетектер электромеханикалық, электропневматикалық болады. Релелік орталықтандыру құрылғыларында тек қана электромеханикалық бұрмалы жетектер қолданылады.

Электромеханикалық жетектер келесі белгілер бойынша топтастырылады:

  • Тұйықталу әдісі бойынша: ішкі және сыртқы тұйықталуымен, біріншісінде бұрманың тығыздай жатқан үшкірін тұйықтау үшін арналған құрылғы жетектің ішінде орналасқан және конструктивтік түрде ауыстыру механизмімен жалғанған; екіншісінде тұйықталу бұрмалы ауыспаның ішкі жол табанында орнатылған қосымша тұйықтауыш арқылы жасалады.

Қазіргі уақытта тек қана ішкі тұйықталуымен қолданылады, ал сыртқы

тұйықталуымен жетектер қолданылмайды.

  • Взрезді қабылдау әдісі бойынша: взрезді және взрезсіз;

  • Бұрманың ауысу уақыты бойынша: өте баяу іске – қосылатын ауысу уақыты 10 с және одан көп, нормальды іске қосылатын – 1,5-6 с, тез іске қосылатын – 1 с;

  • Электроқозғалтқыштың типі бойынша: тұрақты тоқта – 30, 100, 160 В; ауыспалы тоқта – 127, 220 В.

1.2.1 – Сурет. Электр жетектің механикалық берілісі

Электр жетек (1.2.1 – сурет) 1 металды корпус, 2 электр қозғалтқыш, 3 жа-рық, 4 редуктор, 5 негізгі вал, 6 шестерня, 7 авто қайта қосқыш, 8, 19 шибер, 9 бақылау сызғышы, 10 негізгі валдың шестерниясы, 11 фрикционды құрылғы, 12 гайка, 13 винт, 14 пружина, 15 чугунды диск, 16 болатты диск, 17 курбелді түйіспе, 18 курбелді қалқан, 20 цилиндр, 21 шпонка, 22 втулка, 23 дөңгелек, 24 шектегіш, 25 выступтан тұрады.

Қазіргі уақытта еліміздің темір жолында электрлік жетектің екі типі қолданылады:

  1. взрезді СПВ-6;

  2. взрезді емес СП-2Р және СП-3.

Бұрмалы жетектерде келесі электрлік қозғалтқыштарды қолданады:

  • МСП-0,15 – тұрақты тоқта, номиналдық қуаты 0,15 кВт, кернеуі 30, 100, 160 В, номиналды және тез іске қосылатын электрлік жетектерде қолданылады;

  • МСП-0,25 – тұрақты тоқта, номиналдық қуаты 0,25 кВт, кернеуі 30, 100,

160 В, номиналды және тез іске қосылатын электрлік жетектерде қолданылады;

  • МСТ-0,25 – айнымалы тоқта, үш фазалы асинхронды, кернеуі 127 және 220 В, номиналдық қуаты 0,3 кВт;

  • МСТ-0,3 – айнымалы тоқта, үш фазалы асинхронды, ақырын жүретін (тихоходный) кернеуі 110 және 190 В, номиналдық қуаты 0,3 кВт;

  • МСТ-0,6 – жылдам жүретін, кернеуі 110 және 190 В.

СП – 3 типті взрезді емес бұрмалы электр жетек кезеңдік және уческелік бекеттің релелік орталықтандыру құрылымдарында қолданады. Ол (1.2.2 – суретте) көрсетілген құралдардан: 1 электр қозғалтқыш; 2-9 шестерня; 10 жұ-мыстық сызғышы; 11 жұмыстық тяга; 12, 13 бақылау сызғыштары; 14, 15 авто-қосқыш; 16,18 рычаг; 17 барабан; 19, 21 төрт чугунды диск (қалған екеуі көрсетілмеген); 20,22 төрт болатты диск (қалған екеуі көрсетілмеген); 23 қақ-пақ; 24 пружина; 25 за-слонка; 26 контактілік пышақтан тұрады.

1.2.2 – сурет. СП – 3 типті взрезді емес бұрмалы электр жетек

СП – 6 типті взрезді емес бұрмалы электр жетек (1.2.3 – сурет) 1 корпус, 2 көп контактілі блокировкалық құрылғы, 3 электр қозғалтқыш, 4 ауыстыру панель, 5 редуктор, 6 негізгі вал, 7 авто қайта қосқыш, 8 шибер, 9 бақылау сызғыш, 10 авто қайта қосқыш блогынан тұрады.