Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать
  1. Электрлік орталықтандыру

Электрлік орталықтандыру – электрлік энергия көмегімен қоректенетін бекеттегі бұрмалар мен бағдаршамдарды бір орталықтан басқару жүйесі болып табылады. ЭО-дағы бұрмалар мен бағдаршамдардың басқарылуы орталықтанған пост арқылы жүзеге асады.

ЭО құрылғылары бекеттің өткізу қабілеттілігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, сонымен қатар еңбек мәдениеті мен өнімділігін де арттырады. Өткізу қабілеттілігінің арттыруы ЭО-ның бұрмалары мен бағдаршамдарының маршрут орнатуы мен олардың автоматты ажыратуының үдеуінің көмегімен іске асады. Егер бұрмалармен басқаратын қолмен күрделі маршрутты дайындауға 10-15 мин уақыт жұмсалатын болса, ал ЭО-да 5-7 с құрайды. Содан кейін бекеттегі ЭО-ның өткізу қабілеттілігі жуықтап алғанда 2 есе арта түседі. Қозғалыс қауыпсіздігінің артуы мына жағдаймен қамтамасыз етіледі, яғни бекеттегі барлық қозғалыс орталықтанған және маршрутталған сонымен қатар тек бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткішімен орындалады, ал бекеттің жолдары мен бұрмалы секциясы электрленген релелік орталықтандырумен жабдықталады.

Темір жолдағы ТПЕ (техникалық пайдалану ережесі) бойынша ЭО құрылғыларына бір қатар талаптар қойылады. ЭО құрылғыларының жұмысына негізгі талапты бірі – бұрмалар мен бағдаршамдарының тығыздай бекітілуінің қамтамасыздануы болып табылады. Сонымен бірге ЭО құрылғылары мыналарды қамтамасыз ету шарт: басқару аппаратындағы және бұрма жағдайының және жолдар мен бұрмалы секцияның бос екендігінің бақылануы; бағдаршамның бір уақытта жабылуымен бұрма қиылуының бақылануы; жергілікті басқаруға бұрманың берілуі; маневрлік бағдаршамдардың көрсеткішімен маневрлік қозғалу.

ЭО жүйесінің алыстығына, алшақтығына тәуелді басқару объектісі орталық постының байланыс тәсілі бойынша екі топқа бөлінеді: егер алыс бекеттегі әрбір бұрма мен бағдаршамды жеке кабель сымдары бойынша орталық посттан басқарылса, онда тікелей басқару, ал бұрма мен бағдаршамдар сызықты тізбек бойынша телебасқарудың кодалық сигналдарының тасымалдануымен басқарылса, кодалық басқару болып табылады.

ЭО жүйесіндегі бұрмалар мен бағдаршамдар басқару тәсілі бойынша тікелей басқару екі түрге бөлінеді: жеке және маршруттық басқару. Жеке басқаруда – әрбір бұрма мен бағдаршамды жеке тұтқамен немесе түймемен басқарады. Маршрутты басқаруда – толық маршрут үшін бұрмаларды бұру мен бағдаршамдарды ашу екі түймені басумен жүзеге асады: ол маршруттың басы мен соңы.

1.1 – Сурет. Микро-эвм базасындағы электрлік орталықтандыру

Қолданылу орнына тәуелді ЭО-ның барлық құрылғылары посттық және жергілікті болып бөлінеді. Посттық құрылғылар орталық постта орналасады. Оларға: блоктар, стативтер, релелер, басқару аппараттары, бекеттегі жолдың даму сұлбалары, электрқоректендіру көздері тиісті болып келеді. Жергілікті құрылғылар бекет территориясында орналасады. Оларға: бұрмалы электрлі жетектер, бағдаршамдар, релелік және батареялық шкафтар, рельс тізбектері және кабельді желілер.

1.1. Бағдаршамның шамдарын тексеру

Бағдаршам – темір жол көлігінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мен маневрлік жұмыстарды нақты ұйымдастыру үшін қызмет ететін негізгі сигналдардың бірі.

Сигнал – бұйрық берілетін шартты белгі болып табылады. Сигналдардың талаптары міндетті түрде орындалуы керек. Темір жол көлігінің қызметкерлері барлық мүмкін құрылғыларымен сигналдар талаптарын орындауға міндетті.

Темір жол көлігінде жолдар қатынасы министрімен бекітілген сигналдар ғана қолданылады. Сигналдық приборлар МПС бекітілген түріне сәйкес келіп, түсі де орнатылған стандарттар мен үлгілерге қатаң сәйкес келуі керек. Сигналдар көрсеткіштері жеңіл қабылданып, күндіз де, түнде де кез-келген климаттық жағдайда тез әрі нақты анықталуы керек.

Бағдаршам тәулік бойы қызмет ететін сигналдарға жатады. Тәулік бойы қызмет ететін сигналдар тәуліктің жарық та, қараңғы да уақытында беріледі. Орнату сипаты бойынша бағдаршамдар тұрақты сигналдар болып табылады. Тұрақты сигналдар темір жолдың белгілі бір нүктесінде немесе локомотив кабинасында орнатылуымен сипатталады. Бағдаршам жарық сигналдарының көмегімен пойыздар қозғалысын реттеуге және белгілі бір түсті сигнал оттарының көмегімен арақашықтыққа бұйрықтар жіберуге қызмет етеді.

Пойыздық бағдаршамдарды сигналдандыруға қабылданған негізгі түстер – қызыл, сары, жасыл. Жасыл түс – орнатылған жылдамдықпен қозғалысқа рұқсат береді; сары түс – қозғалысқа рұқсат береді және жылдамдық төмендетуді талап етеді; қызыл түс – тоқтауды талап етеді.

Бекетте маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру үшін келесідей сигналдық түстерді қолданады: ақ түс – маневрлік қозғалысқа рұқсат береді; көк түс – маневрларға тиым салады.