Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать

1.1.1 – Сурет. Бекеттік бағдаршамдарды орналастыру сұлбасы

Бағдаршамдар тағайындалуы бойынша: кіріс, шығыс, маршруттық, өтпе, жабын, ескертуші, қоршау, қайталауыш, маневрлік, локомотивтік, дөңестік болып бөлінеді (1.1.2 – сурет).

Барлық бағдаршамдар әріптік және сандық немесе тек қана әріптік түріндегі белгілеуге ие. Кіріс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н (тақ және жұп) белгілеп, шығыс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н белгілеп, жөнелту жолының санын тіркейді (Ч3, ЧП, Н3 және т.б.). Маневрлік бағдаршамдарды М әрпімен және бекет алқымында пойыздарды қабылдау бағытына байланысты реттік тақ немесе жұп нөмірмен белгілейді (М1, М3 және т.б. – тақ; М2, М4 және т.б. – жұп). Маршруттық бағдаршамдар қозғалыс бағытына байланысты ЧМ және НМ болып белгіленеді. Автоблоктаудың өтпе бағдаршамдары қозғалыс бағытына байланысты тақ (1,3,5,7 және т.б.) немесе жұп (2,4,6,8 және т.б.) сандармен нөмірленеді.

Кіріс бағдаршамдар – Ч және Н бекетті аралықтардан қоршайды және пойызға аралықтан бекетке кіруге рұқсат береді немесе тыйым салады. Кіріс бағдаршамдарында сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл, ай түстес ақ (шақырушы) және жасыл жолақ. Қосымша кіріс бағдаршамдар ЧД, НД екі жолды аралықтың бір жолы капиталды жөндеуде болғанда пойыздардың қозғалысы бір жолда екі бағыт бойынша жүргізілген кезде, пойызға аралықтан бекетке бұрыс жолмен жүруге рұқсат береді. Қосымша кіріс ЧД, НД бағдаршамдарында қызыл және екі сары сигналдық оттар қолданылады.

Шығыс бағдаршамдар – Н1, Н3, Н5, ЧП пойызға бекеттен аралыққа жөнелтілуге рұқсат береді немесе тыйым салады және әр жөнелтілу жолында орналасады. Олар сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл.

Маршруттық бағдаршамдар – НМ пойызға бекеттің бір ауданынан екіншісіне өтуге рұқсат беріп немесе тыйым салып, кіріс бағдаршамдарын да сигналдандырады.

Өтпе бағдаршамдар – 7,8 пойызға бір блок учаскіден екіншісіне жүріп өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады. Өтпе бағдаршамдарының сигналдандырылуында сигналдық оттардың келесідей түстері қолданылады: жасыл, сары, қызыл. Ауыр салмақты пойыз тоқтағаннан кейін қозғала алмайтын, ұзаққа созылған өрлерде орналасқан автоблоктаудың өтпе бағдаршамдарында Т әріпі түріндегі мөлдір ақ түсті қосымша сигнал беруші шағылыстырушы щит орнатылады. Мұндай өтпе бағдаршамды тыйым салушы көрсеткіште тоқтаусыз өту тек қана белгілі бір жүк категориялы пойыздарға аса қырағылықпен және кейінгі қозғалыста кедергі кездессе, тоқтауға дайындықпен

20 км/сағ жылдамдықпен рұқсат етіледі.

Жабын бағдаршамдар – 12...15 пойыздар қозғалысына қауіпті жерлерді қоршауға аз әрекетті жолдар мен кіріс жолдарда қолданылады. Олар темір жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен, ажыратылмаған көпірлер және өткізгішпен өтетін жерлермен қиылысатын орындарды қоршайды. Жабын бағдаршамдары қоршау орнынан 50м қашытық-

та орнатылады және жасыл, қызыл оттармен сигналдандырылады.

1.1.2 – сурет. Бағдаршамдар түрлері мен орнату орындары

Ескертуші бағдаршамдар – ПЧ, ПН кіріс, өтпе (автоблоктауда әр өтпе бағдаршамдар келесі бағдаршамға қатысты ескертуші болып табылады) және жабын бағдаршамдарының көрсеткіштері туралы алдын-ала хабарлайды (тежеу жолынан кем болмайтын арақашықтықта).

Қоршау бағдаршамдары – 31 және 32 переездерде, ірі жасанды құрылғыларда, опырылып құлау мүмкін орындарда қозғалыс үшін қауіп пайда болған кезде және бекеттерде вагондарды қарау және жөндеу үшін, құрамдарды қоршау үшін пойыздардың толық тоқтауын талап етеді. Оларды қоршалатын орыннан 50 м кем емес арақашықтықта жолдың екі жағынан орнатады. Қалыпты қоршау бағдаршамы өшулі, ал пойыздар қозғалысы үшін қауіп пайда болған кезде жолдан қызыл от қосылады.

Қайталауыш бағдаршамдар – ПН1 жергілікті шарттар бойынша негізгі бағдаршамның қажет анықтылығы қамтамасыз етілмесе шығыс, маршруттық немесе дөңес бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы сигналдандырады. Қайталауыш бағдаршамда жасыл оттың жануы кіріс немесе маршруттық бағдаршам ашық екендігін білдіреді. Қайталауыш бағдаршамдардың сигналдық оттары қалыпты жанбайды және осы жағдайда сигналдық мәні жоқ. Қайталауыш бағдаршам щитінің ромб типтес пішіні оның жылдамдықтың мәні жоқ екендігін білдіреді және жолдық бағдаршамдардан кез-келген арақашықтықта орнатылады, машинист оны ескертуші бағдаршам ретінде ескермейді.

Маневрлік бағдаршамдар – М1, М3, М5, М7, М2, М4 бекеттің маршрутталған маневрларға бұрмалық аймақтарында орнатылады. Бұл сигналдар маневрлік қозғалыстарға рұқсат береді немесе тыйым салады. Маневрлік бағдаршамдар көк немесе ақ отпен сигналдандырылады: көк от – маневрлар жүргізуге тыйым салады; ақ от – рұқсат береді. Маневрлік бағдаршамдар шартты рұқсат етушілерге жатады, себебі олардың тыйым салушы оты (көк) маневрлік құрамға жүріп өтуге тыйым салады, бірақ магистральді және қала маңына қатынайтын пойыздар үшін тыйым салушы болмайды. Қабылдап-жөнелту жолдарының, тұйықтардың маневрлік бағдаршамдарында қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату үшін тыйым салушы от ретінде қызыл қолданылады. Маневрлік сигналдарда көк оттың шамы екі айда бір рет ауыстырылады. Сигналдардың көрінуі он күнде тексеріледі.

Локомотивтік бағдаршам – машинист кабинасында орнатылады. Пойыздың аралықпен бір блок-учаскіден екіншісіне жүріп өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады және пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіші туралы сигналдандырады. Автоматты блоктау және автоматты локомотивті сигнал жабдықталған учаскілерде немесе автоматты локомотивті сигнал жеке сигналдандыру құрылғысы ретінде қолданылатын учаскілерде локомотивтік бағдаршамдар келесі сигналдық оттарды: жасыл, сары, қызыл мен сары, қызыл және ақ.

Дөңестік бағдаршамдар – сұрыптау бекеттер мен дөңестерге дөңестен құрамды жіберуге рұқсат етуге немесе тыйым салуға қолданылады және жасыл, сары, қызыл сигналдық оттарға ие.

Тыйым салушы көрсеткіштің мәні бойынша бағдаршамдар келесідей болып бөлінеді:

  1. Абсолюттік, тыйым салушы көрсеткіште оларды жүріп өтуге болмайды (кірі, шығыс, маршруттық, жабын, дөңестік, автоматтық блоктау кезіндегі өтпе бағдаршамдар);

  2. Орнатушы-рұқсат етуші, тыйым салушы көрсеткіште және түсініксіз немесе өшулі сигналдық отта жүріп өтуге рұқсат етіледі, тек қана бағдаршам алдында пойыз міндетті тоқтауды орындаса, кейінгі қозғалыс аса қырағылықпен және кедергі пайда болған жағдайда тоқтауға дайын (АБ ескертуші және өтпе бағдаршамдар), 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі;

  3. Шартты-рұқсат етуші, олардың рұқсат етуші көрсеткіші пойыздардың бір категориясының тоқтауын талап етсе, келесі категория пойыздарына жүруге рұқсат береді (ұзаққа созылған өрлерде орнатылған автоблоктау өтпе бағдаршамдары және маневрлік бағдаршамдар).

Оптикалық жүйесінің түріне байланысты бағдаршамдар линзалық және прожекторлық болып бөлінеді:

Линзалық бағдаршам – әр сигналдық көрсеткішке бөлек оптикалық жүйе – линзалық комплектке ие.

Прожекторлық бағдаршам – бір оптикалық жүйеде түсі бойынша үш түрлі

сигналдық көрсеткішті алуға мүмкіндік беретін арнайы механизммен біріктірілген оптикалық жүйеге ие.

Линзалық бағдаршамдармен салыстырғанда құрылымының күрделілігі мен жұмыс сенімділігінің төмендігіне байланысты прожекторлық бағдаршамдарды жаңа құрылыста қолданбайды, ал бекеттер мен аралықтардағы СОБ құрылғыларын қалпына келтіру кезінде линзалықтармен ауыстырады. Линзалық бағдаршамдарда әрбір 40 күн сайын қызыл от жаңаланып отырады, алынған шам сары от шамына, ал соңғысы – жасыл оттың орнына қойылады.

Құрылымы бойынша бағдаршамдар келесідей болып бөлінеді:

  1. Діңгекті бағдаршамдар – 50 км/сағ асатын жылдамдықпен пойыздардың тоқтаусыз жүріп өтуі жүргізілетін бекеттердің басты және бүйір жолдарында, аралықтарда орнатылады, топтық және дөңестік бағдаршамдар мен олардың қайталауыштары ретінде, қоршау бағдаршамдары мен тұйықтардан шығу жолдарындағы маневрлік бағдаршамдар ретінде қолданылады (1.1.3 (а) – сурет).

  2. Консольдік бағдаршамдар – жоларалықта габарит шарттары бойынша бағдаршам орнатуға болмаса қолданады (1.1.3 (б) – сурет) .

  3. Ергежейлі бағдаршамдар – бекеттерде пойыздардың тоқтаусыз өтуі қарастырылмайтын жолдардан шығыс бағдаршамдар ретінде, пойыздарды қабылдау үшін маневрлік және кіріс бағдаршамдары ретінде және екі жолды учаскіде бұрыс жолмен локомотивтер итеруші ретінде қолданылады (1.1.3 (в) – сурет) .

      1. – сурет. Бағдаршамдардың құрылымы

Діңгекті бағдаршам кронштейндер көмегімен бір немесе бірнеше бағдаршамдық головкалар орнатылатын діңгектен тұрады. Бағдаршам діңгегі темірбетон немесе металл болуы мүмкін. Темірбетон діңгек тікелей топыраққа орнатылатын түйіспесіз тіреу түрінде болады. Металл діңгектер габарит шарттары бойынша темірбетон діңгектерді қолдануға болмайтын кезде немесе

олардың ұзындығы бағдаршам головкалары мен көрсеткіштерінің қажет санын

орнатуға жеткіліксіз болса қолданылады. Металл діңгек бетон фундаментте, созылмалы стаканда орнатылады.

Діңгекті бағдаршаммен салыстырғанда ергежейлі линзалық бағдаршам діңгегі жоқ, линзалық комплект пен күнқағарлары бар бағдаршамдық головкадан тұрады және фондық қалқансыз тікелей бетон фундаментке орнатылады.

Бағдаршамдық шамның қылы линзалық комплекттің фокусында орналасады. Сатылы линзалар есесінен электр шамының шашырап жатқан жарықтық ағыны жиналады және шоғырланады.

Бағдаршамдарды пойыздар қозғалысының бағыты бойынша оң жақтан немесе жақын құрылыстардың көлемдерін ескеріп жолдың осімен орнатады. Оларды орнату орындары пойызға берілетін сигналдарды қосылған жолдарға қатысты сигналдармен шатыстырмайтындай таңдалуы керек. Бағдаршамдарды орнату орындарын анықтау кезінде сигналдардың айқындалу қашықтығы ескерілуі керек. Ол өлшемімен, қалпымен, атмосфера мөлдірлігімен және адамның берілген сигналды қабылдауымен анықталады.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін жолдың тегіс учаскілеріндегі кіріс, өтпе, қоршау және жабын бағдаршамдарының жасыл, сары, қызыл оттары келе жатқан пойыздан 1000 м кем емес қашықтықтан локомотив кабинасынан күндіз де, түнде де анықталуы керек. Қисық учаскілерде осы бағдаршамдардың көрсеткіштері 400 м кем емес ара қашықтықта анықталуы керек. Қатты қисық жерлерде (таулар, терең қазбалар) аталған сигналдардың көрінуі 400 м кем қашықтықта рұқсат етіледі, бірақ 200 м кем емес. Шығыс және маршруттық бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштері басты жолдардан 400 м кем емес арақашықтықтан көрінуі керек, ал бүйір жолдарының көрсеткіштері мен маневрлік бағдаршамдардың шақырушы сигналдары мен көрсеткіштері 200 м кем емес арақашықтықтан көрінуі керек.

Темір жолдардың электрленген учаскілерінде кіріс бағдаршамдарын бекет контактілік жүйесінен аралық контактілік жүйесін ажырататын әуе аралығынан 300 м қашықтықта орнатады.

Шығыс, маршруттық, қайталауыш бағдаршамдарды жөнелтілетін пойыз локомотивінің тұрағына арналған орнының алдына орнатады. Блок-учаскілердің шегі болып табылатын АБ бағдаршамдарының орнатылу орындарын тартымдық есептеулерге сәйкес анықтайды. Дөңес бағдаршамдары арнайы профильді дөңестерде орнатылады. Мұнда құрамдарды жіберу вагондар ауырлық күшінің әсерінің оларды итеру арқылы орындалады.