Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать

1.2.3 – Сурет. Сп – 6 типті взрезді емес бұрмалы электр жетек

СПВ типті взрезді бұрмалы электрожетек (1.2.4 – сурет) 1 электр қозғалт-қыш; 2-7, 9, 10 шестерня; 8 барабан; 11, 12 бақылау сызғышынан тұрады.

1.2.4 – Сурет. Спв типті взрезді бұрмалы электрожетек

  1. Рт-мен жұмыстарын негізгі жұмыстары бойынша нұсқаулықпен рт күйін тексеру

Рельс тізбектері – темір жол автоматика және телемеханиканың негізгі элементі болып табылады. Олардың қызметі пойыздар қозғалысын реттеудің автоматтық және телемеханикалық жүйелерінің негізін қалайды және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен құрылғылары жұмысының сенімділігін көп мөлшерде анықтайды.

Рельс тізбегі қоректендіру мен жүктеме көзі бар электр тізбегі болып табылады. Қарапайым рельс тізбегінің электрлік сұлбасы (2.1 – сурет) қорек-тендіру соңынан, рельс жолынан және релелік соңнан тұрады. Рельс тізбегінің қоректендіруші соңында ВАК түріндегі түзейткішпен немесе ПТ жолдық трансформатормен буферлік режимде жұмыс істейтін аккумулятор орнатылады. Рельс тізбегі пойызбен бос емес болған кезде жолдық реле якорінің түсірілуін қамтамасыз ететін R0 резистор арқылы рельс жолына қоректендіру түседі.

    1. – сурет. Рельстік тізбектің құрылғысы

Рельс жолы екі рельс қылдарынан (7) тұрады. Олар рельс қылдарының электрлік кедергісін төмендетуге арналған ток өткізуші түйіспелік қосқыштармен өзара байланысқан рельс түйіндерінен (8) тұрады. Учаскідегі тартым түріне және рельске бекітудің таңдалған тәсіліне байланысты түйіспелі қосқыштардың 3 түрі болады. Автономдық тартымдағы учаскілерде болат штепсельдік және пісірілмелі қосқыштар пайдаланылады. Электрленген учаскілерде мыс пісірілмелі қосқыштар қолданылады.

Рельс қылдары ағаш немесе темірбетон шпалдарда (9) орнатылады. Шектес рельс тізбектерінің рельс жолдарын темір жапсырмалы оқшаулағыш түйіспелердің (6) көмегімен немесе желімболттық түйіспелердің көмегімен ажыратады. Оқшаулағыш түйіспелер жолдың жоғарғы құрылысының сенімді электрлік оқшаулауы мен механикалық мықтылығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан олар жоғарғы механикалық мықтылыққа ие және ылғалдану шарттарында жұмыс қабілеттілігін сақтайтын оқшаулағыш материалдардан жасайды. Зауыттық шарттарда жасалатын желімболттық оқшаулағыш түйіспе жоғары механикалық мықтылыққа ие, себебі ол рельспен бірге біртұтастықты құрайды.

Рельстік жолдан сигналдық ток релелік соңда тұрақты немесе айнымалы токта рельс тізбегінің жағдайын тіркейтін жолдық релені қабылдайды және пойыздар қозғалысын реттейтін әр түрлі жүйелердің жұмысы үшін осы ақпаратты жібереді.

Рельс тізбектерінің кейбір түрлерінде жолдық реле мен рельс арасында келесі приборлар қосылуы мүмкін: оқшаулағыш немесе жоғарылатушы трансформатор, қорғау фильтрі және т.б. Релелік шкафта немесе ЭО постында орналасқан қоректендіруші және релелік соңдардың аппаратурасы кабельмен (3) жолға жақын орнатылған тұрақ (4) немесе жолдық қорап арқылы тростық ауыстырып қосқыш арқылы (5) жолдың рельс қылдарына қосылады.

Рельс тізбектері – темір жол телімдерінде электрлік сигналдарды беруге арналған рельс жіптері. Рельс тізбектері рельс желісі (РЛ), қорек көзінен (П), қабылдағыштан (ПР) тұрады.

Сигналдық ток – РЛ бойымен өтетін электр тогы.

ЭО құрылғыларында рельс тізбегі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және автоматты локомотивтік сигналдандыру жұмысы үшін жолдан локомотивке ақпарат беру үшін арна ретінде қызмет атқарады.

Электрленген учаскілерде, оқшаулағыш түйіспелерде, рельс жолында дроссель-трансформаторлар (ДТ) орнатылады, олар оқшаулағыш түйіспелерді айналып рельс жолдарымен қайтымды тартым тогын өткізуді қамтамасыз етеді. Дроссель-трансформатор екі орамға ие: негізгі және қосымша. Негізгі орам үш шығысқа ие – екі шеткіні рельс жолдарына қосады, ал ортаңғысы қос рельс тізбегінің дроссель-трансформаторының ортаңғы шығысымен қосылады. Қосымша орамның шығыстарына рельс тізбегінің приборлары қосылады.

Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері келесідей болып келеді:

  1. Қалыпты режимдегі рельс тізбегі бос және ақаусыз;

  2. Шунтты режимде рельс тізбегі қозғалмалы бірлікпен бос емес;

  3. Бақылау режимінде рельс тізбегінде ақау бар;

  4. АЛС режимінде рельс тізбегі телемеханикалық арна ретінде қолданыла-ды;

  5. Қысқа тұйықталу режимінде рельс тізбегінің қоректік соңында қорек көзінің жұмысы рельстік жол пойызбен шунтталу кезінде тексеріледі.

Нақты эксплуатациялау шарттарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты рельс тізбектерінің көптеген түрлері бар. Олар әрекет ету принципіне, қоректендіру тогының түріне, рельске сигналдық токты жіберу тәсіліне, қайтымды тартым тогының өткізу тәсіліне, АЛС құрылғылары жұмысының қондыру тәсіліне және қолдану орнына байланысты түрленеді.

  • Әрекет ету принципіне байланысты РТ:

  • қалыпты тұйықталған;

  • қалыпты ажыратылған;

  • Қоректендіру тогының түріне байланысты РТ:

  • тұрақты токтағы;

  • айнымалы токтағы;

  • Рельске сигналдық токты жіберу тәсіліне байланысты РТ:

  • үздіксіз;

  • импульсті;

  • кодалық (қоректендірумен);

  • Оқшаулағыш түйіспелерді айналып қайтымды тартым тогын өткізу тәсіліне байланысты РТ:

  • біржіпті;

  • екіжіпті;

  • АЛС құрылғыларының жұмысын қондыру тәсіліне байланысты РТ релелік немесе қоректендіруші соңнан кодаланған болуы мүмкін;

  • Қолдану орнына байланысты РТ:

  • тармақталған;

  • тармақталмаған.