Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать

4.1 – Сурет. Алсн сигналын кодтау

Үш таңбалы АЛС-мен жабдықталған учаскелерде жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі жүрдек жолаушылар пойыздарының қозғалысы локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарыға ауықаннан кейін қызметтік тежеуді қолдану кезінде жабық бағдаршам алдында тоқтау арқылы жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады.

Автоматты локомотивті сигнализациясы мен пойыздық радиобайланыс әрекеттерінің шыдамдылығын тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеруі тиіс.

Автоматты локомотивті сигнализациясы дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде қолданылатын учаскелерде, блок-учаскелердің шекарасында «Блок-учаске шекарасы» деген сигналдық белгілер орнатылады.

Қорытынды

Белгі беру, орталықтандыру және блоктау жүйесінің негізі міндеттері – сапалы қызмет көрсетуді және белгі беру, орталықтандыру, блоктау, байланыс, радиобайланыс, жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бақылау құрылғыларын жөндеуді қамтамасыз ету.

Электрлік орталықтандыру – электрлік энергия көмегімен қоректенетін бекеттегі бұрмалар мен бағдаршамдарды бір орталықтан басқару жүйесі болып табылады. ЭО-дағы бұрмалар мен бағдаршамдардың басқарылуы орталықтанған пост арқылы жүзеге асады.

Рельс тізбектері – темір жол автоматика және телемеханиканың негізгі элементі болып табылады. Олардың қызметі пойыздар қозғалысын реттеудің автоматтық және телемеханикалық жүйелерінің негізін қалайды және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен құрылғылары жұмысының сенімділігін көп мөлшерде анықтайды.

Автоматты өткелді сигналдандыру мен автоматтық шлагбаумдар – переезге поездардың жақындауы кезінде шлагбауымдардың автоматты жабылуын және авто көлік үшін бағдаршамдар сигналдандырылуын, автоматты қосылуын қамтамасыз ететін қоршау құрылғылары. Бұл құрылғылар темір жолдардың автокөлік жолдары мен бір деңгейде өтуі кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Автоматты локомотивті сигналдандыру – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлатуға және локомотивтік бригадалар жұмысының шарттарын жақсартуға арналған құрылғылар АЛС құрылғылары пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіштеріне сәйкес келетін сигналдарды жолдан автоматты жіберу мен локомотивте қабылдауды қамтамасыз етеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Рогачева И.Л., Леонтьев А.В «Станционные системы автоматики» ГОУ 2007 г.

  1. Шульц В.А., Аманжулова Ж.А. «Автоматика негіздері және дискреттік құрылғылар» Алматы – ҚазККА 2011 ж.

  1. adilet.zan.kz сайты

20