Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать
  1. Автоматты өткел сигнализациясының техникалық қызмет көрсету бойынша тексерудің тәртібі

Автоматты өткелді сигналдандыру мен автоматтық шлагбаумдар – переезге поездардың жақындауы кезінде шлагбауымдардың автоматты жабылуын және авто көлік үшін бағдаршамдар сигналдандырылуын, автоматты қосылуын қамтамасыз ететін қоршау құрылғылары. Бұл құрылғылар темір жолдардың автокөлік жолдары мен бір деңгейде өтуі кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Пойыз переезді босатқаннан кейін переездік сигналдандыру қосылып шлагбауын (3.1 – сурет) ашылады.

3.1 – Сурет. Автоматтық шлагбаумдардың орналасу сұлбасы

Автоматты өткел сигнализациясы тоқтау сигналын беруін автомобиль жолының жағына қарай бастауы тиіс, ал автоматты тоспалар және қоршау құрылғылары пойыздың темір жол өткеліне келіп жетуіне дейін көлік құралдарының өткелін алдын-ала босатуы үшін қажетті уақыт ішінде өздерінің жабық қалыпқа келуі тиіс. Пойыз темір жол өткелінен толық өтіп болғанға дейін автоматты өтпе сигнализациясы жұмыс істеуді жалғастыруы, ал автоматты шлагбаумдар жабық қалпына келіп үлгеруі тиіс.

Автоблокировка, диспетчерлік орталықтандыр және переездік сигнализация

құрылғыларымен жабдықталған учаскелер негізінен қоректі СОБ жолдарының жоғары вольттарынан алады. Автошлагбаум және бағдаршам шамдарының аспаптарын қоректендіру үшін аккумулятор батареясынан резервті қоректену қарастырылған. Автоблокировка және диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары жоқ телімдерде переездік сигнализация аспаптары кернеулері 10 кВ болып келетін электр тарату жолдарынан алады.

Байланыс жолдары тіректерінің сымдарын мына ережеге сәйкес етіп орнатады:

  1. сымдар арасындағы кернеу мәні 250 В-тан аспауы тиіс;

  2. бекеттерде және тұрғылықты жерлерде қоректену сымдарын 2 рет бекітіп қояды.

Кернеуі 28 В болып келетін аккумулятор батареяларын, егер айнымалы ток сөніп қалған кезде переездік бағдаршам оттарын резервтеу үшін және шлагбаумды электр жетектерінің жұмыстарын қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Автошлагбаумы жоқ автоматты переездік сигнализация кезінде кернеуі 14 В болатын аккумулятор батареясын орнатады. Реле мен автоблокировка сұлбаларын қоректендіру үшін БПШ типті түзеткішті қолданады.

Қоректендіру көздерінің бөлінуі әсерінен – автошлагбаумның басқару тізбегінде қандай да бір ақау пайда болып, автоблокировканың жұмыс істеу қабілеттілігі сақталып қалады. Бекет алқымында және ДСП бөлмесі жанындағы ОМ типті трансформаторы бар күштік тіректерді орнатады. Күштік тіректерден

релелік шкафтарға дейін қарапайым сигналдық кабельдерді жүргізеді. Егер айнымалы токтағы жергілікті желілерде тербелу кернеуі 10 %-дан асып кеткен кезде, онда түзеткіштер мен бағдаршам шамдарын қоректендіру үшін кернеу стабилизаторларын қолданады. РПБ құрылғыларында С-0,5; С-0,75; С-0,9 типті электрмагнитті стабилизаторы кең қолданысқа ие. Жартылай автоматты блокировка құрылғыларын резервті қоректендіру үшін әрбір бекеттегі АБН-72 немесе АБН-80 типті аккумуляторлы батареяларды пайдаланады.