Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Қарыз / жіө.

2. Қарызға нақты қызмет көрсету коэффициенті – қарызды жабуға бағытталған қаржы көлемінің (қарызды және сол бойынша пайыздарды біртіндеп жабу) бюджет шығындарына қатынасы. Егер бұл көрсеткіштің мәні 20%-дан асса, онда қарыздың ауыртпашылығы өте жоғары және тым ауыр деп саналады.

3. Сыртқы қарызға қызмет көрсету коэффициенті – сыртқы қарызды жабу бойынша шығындардың экспорт көлеміне қатынасы.

Мемлекеттік қарызды төмендетудің келесідей механизмдері бар:

қарызды қайта құрылымдау;

қарызды конверсиялау.

Қарызды қайта құрылымдау деп біз «ескі» қарыздық міндеттемелерді қарызды жабудың аса жақсы, әрі «жеңіл» шарттарымен (аса төмен пайыздық мөлшерлемелер, төлем мерзімдерін ұзарту және т.б.) Көрсетілген бұл шара кедей және жағдайлары аса төмен елдерге тән құбылыс болып табылады.

Мемлекеттік қарызды конверсиялау дегеніміз – бұл қарыз міндеттемелерін тауарлық жеткізілімдерге немесе кәсіпорын акцияларына (своп) айырбастау. Алайда, біздің елдің шетелдіктерге қарыздық міндеттемелер үшін бергісі келетін акциялары әрқашанда әлемдік нарықтарда сұранысқа ие бола бермейді.

Қорытынды

1. Бюджет-салық саясаты – макроэкономикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағытталған.

2. Бюджет‑салық саясатының дискрециялық және дискрециялық емес деген түрлері бар. Дискрециялық бюджет-салық саясаты елдің экономикалық белсенділігін өзгертуге бағытталады және ол ынталандырушы және тежеуші болып бөлінеді. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты үкіметтік арнайы шешімдерін талап етпей-ақ автоматты тұрақтандырғыштарға негізделеді.

3. Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей әсер етеді. Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы, салық мультипликаторы және баланстанған бюджет мультипликаторы сияқты үшін мультипликатордың іске қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер әсері» қарастырылады.

4. Бюджет-салық саясатының мән-мағынасын жете түсіну үшін мемлекеттік бюджет туралы қарастыруымыз қажет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржы-ландыруға арналған ақша-қаражаттарын қалыптастырудың және шығындаудың нысаны; заңдылық тәртіппен бекітілген мемлекеттің кірістері мен шығыстары-ның құрылымы. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдауда мемлекеттік шығындардың орны ерекше болып табылады.

5. Толық жұмысбастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюджет тапшылығының мынадай түрлері ажыратылады: 1) құрылымдық бюджет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасындағы айырмашылық; 2) циклдік бюджет тапшылығы – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі бюджет тапшы-лығының бір түрі. Циклдік тапшылық экономикалық белсенділіктің ауытқу себептерімен түсіндіріледі.

6. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше әдістері бар: 1) ақша эмиссиясы; 2) Орталық банктен қарыз алу; 3) жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу. Бюджет тапшылықтарының ел экономикасына әсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап алған әдісімен анықталады.

7. Мемлекеттік қарыз – мемлекеттің алдында тұрған физикалық және заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар мен субъекті-лерге деген қарыздық міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздары болады. Ішкі қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін ел ішін-дегі резиденттерден алған қарыз сомалары. Сыртқы қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, азаматтардан) алған қарыз сомалары.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Студент тақырыпты оқу барысында бюджет-салық саясатының мәнін, түрлерін, елдің бюджеттік жүйесін, мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының негізгі баптарын, елдің мемлекеттік бюджетінің тапшылығы мен мемлекеттік қарыз мәселелерін, дискрециялық және автоматты бюджет-салық саясатының жүргізілуін, сонымен қатар, бюджет мультипликаторын, салық мультипликаторын және баланстанған бюджет мультипликаторын міндетті түрде білуі қажет.

2. Студент тақырыпты оқи отырып мыналарды игере алуы керек:

  • елдегі бюджет-салық саясатының тиімділігін анықтай білу;

  • мемлекеттік шығындар (бюджет) мультипликаторын, салық мультипликаторын және баланстанған бюджет мультипликаторын есептей білу.

3. Студент бюджет-салық саясатын талдау және оның қоғамның макроэкономикалық жағдайына әсерін бағалай алу сияқты қабілеттіліктермен шыңдалуы қажет.

4. Тақырыптағы негізгі мәселелердің графикалық көріністерін түсіндіре білу.

5. Тақырыпты оқу кезінде негізгі әдебиеттер тізімінде көрсетілген оқулықтарды терең меңгеріп игеру қажет.

6-тақырып. Жалпы шолу дәрісі