Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

«Қазақстан экономикасының жаңа кезеңдегі макроэкономикалық мәселелері» атты тақырыбына арналған коллоквиум сұрақтары

  1. Макроэкономика ғылым ретінде қалай пайда болды?

  2. Кейнстің макроэкономикалық теориясы және кейнстік төңкеріс?

  3. Макроэкономикалық теорияның қазіргі заманғы теориялары мен бағыттарына сипаттама беріңіз?

  4. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі неде?

  5. Неліктен микроэкономика ғылымы «Ұлы депрессиядан» шығуды түсіндіре алмады?

  6. Макроэкономика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуын тек «Ұлы депрессия» құбылысымен ғана байланыстырамыз ба?

  7. «Ұлы депрессия» тарихи тұрғыдан орын алмағанда және пайда болмағанда экономикалық теорияның екінші бөлімі – «макроэкономика» пайда болмас па еді немесе ғылым ретінде қалыптаспаған ба еді?

  8. Макроэкономика – бұл позитивті экономика ма, әлде нормативті экономика ма?

  9. Макроэкономикалық ғылымы макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру үшін керек пе?

  10. Макроэкономиканы экономиканы немесе нарықты мемлекеттік реттеу ғылымы деп түсінуімізге бола ма?

  11. Макроэкономика нарықтың шеше алмайтын мәселелерімен айналысу үшін арналған ба?

  12. Макроэкономика ғылымында мемлекет субьект ретінде басты рөл ойнай ма?

  13. Жабық экономиканың ерекшелігі мен тиімділігі неде?

  14. Қазіргі уақытта экономикалар қаншалықты ашық болуы тиіс немесе ашық экономикаға сипаттама беріңіз?

  15. Қазақстандағы негізгі макроэкономикалық мақсаттар мен проблемаларға қандай сипаттама беруге болады?

  16. Қазақстанның қазіргі жүргізіп отырған макроэкономикалық саясатына қандай баға беруге болады?

  17. Ұлттық экономиканың көлеңкелі жақтары және оның негізгі белгілері қандай?

  18. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеудің күрделілігі неде және олар халықтың тұрмыс жағдайларын қаншалықты бағалай алады?

  19. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың дамуының нәтижесін қандай көрсеткіштер сипаттайды?

  20. «Храповик» әсерінің құбылысы қазақстандық экономикада орындала ма, егер орындалады десеңіз, онда себебін түсіндіріңіз?

  21. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тарапынан болатын сілкіністердің себебін түсіндіріңіз және осыған байланысты Қазақстандағы тұрақтандыру саясатының жүзеге асуына сипаттама беріңіз?

  22. Отандық экономикада мультипликатор әсері орындала ма?

  23. Экономикадағы жеке жинақтардың рөлі қандай?

  24. Еліміздің қандай салалары инвестицияны қажет етеді?

  25. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногының дамуы мен оны мемлекеттің реттеудің шаралары қандай?

  26. Еліміздегі қор биржаларының дамуына қандай механизмдер қажет?

  27. Отандық екінші деңгейлі банктердің даму жағдайы қандай?

  28. Ұлттық банктің шаралары қандай мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс?

  29. Банктер ұлттық экономиканың дамуына қаншалықты үлес қосып жатыр?

  30. Жемқорлық немесе коррупция – бұл ұлттық макроэкономикалық тұрақсыздықтың бір түрі ретінде деп қарастырсақ, онда ол мәселе қалай шешілуі керек?

  31. Жаңа салық Кодексі еліміздің экономикалық дамуы мен өркендеуіне қандай көмек немесе жеңілдіктер береді?

  32. Жаңа үш жылдық бюджет Кодексі алдағы уақытта қалай жүзеге асады және оның құрылымы қандай болады?

  33. Қазіргі уақыттағы ұлттық экономика жағдайында мемлекет пен жеке сектордың өзара байланысы мен тиімділігі қандай?

  34. Елбасының биылғы жылғы халыққа жолдаған Жолдауын түсіндіріңіз және оның алдыңғы жолдауларға қарағандағы ерекшелігін анықтаңыз?

  35. «Қазақстан - 2030» стратегиясының экономиканы дамытудағы рөлі мен маңызы қандай?

  36. Индустриалдық – инновациялық стратегияның жүзеге асырылу барысы қандай?

  37. Инновациялық экономиканы қалыптастырудың және дамытудың жолы қандай?

  38. «30 корпоративтік көшбасшылар» мемлекеттік бағдарламасының макроэкономикалық жақтарын қарастырыңыз?

  39. Өңірлік әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар, олар аймақтардың экономикалық даму мәселелерін қаншалықты шеше алады?

  40. Қазақстанның әлемдегі дамыған аса бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі – бұл еліміздің басты макроэкономикалық мақсаты ма?

  41. Ірі инвестициялық серпінді жобалардың іске асуының макроэкономикалық жақтарын сипаттаңыз?

  42. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесін еліміздегі басты макроэкономикалық мәселе деп қарастырамыз ба?

  43. Инфляцияны төмендету шаралары қандай және бұған қарсы макроэкономикалық саясат қалай жүргізілуде?

  44. Еңбек рыногын қалай жетілдіруге болады?

  45. Кедейшілік мәселесін шешудің және әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуының тиімділігі қандай?

  46. Қазіргі уақытта елімізде ақша – несие және бюджет – салық саясаттары қалай жүргізілуде?

  47. Отандық экономиканың циклдік дамуына сипаттама бере аласыз ба?

  48. Қазіргі дағдарыстардың себебі неде?

  49. Әлемдегі қаржы дағдарысы және оның Қазақстан экономикасына әсері қандай?

  50. Қазіргі болып жатқан дағдарыстарға және оның шешілуіне кейнстік теория жауап бере ала ма?

  51. Осы әлемдегі қаржы дағдарысына байланысты үкіметтің жүргізіп отырған саясатына қандай баға аласыз?

  52. Шетелдік экономикалар әлемдегі дағдарысқа қалай төтеп беруде және олардың тәжірибелері қандай?

  53. Қазақстан экономикасына кластерлік жүйені енгізудің қажеттілігі неде?

  54. Кластерлік жүйе экономиканың шикізаттық бағытын өзгерте ала ма?

  55. Әлемдік аренада Қазақстан қазіргі уақытта қандай ойыншы және ол қандай мүддені көздейді?

  56. Қазақстанның әлемдегі басты стратегиялық әріптестері кімдер және олармен қандай байланыстар орнатады?

  57. Отандық экономиканың «голланд ауруына» шалдығуының қауіп – қатері бар ма?

  58. Алдағы уақытта қазақстандық экпорттық-импорттық бағытты өзгертеміз бе?

  59. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қажеттілігі неде және кіргеннен кейінгі нәтижесі мен ерекшелігі қандай болмақ?

  60. Экономикалық өсу – бұл Қазақстанның басты ұлттық деңгейдегі макроэкономикалық мақсаты ма?