Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

7. Ағымдық және аралық бақылау, қорытынды бақылау материалдары

Бақылау жүйесi. Дәрiс, практика, зертханалық сабақтар барысында ағымдық бақылау жүргiзiледi, ал студенттің өзіндiк жұмысы (СӨЖ) бойынша екі аралық бақылау (7-ші және 14-ші апта) жоспарланады. Қорытынды бақылау емтихан (тест) түрiнде өтедi.

Ағымдық бақылау (АБ): «дөңгелек үстел», ауызша сұрау, сұрақ-жауап, пiкiр-талас, жаттығулар, мысалдар, есептер және мәселелiк жағдайларды қарастыру және талдау, тестiлеу, конспектілеу, слайд арқылы презентация жасау тәрiздi әдiстердi қолдану арқылы iске асырылады.

Аралық бақылау (АРБ): коллоквиум, кешендi тестiлеу, жазбаша бақылау, глоссарий, логикалық схемалар құрастыру, іскерлік ойындар, жоба жасау, эссе, реферат дайындау және қорғау сияқты әдістер қолданылады.

Бағалау өлшемдері. Ағымдық бақылаудың өлшемдері: «дөңгелек үстелге» қатысу, ауызша сұрау, пiкiр таласына қатысу, есеп және проблемалық экономикалық жағдайларды шешу, тестiлеу, жазбаша жұмыс, сабаққа қатысу, сабақтағы белсенділік және басқадай жұмыстардың барлығына - 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.

Аралық бақылаудың өлшемдері: коллоквиум, кешендi тестiлеу немесе жазбаша бақылау жұмысы, іскерлік ойын, жоба жасау, реферат, эссе, баяндама жазу және оны қорғау сияқты жұмыстардан қамтылады және барлығы 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.

Уақытында берiлген тапсырмаларды орындамаған студенттерге және әр жіберілген 6 сағат үшін -5 баллға дейiн айып салынады. Ал белсенділік көрсеткен студенттерге +5 балл қосылады. Үй тапсырмасы мен аралық бақылауды тапсыру уақытының кестесі белгіленеді.

Ағымдық және аралық бақылаудың нәтижелері қосылады, бұл алынған балл қорытынды бағалауда есептеледі. Ағымдық және аралық баллды 50 пайыздан төмен жинаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жiберiлмейдi. Қорытынды бақылау компьютерлік кешендi тестiлеу арқылы жүргiзiледi. Ал оның нәтижесі 40 пайызға (балға) дейін бағаланады. Сонымен қатар, бұл балл қорытынды рейтингке қосылады. Мысалы, АРБ мен АБ 60 пайыз болса, оған ҚБ 40 пайыз қосылады, яғни ақтық қорытынды рейтинг 100 пайызға тең болады, әріп бойынша баға «А» болады, ал БЖББ бойынша «өте жақсы». Ал егер, АРБ мен АБ 30 пайыз, ҚБ 20 пайыз болса, онда қорытынды рейтинг 50 пайыз болады, яғни әріп бойынша «D» болып бағаланады, ал БЖББ бойынша «қанағаттанарлық» бағасы қойылады.

Студенттердің білімі кешенді матрицалық тестілеу бойынша емтихан арқылы былай анықталады: Әріп бойынша:

* «А» 4,0 балл, пайыздық арақатынас – 95-100 %;

* «А-» -3,67 балл, - 90-94 % . Байырғы жүйе бойынша баға (БЖББ) – «өте жақсы» - 90-100 %;

* «В+» - 3,33 балл, 85-89 %; - «жақсы» - 75-89 %;

* «В» - 3,0 балл, 80-84 %; - «жақсы»

* «В-» - 2,67, 75-79 %: - «жақсы»

* «С+» - 2,33 балл, 70-74 % ; - «қанағат» - 50-74 %;

* «С» - 2,33 балл, 65-69 % ; - – «қанағат»

* «С-« - 1,67 балл, 60-64%; - – «қанағат»

* «D+» - 1,33 балл, 55-59 % ; - – «қанағат»

* «D» - 1,0 балл, 50-54 % ; - «қанағат»

* «F» - 0 балл, 0-49 %; - «қанағатсыз».

/Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: ОӘК., 9-10 б./