Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының біріктірілген тепе-теңдігі. Is-lm үлгісі

Мақсаты: IS-LM үлгісінің теориялық мәнін қарастыру, үлгідегі тиімді сұранысты анықтау және жиынтық сұраныс қисығын салу, IS-LM үлгісі арқылы ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының тәжірибелік тұрғыдан тиімді-ліктерін анықтау. Ол үшін дәріс сабағына мына сұрақтар шығарылады.

Дәріс жоспары:

  1. Біріктірілген тепе-теңдіктің мәні.

  2. IS қисығын құру.

  3. LM қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік.

  4. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс қисығын құру.

  5. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие және фискалдық саясат.

Негізгі түсініктер: IS қисығы; LM қисығы; IS-LM үлгісі; тиімді сұраныс; тұрақты бағалар бойынша IS-LM үлгісі; өзгермелі бағалар бойынша IS-LM үлгісі; инвестициялық тұзақ; өтімділік тұзағы; ақша-несие саясатының салдар-дары; бюджет-салық саясатының салдарлары; ығыстыру әсері; т.б.

Тақырыптың мазмұны.

AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) айнымалы болып табылады және тауар нарығының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып ақша нарығында өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеудің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) айнымалыға айналады және оның шамасы тек ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды да сипаттайды.

Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш рет кейнстік мектептің өкілі Дж. Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс және классиктер» деген еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы Э. Хансеннің «Ақша теориясы және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты Хикс-Хансен үлгісі деген атқа ие болды.

IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтанда IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), n (таза экспорт), R (пайыз мөлшерлемесі).

Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар), МS (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы және нақты шамалары сәйкес келеді, жиынтық табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі (R) айнымалы болып табылады.

Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, МS (ақша ұсынысы) өзгермелі шама, ал үлгідегі басқа да айнымалылар нақты шама болып табылады.

IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының тепе-теңдігін сипаттайды және сол игіліктер нарығында туындайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R және табыс деңгейі Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді.

IS қисығын құру үшін:

  1. жиынтық шығындар үлгісі;

  2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшерлемесіне деген тәуелділік функциясы негіз болып табылады.

IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы құруға болады. IS қисығының бойындағы кез-келген нүкте жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.

8.1-суретінде жинақтау функциясы бейнеленген, табыстың (өндіріс көлемінің) Y1-ден Y2-ге көбеюіне байланысты жинақтар S1-ден S2-ге өседі.

8.2-суретінде инвестиция функциясы бейнеленген, жинақтау функциясының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция I1-ден I2-ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1 I2=S2 болады.

S жинақтау

S2

S1

Y1 Y2 Y

8.1-сурет. Жинақтау функциясы

R пайыз мөлшерлемесі R

R1 R1

R2 R2

I1 I2 I Y1 Y2 Y

8.2-сурет. Инвестиция функциясы 8.3-сурет. IS қисығы

8.3-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмендеген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады және керісінше.

IS қисығының бойымен жылжу игіліктер нарығында тепе-теңдіктің сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыстың қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа да факторлар (G, Т) әсер еткенде IS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, егер кез-келген пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдайда IS қисығы оңға қарай жылжиды, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесі кезінде қолда бар табыстың төмендеуі жиынтық сұранысты төмендетеді, ал IS қисығы солға қарай жылжиды.

IS қисығын Кейнс кресінің үлгісі арқылы да көрсетуге болады.

8.4-суретте инвестиция функциясы көрсетілген. Пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге өсуі жоспарланған инвестицияны І(R1)-ден І(R2)-ге азайтады.

8.5-суретте Кейнс кресі көрсетілген. Жоспарланған инвестицияның І(R1)-ден І(R2)-ге азаюы ұлттық табыс деңгейін Y1-ден Y2-ге қысқартады.

8.6-суретте IS қисығы пайыз мөлшерлемесі мен ұлттық табыс арасындағы өзара байланыс нәтижесі түрінде берілген.

E жоспарланған шығындар

E=C(Y-T)+I(R1)+G+Xn

E=C(Y-T)+I(R2)+G+Xn

Y1 Y2 Y

8.4-сурет. Кейнс кресі

R пайыз мөлшерлемесі R

R1 R1

R2 R2

I1 I2 I Y1 Y2 Y

8.5-сурет. Инвестиция функциясы 8.6-сурет. IS қисығы

LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепе-теңдігін сипаттайды, яғни ол ақшаға деген сұраныс (алдымен қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады. LM қисығының графигі ақша ұсынысының (MS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді.

LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең болады.

8.7-суретте ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Ұлттық табыстың Y1-ден Y2-ге дейін өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге өседі. Ақшаға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды.

8.8-суретте LM қисығы көрсетілген. Ұлттық табыс неғұрлым өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады.

IS (игіліктер рыногының тепе-теңдігі) және LM (ақша рыногының тепе-теңдігі) қисықтарының қиылысуы осы екі рыноктарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын қамтамасыз ететін пайыз мөлшерлемесінің R (пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесі) және табыс деңгейінің Y (табыстың тепе-теңдік деңгейі) ортақ мәндерін анықтайды.

R MS R LM

R2 R2

R1 R1

MD(R2Y2)

MD(R1Y1)

M/Р M/Р Y1 Y2 Y

8.7-сурет. Ақша нарығы 8.8-сурет. LM қисығы

Ақша ұсынысының (MS) ұлғаюы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға қарай жылжытады.

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының қиылысқан нүктесінде (R0 Y0) орнайды.

R

R0

Y0 Y

8.9-сурет. IS-LM қисығы

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығын IS-LM үлгісі негізінде құруға болады. Ақша ұсынысы тұрақты, ал баға деңгейі өсті деп есептейік. Онда нақты ақша қалдықтары кемиді, LM қисығы LM(P1)-ден LM(P2)-ге жылжиды. Y-P графигіне екі Y1P1 және Y2P2 тепе-теңдік нүктелерін түсіру арқылы AD қисығын орнатуға болады (8.12-сурет).

Баға деңгейінің P1-ден P2-ге көтерілуі нақты ақша қалдықтарының көлемін азайтады. Бұл жағдай LM қисығын солға жылжытады.

Нақты ақша қалдықтарының қысқаруы пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге көтерілуіне әкеледі. Соған байланысты инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы түрде таза экспорт (Xn) қысқарады. Нәтижесінде өнім көлемі Y1-ден Y2-ге азаяды.

R A) IS-LM қисығы

LM(P2)

R2 LM(P2)

R1

IS

Y2 Y1 Y

P

Ә) Жиынтық сұраныс қисығы

P2

P1 AD

Y2 Y1 Y

8.10-сурет. IS-LM үлгісі арқылы жиынтық сұраныс қисығын алу

Мемлекеттік шығындардың молаюы, салық деңгейінің төмендеуі немесе ақша ұсынысының өсуі жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады. AD қисығының өзгерісі IS және LM қисықтарына әртүрлі әсер етеді. Бұл жағдай ынталандырушы ақша-несие және бюджет-салық саясаттарын сипаттайды.

IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау үшін қолданылады.

Ынталандырушы ақша-несие саясатының ұлттық табысқа әсері. Егер мемлекет ұлттық табысты ұлғайтуды мақсат етсе, онда ол ақша ұсынысын көбейтуі мүмкін. Ақша ұсынысының артуы LM қисығын төмен (оңға) LM1-ге жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесінен ауысады. Нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге төмендейді, ал ұлттық табыс Y1-ден Y2-ге көбейеді. Сөйтіп ақша ұсынысының артуы пайыз мөлшерлемесін төмендетіп инвестицияны ынталандырады. Бұл жағдай тауарлар мен қызметтерге сұранысты кеңейтеді. Мұны «кейнстің беріліс механизмі» деп атайды (8.11-сурет).

R LM R MS M׳S

LM1

A R1

R1

B R2

R2

IS MD

Y1 Y2 Y M/P

8.12-сурет. Ақша-несие саясатының әсері

Ынталандырушы бюджет-салық саясатының әсері. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты, мәселен, шығындарды көбейтуі немесе салықтарды төмендетуі IS қисығын оңға жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Нәтижесінде ұлттық табыс Y0-ден Y1-ге көбейеді. Ұлттық табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Ақшаға сұраныстың артуы пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге дейін өсуіне әкеледі. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестицияны қысқартады. Сөйтіп ынталандырушы бюджет-салық саясаты пайыз мөлшерлемесін өсіріп инвестицияның бір бөлігін ығыстырады. Мемлекеттік шығындардың көбеюі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға әсер етуі «инвестицияны ығыстыру әсері» деп аталады. Егер ығыстыру әсері болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі немесе салықтардың төмендеуі нәтижесінде ұлттық табыстың артуы Y0 – Y2 мәніне тең болар еді. Бірақ ығыстыру әсері салдарынан ұлттық табыстың өсуі тек Y1 – Y2 мәніне ғана тең болады (8.13-сурет).

R LM R MS

В R2

R2

A R1

R1 IS1

IS MD M׳D

Y0 Y1 Y2 Y MS M/P

8.13-сурет. Бюджет-салық саясатының әсері

Сөйтіп ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

Қорытынды

1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді.

2. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

3. IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау үшін қолданылады.

4. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

5. Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

6. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Тақырыпты оқу барысында студент ең алдымен ондағы қаралатын сұрақтарды график арқылы түсіндіре алуы керек. IS-LM үлгісін құра білу.

2. Тауар және ақша нарықтарында бір уақытта орын алатын тепе-теңдіктің мәніне көңіл бөлу керек, IS-LM үлгісі арқылы сипатталатын ұлттық табысқа және оның өзгерісіне әсер ететін факторларды қарастыру қажет.

3. Тақырыпты біржолата бекіту үшін негізгі әдебиеттер тізімінде берілген оқулықтарды меңгеру қажет.

9-тақырып. Мәселелі дәріс