Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Бюджет-салық саясаты

Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілерін болдырмауға байланысты экономикадағы мемлекеттің бюджет-салық саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау және олардың тиімділіктерін анықтау. Осы тақырыпқа мына сұрақтар талқылауға шығарылады.

Дәріс жоспары:

    1. Бюджет-салық (фискалдық) саясатының мақсаттары, құралдары және түрлері.

    2. Бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Баланстанған бюджет мультипликаторы. Хаавельмо теоремасы.

    3. Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері.

    4. Мемлекеттік қарыз мәселесі және оны жабу жолдары.

Негізгі түсініктер: бюджет-салық (фискалық) саясаты; дискрециондық ФС; автоматты тұрақтандырғыштар; мемлекеттік бюджет; бюджет тапшылығы, бюджет артықшылығы; бюджет мультипликаторы, салық мультипликаторы; баланстанған бюджет мультиплика-торы; Хаавельмо теоремасы; мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Лаффер әсері; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл макроэкономикалық саясаттың негізгі бір құралы ретінде макроэкономикалық тұрақсыздық пен макроэкономикалық проблемаларды реттеу үшін мемлекеттің шығындар мен салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік белсенділік деңгейіне саналы түрде әсер ету шаралары. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағытталған.

Бюджет-салық саясатының мынадай бірнеше мақсаттары бар:

  1. Экономикалық циклдің ауытқуларын қалпына келтіріп отыру.

  2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

  3. Инфляцияның қалыпты жағдайында жұмысбастылықтың жоғары

деңгейіне қол жеткізу.

Қалыптастып отырған экономикалық жағдаятқа (коньюнктура) байланысты бюджет-салық саясатын жүргізудің екі түрі бар:

  1. Дискрециялық бюджет-салық саясаты.

  2. Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты.

Дискрециялық бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешімдері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын және мемлекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шараларынан тұратын іс-қимылдар. Саясаттың бұл түрін жүргізу барысында үкімет арнайы заңдар қабылдап, инфляция қарқынын, жұмысбастылық деңгейін, өнім көлемі мен төлем балансы жағдайын мақсатты түрде өзгертіп отырады. Дискрециялық саясат экономикалық құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды арттырып, немесе салық салу деңгейін қысқартып, бюджет тапшылығын тудырады және, керісінше, экономикалық өрлеу кезеңдерінде бюджет артықшылығын қалыптастырады. Соған байланысты, дискрециялық бюджет-салық саясатының өзі екіге бөлінеді:

1. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (экспансиялық саясат немесе қазыналық экспансия) – бұл қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету немесе, осылар арқылы біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді фискалдық саясат деп аталады.

2. Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – бұл экономиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығындарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Демек, бұл енжар фискалдық саясат болып саналады.

Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары:

  • салық мөлшерлемесін өзгерту;

  • қоғамдық жұмыс жобалары;

  • халықты жұмыспен қамту.

Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.

Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер төлемдер, жұмыссыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады.

Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандырғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына және бюджет артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді. Ал экономиканың құлдырау кезеңдерінде бұл үрдітер керісінше жүріп отырады.

Экономиканың автоматты тұрақтандырғыштары дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімінің ұзақтылығы проблемасын салыстырмалы түрде жұмсартып отырады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істей береді.

Сонымен, дұрыс ойластырылған бюджет-салық саясаты мемлекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыруға және кәсіпкерлік белсенділікті көтеруге, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін арттыруға, ел экономикасының бәсекелік қабілеттілігін нығайтуға және де, елдің халықаралық жағдайларын жақсартуға өз септігін тигізеді.

Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей әсер етеді. Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар) мультипликаторы, салық мультипликаторы және баланстанған бюджет мультипликаторы сияқты үшін мультипликатордың іске қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер әсері» қарастырылады.

Бюджет мультипликаторы мемлекеттік шығындар динамикасының өзгеруі нәтижесінде ұлттық өндірісте орын алатын өзгерістерді сипаттайды. Ол мемлекеттік шығындардың бір бірлікке ұлғаюы кезіндегі ұлттық өндіріс көлемінің қанша есеге өсетінін көрсетеді және ол мына формула бойынша анықталады:

mg = ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS,

мұнда, ∆Y – өндіріс көлемінің өсімі;

∆G – мемлекеттік шығындар өсімі;

MPC – тұтынуға шекті бейімділік;

MPS – жинақтауға шекті бейімділік.

Сонымен, экономиканы жандандыру және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында мемлекет ынталандырушы бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде өзінің шығындарын арттыруы қажет. Және, керісінше, экономиканың қызып кетуі жағдайында мемлекет тежеушілік шараларды қолдану арқылы өзінің шығындарын қысқартуы қажет.

Салықтар мөлшерінің өзгеруі де табыстың тепе-теңдік деңгейіне мультипликативтік әсер береді, бірақ оның әсері аса жұмсақтау, яғни салық мультипликаторы өзінің шамасы бойынша мемлекеттік шығындар мультипликаторынан кіші болып келеді және ол мына формуламен есептеледі:

mt = ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC,

және, бұл салықтардың бір бірлікке өзгеруі кезінде табыстың бірнеше есеге өзгеруін, немесе салықтардың өзгеруі есебінен туындаған ұлттық өндіріс көлемі өзгеруінің салықтардың өзгеруіне қатынасын көрсетеді.

Ал жиынтық табыстың өзгеруін мына формуладан көре аламыз:

Y = −∆Т×МРС / 1 – MPC.

Егер үкімет мемлекеттік шығындарды арттыру кезінде бюджеттің баланстылығын сақтауға ұмтылса және ол үшін салықтық түсімдер мөлшерін ұлғайтса, яғни мемлекеттік шығындар мен салықтық түсімдер шамасы бір бағытта өзгерсе, онда баланстанған бюджет мультипликаторының әсері орын алады. Бұл мультипликатордың іске қосылуының мәні мынада: мемлекеттік шығындар мен салықтардың белгілі бір уақытта бірдей шамаға (∆G = ∆T) өсуі кезінде, өндірістің тепе-теңдік көлемі де дәл сол шамаға артады, ∆Y = ∆G = ∆T.

Айталық, үкімет қосымша мемлекеттік шығындарды жабу үшін салық саясатын қатаңдатып салық мөлшерлемелерін көтерді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың нәтижесінде мемлекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті делік. Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкіметтің жүргізген шараларының салдарынан туындаған өндірістің тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол үшін мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының мәндерін анықтаймыз:

mg = ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1/ 0,2 = 5,

mt = ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC= – 0,8 / 0,2 = –4.

Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің өсімі мынаны құрады:

∆Yg = ∆G×mg = 100 × 5 = 500.

Ал салықтардың өсуі нәтижесінде болған Y-дің қысқаруы мынаған тең болды:

∆Yt = ∆T×mg = 100 × (–4) = –400.

Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған тең болады:

∆Y = ∆Yg + ∆Yt = 500 – 400 = 100, яғни өндіріс көлемі мемлекеттік шығындар мен салықтардың бастапқы өзгерістері сияқты шамаға өзгереді.

Бұл қорытынды экономикадан 1989 жылғы Нобель сыйлығының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен байланысты «Хаавельмо теоремасы» деген атқа ие болды.

Баланстанған бюджет мультипликаторының әрекеті мынамен байланысты, яғни мемлекеттік шығындардың ұлғаюы әсеріне қарағанда, салықтардың өсімінен болған мультипликативтік әсер әлсіздеу болып табылады. Сондықтанда, салық саясаты ЖІӨ көлеміне әсер ететін жанама құрал шараларына жатады, ал сол мезетте мемлекеттік шығындарды өсіру арқылы үкімет ЖІӨ-ге тікелей әсер ете алады. Мұндай ерекшелік бюджет-салық саясатының құралдарын таңдау кезінде шешуші болып табылады: экономикада циклдік құлдыраудың алдын алу үшін мемлекеттік шығындар артады (бұл аса күшті ынталандырушылық әсер болып табылады), ал экономикалық өрлеу жағдайында инфляциялық дүмпулерді басу үшін салықтар өседі (бұл сондай жұмсақ шектеуші шара ретінде саналады).

Экономиканың циклдік сипаты мемлекеттік бюджеттің баланстылығын тұрақты түрде қолдап отыруға мүмкіндік бермейді. Экономикалық құлдырау кезінде бюджет тапшылықты, ал өрлеу фазаларында артықшылықты болып табылады. Өз кезегінде, мемлекеттің бюджеттің тапшылығы немесе артықшылығы экономиканың циклдік ауытқуларын жұмсартып отыру механизміне үнемі қатысып отырады. Дискрециялық бюджет-салық саясатының нәтижелерін экономиканың циклдік толқуларының нәтижелерінен айырмашылығын көрсету үшін толық жұмысбастылық бюджетін есептеу қажет. Толық жұмысбастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюджет тапшылығының мынадай түрлері ажыратылады:

1) құрылымдық тапшылық – толық жұмысбастылық пен нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасындағы айырмашылық, яғни ол толық жұмысбастылық пен нақты салық салу жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

2) циклдік тапшылық – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі бюджет тапшылығы.

Мемлекеттің алдында бюджет тапшылығын жабу мәселесі тұрады. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде ең негізгілері болып мыналар табылады:

ақша эмиссиясы;

Орталық банктен қарыз алу;

жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу.

Бюджет тапшылықтарының ел экономикасына әсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап алған әдісімен анықталады.

Ақша басып шығару бюджет тапшылығы мәселесін шешудің ең қарапайым және жылдам жүргізілетін әдісі болып табылады. Көптеген елдер соғыс уақытында және ұзаққа созылған дағдарыстар кезеңдерінде осындай әдісті кеңінен қолданды. Алайда, бұл саясатттың арты экономика үшін жағымсыз салдарлармен ұласатын болды: бақылауға көнбейтін инфляцияның қаупі туындайды және соған байланысты ұзақ мерзімдік инвестициялар үшін ынта бірден жоғалады, халықтың және кәсіпорындардың ақшалай жинақтары құнсызданады, ұлттық валютаның бағамы төмендейді.

Орталық банктен қарыз алу әдісі де ақша массасының инфляциялық ісінуін туындататын шара болып табылады. Қазіргі уақытта, көптеген елдердің эмиссиялық банкі атқарушы және заң шығарушы билік органдарынан конституциялық жағынан бекітілген тәуелсіздікке ие болып табылады, сол арқылы үкіметтің баспа құралын қолдану арқылы өз мәселелерін шешуіне мүмкіндік бермейді.

Жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу құралдары – бюджет тапшылығын жоюдың үшінші әдісі ретінде аса сенімді әдіс болып табылады. Олар мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлардан қарыз алу және банктерден несие алу түрінде жүзеге асырылады. Мұндай әдісті қолдану кезінде «ығыстыру әсері» деген ерекше құбылыс пайда болады: жеке сектордың ақшаларын алудың салдарынан сол қаржылардың инвестиция ретіндегі пайдаланылу мүмкіндіктері азайып, жеке секторды экономикадан ығыстыру әсері орын алады. Соңғы нәтижесінде бұл әдіс инфляциялық үрдістердің дамуын болдырып, экономикадағы инвестицияларды қысқартады, тауарлардың өндірісі шектеледі.

Мемлекеттік қарыздың пайда болу себептері ең алдымен, экономика үшін қиын кезеңдермен байланысты: соғыстық іс-әрекеттер, терең және ұзақ мерзімдік экономикалық дағдарыстар, осы уақытқа дейін жинақталған бюджет тапшылықтарының көлемі. Мемлекеттік қарыздың ұлғаюының негізгі жағымсыз салдарлары болып мемлекеттің қарыз бойынша төлемдерінің өсуі, ел ішіндегі тұтыну мен жинақтардың қысқаруы.

Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің алдында тұрған физикалық және заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдар мен субъектілерге деген қарыздық міндеттемелері.

Мемлекеттік қарызды бағалау келесідей көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады:

1. Мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің ЖІӨ көлеміне қатынасы.