Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Кесте 11.1 Экономикалық циклдің типтері

Циклдің типтері

Ұзақтылығы

Басты ерекшеліктері мен себептері

1

Дж. Китчин циклдері (қорлар циклдері)

2-4 жыл

Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар.

2

К. Жугляр циклдері (инвестициялық немесе бизнес циклдер)

7-12 жыл

Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар

3

К. Маркс циклдері

10 жыл

Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар

4

С. Кузнец циклдері (құрылыс циклдері)

15-25 жыл

Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар

5

Н. Кондратьев циклдері («Ұзын толқындар»)

40-60 жыл

Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар

6

Форрестерлік циклдер

100 жыл

Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер

7

Тоффлерлік циклдер

Мыңжылдықтар

Өркениеттік дамулардың ұласуы

Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің қаржылық, аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.

Экономикалық циклдердің себептері.

Макроэкономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің пайда болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді.

С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі дақтар-дың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себеп-терін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеу-шілігімен байланыстырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалы-сынан орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және инвестициялардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қайшылық-тарынан іздейді.

Экономикалық циклдің факторлары.

Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.

Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқы-ны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т.б.

Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің мәселелері сұраныс теориясы, мультип-ликатор-акселератор механизмі арқылы зерттеледі.

Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын бағыт аса көкейкесті болып табылады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық сұраныс цикл-дердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер етсе, ал инвестициялық сұраныс эко-номикалық циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.

Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялық тұжырымдама-лары.

Экономикалық циклдің қазіргі теориялары әртүрлі үлгілермен түсіндірі-леді. Олардың негізгілеріне іскерлік белсенділік циклі, «импульс-таралу» механизмі, Самуэльсон-Хикс моделі (мультипликатор-акселератор әсері), бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары, жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы, саяси сілкіністер теориясы, нақты бизнес-цикл тео-риялары және т.б. үлгілер жатады.

Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайларында экономикалық циклді реттеу үшін мемлекеттің экономикаға араласуының әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 11.2). Бұл жерде мемлекеттің макроэкономика-лық саясат құралдары циклдік толқуларды жұмсарту мақсатында экономика-ның тұрақтандыру саясатына айналады.

Экономиканы тұрақтандыру саясаты – бұл инфляция мен жұмыссыз-дық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.

Кесте 11.2 Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты

Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары

Дағдарыс кезеңдерінде

Өрлеу кезеңдерінде

Бюджет-салық саясаты

Бюджет шығындарын арттыру, салық ставкаларын төмендету

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын жоғарылату

Ақша-несие саясаты

Есептік ставканы төмендету, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, міндетті резервтер нормасын төмендету

Есептік ставканы көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, міндетті резервтер нормасын көтеру

Табыстар саясаты

Жалақыны арттыру

Жалақыны қысқарту

Инвестициялық саясат

Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қолдау көрсету

Мемлекеттік қолдауды және инвестиция салуды тежеу

Мақсаты:

Экономикалық белсенділікті ынталандыру

Экономикалық белсенділікті тежеу

Қорытынды

1. Экономикалық (іскерлік) цикл – макроэкономикалық тұрақсыз-дықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.

2. Экономикалық циклдің фазалары: а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады; ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады; б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады; в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестициялардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерле-мелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

3. Экономикалық цикл үрдісінде әртүрлі орын алатын экономикалық көр-сеткіштер мәндерінің ауытқып отыруына байланысты, осы экономикалық көр-сеткіштер былай үшке бөлінеді: 1) проциклдік көрсеткіштер; 2) контрциклдік көрсеткіштер; 3) ациклдік көрсеткіштер.

4. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдіснамалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.

5. Экономиканы тұрақтандыру саясаты – инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шаралары.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Осы тақырыпта студент ең алдымен мына мәселелерге көңіл бөлуі қажет:

  • экономикалық циклдің мәні мен фазаларына;

  • экономикадағы циклдік ауытқулардың себептеріне;

  • экономикалық циклдің типтеріне;

  • экономикалық дағдарыстардың түрлеріне;

  • мемлекеттің антициклдік саясатының мақсаттары мен құралдарына.

2. Тақырыпты оқығаннан кейін:

  • экономикалық циклдің негізгі фазаларына диагностика жасау білу керек;

  • экономикалық циклдің әртүрлі фазаларындағы елдің макроэкономикалық жағдайына талдау жасай білу;

  • елдегі мемлекеттің антициклдік саясатының тиімділігіне баға бере білу керек.

3. Статистикалық деректерді қолдана отырып ел экономикасының циклдік даму кезеңдерін анықтау қажет.

12-тақырып. Талдамалы дәріс