Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

1) Бейімделушілік күтімдер теориясы; 2) оңтайлы күтімдер теориясы.

Бейімделушілік күтімдер (адаптационные ожидания) – бұл инфляция-ның нақты деңгейі негізінде сол инфляцияны экономикалық агенттердің болжай алу мүмкіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейімен сәйкес келмейді және кезеңділікпен қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп отырады.

Оңтайлы күтімдер (рациональные ожидания) – бұл экономикалық субъектілердің өздерінің инфляциялық болжамдарында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері және олар өз есептеулерінде қателеспейді деген болжамдар.

Инфляцияға қарсы саясат – бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік және саяси жағдайларға және т.б. байланысты болады.

Қорытынды

1. Инфляция – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

2. Сұраныс инфляциясы – өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.

3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді; байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді; нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі; ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмендетеді; фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды; инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді; тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

4. Жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады.

5. Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляциялық күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қолданылады: бейімделушілік күтімдер – инфляцияның нақты деңгейі негізінде сол инфляцияны экономикалық агенттердің болжай алу мүмкіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейімен сәйкес келмейді және кезеңділікпен қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп отырады. Оңтайлы күтімдер – экономикалық субъектілердің өздерінің инфляциялық болжамдарында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері және олар өз есептеулерінде қателеспейді деген болжамдар.

6. Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер:

1. Тақырыпты оқығаннан кейін студент мыналардан хабардар болуы қажет:

  • инфляцияның мәні, деңгейі мен түрлері;

  • инфляцияның себептері мен әлеуметтік –экономикалық зардаптары;

  • инфляция қарқынының жұмыссыздық деңгейімен өзара байланысы.

2. Тақырыпты меңгергеннен кейін студенттің бойында мынадай қабілеттіліктер қалыптасуы тиіс:

  • елдегі инфляцияның деңгейін анықтау;

  • Филлипс қисығының көмегімен инфляция қарқынының жұмыссыздық деңгейімен өзара байланысын талдау;

  • елдегі инфляцияның әлеуметтік‑экономикалық зардаптарына баға беру.

3. Статистикалық деректерді қолдана отырып елдегі инфляцияның даму тарихына шолу жасау.

11-тақырып. Мәселелі дәріс