Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

8. Курстық жұмыс тақырыптары

  1. Макроэкономика: мақсаттары, міндеттері, талдау құралдары.

  2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың макроэкономикалық үлгідегі мазмұны

  3. Көлеңкелі экономика және оның Қазақстандағы көріністері

  4. Ұлттық байлық динамикасы және Қазақстан тұрғындарының өмір сүру деңгейі

  5. XXІ ғасырдың басындағы экономикалық дамудың жаңа бағыттары

  6. Қазақстандағы инфляциялық мәселелер, олардың себептері мен оған қарсы күрестің жолдары

  7. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік үлгілері

  8. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі

  9. Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері және ерекшеліктері

  10. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері

  11. Қазақстан Респубикасының бюджет саясаты және оның қызметтері

  12. Қазақстан Республикасының несиелік саясаты және несие ресурстарын пайдалану мәселелері

  13. Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру бағыттары

  14. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

  15. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оған қарсы күрестің бағыттары

  16. Мемлекеттің ақша-несие саясаты

  17. Экономикадағы банктер, олардың рөлі мен қызметтері

  18. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі және оның ерекшеліктері

  19. Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы экономикалық ойлардың қазіргі мектептері

  20. Циклділік нарықтың экономика қозғалысының формасы ретінде

  21. Қоғамдық өндірістің циклдік дамуының себептері

  22. Мемлекеттің экономикалық циклдер мен дағдарыстарға әсер етуі

  23. Қазіргі әлемдегі еңбек нарығының институционалды үлгілері

  24. Отандық экономикадағы циклдер мен дағдарыстардың ерекшеліктері.

  25. Қазақстандағы салықтың түрлері және салықтық реформалар

  26. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері

  27. Халықаралық сауда теориялары

  28. Қазіргі Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы орны мен рөлі

  29. Экономикалық өсудің кейнстік және неоклассикалық үлгілері

  30. Қазіргі әлемдегі экономикалық өсудің ерекшеліктері

  31. Еркін экономикалық аймақтар, олардың қызмет етуінің әлемдік тәжірибелері

  32. Қазақстан Республикасының сауда саясаты, құрылымы және оны жетілдірудің бағыттары

  33. Қазақстан Республикасының валюталық саясаты

  34. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы және оны нығайту мәселесі

  35. Классикалық және кейнстік үлгілердегі фискалдық және монетарлық саясаттар және олардың ерекшеліктері

  36. Ақшаға деген сұраныстың классикалық және кейнстік теориялары

  37. Қазақстандағы бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз мәселелері

  38. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

  39. Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

  40. Қазақстан Республикасының ипотекалық нарығы және ипотекалық қатынастар

  41. Макроэкономикалық тепе – теңдіктің қазіргі заманғы үлгілері

  42. Банктік жүйе: Орталық банк және коммерциялық банктер, олардың экономикалық рөлдері

  43. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты

  44. Төлем балансы, тапшылығы мен дағдарысы

  45. Төлем балансының макроэкономикалық маңызы

  46. Ішкі және сыртқы тепе-теңдік: экономикалық саясат мәселелері

  47. Монетаризмнің пайда болуы және мәні

  48. Жаңа классикалық мектептің қазіргі макроэкономикалық концепциялары

  49. Жаңа кейнстік мектептің пайда болуы және оның теориялық мұрасы

  50. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі

  51. Тауар және ақша нарықтарындағы экономикалық тепе-теңдік

  52. Экономикалық өсудің инвестициялық факторлары

  53. Инфляция теориясы, оның әлемдік экономикадағы реттелу мәселелері

  54. Макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудегі инвестицияның ролі

  55. Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері

  56. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары

  57. Ұлттық есеп – шоттар жүйесі, пайда болуы мен оның қазіргі көрсеткіштері

  58. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары

  59. Экономикадағы несие - қаржы механизмдері

  60. Орталық банктің монетарлық саясаты

  61. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі салықтар

  62. Дж. М. Кейнс - макроэкономикалық талдаудың негізін қалаушы

  63. Қазақстандағы өтпелі экономиканың ерекшеліктері

  64. Кластерлер теориясы, олардың әлемдік тәжибелері

  65. Қазақстан экономикасына кластер жүйесін енгізу мәселелері және негізгі бағыттары

  66. Экономикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекеттік реттеудің әдістері

  67. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

  68. Қазақстанның аса дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

  69. Қазақстандағы «30 корпоративтік көшбасшылар» жобасы, олардың экономикалық өсудегі рөлдері

  70. Қазақстан Республикасында үлкен ашық экономиканы қалыптастыру

  71. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы және оның қазіргі тиімділіктері

  72. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

  73. Макроэкономикалық саясат үлгілерін таңдау

  74. Еңбек нарығының әлемдік даму тәжірибелері

  75. Қаржы саясаты және оның экономиканы реттеудегі рөлі

Курстық жұмысmы орындауға және қорғауға қойылатын талаптар:

Курстық жұмысты орындау барысы келесі қадамдардан және ұсыныстардан тұрады:

  • Пән бойынша курстық жұмыстың тақырыптарын семестрдің басында тарату (семестрдің 1–2 ші аптасы);

  • Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау (семестрдің 4-ші аптасы);

  • Қажетті және міндетті оқулық әдебиеттер көзін таңдау және іріктеп алу;

  • Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымын құру (семестрдің 4-ші аптасы);

  • Курстық жұмысты орындауға кірісу (семестрдің 5-ші және 10–шы апта аралығы):

    • Кіріспе (2 - 3 бет);

    • Курстық жұмыстың негізгі бөлімі (2 немесе 3 бөлімнен құралады, әр бөлім 2 – 3 сұрақтан қамтылуы тиіс, негізгі бөлімнің көлемі 20 бетке дейін);

    • Қорытынды (2 - 3 бет);

    • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

    • Қосымшалар;

  • Курстық жұмысты орындау барысында әр абзацқа немесе әр мәселеге, сұрақтарға алынған әдебиеттер көзі бойынша сілтемелер жасалу қажет;

  • Курстық жұмысты дайындау талаптары (формат – А4, көлемі – 25 – 30 бет, кегль № 14, жол арасы бір интервал);

  • Курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы жазылып біткеннен кейін ғылыми жетекшімен тексеріледі, кемшіліктері анықталады, ұсыныстар айтылады, және тексерілгеннен кейін жұмыс соңғы өңдеуден өтіп барып қана қорғауға жіберіледі (семестрдің 11-12 - ші апталары);

  • Курстық жұмысқа пікір жазылуы тиіс;

  • Курстық жұмысты қорғау (10 минут), қорғау барысында уақытқа байланысты жұмысқа қысқаша баяндама жасалуы тиіс және маңызды бөлімдерге, яғни екінші және үшінші бөлімдерге көбірек тоқталу қажет;

  • Курстық жұмыс уақытында қорғалуы тиіс (семестрдің 13 - ші аптасы), өйткені курстық жұмысты уақытында қорғамаған және мерзімінен кешіктірген студент емтиханға жіберілмейді.