Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Инфляция және оның теориялары

Мақсаты: инфляция құбылысын басты макроэкономикалық мәселе ретінде қарастыра отырып оның теорияларын жан-жақты талқылау және негізгі себептерін, түрлерін, зардаптарын анықтау, инфляцияның басқа макроэко-номикалық мәселелермен өзара байланысын сипаттау және әсіресе, отандық экономикадағы инфляцияның басты себептерін анықтап оған қарсы тиімді саясаттың қазіргі уақыттағы қолданылуына баға беру. Осыларды қарастыру үшін мына сұрақтар талқыға түседі.

Дәріс жоспары:

  1. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері.

  2. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.

  3. Инфляцияға қарсы саясат.

Негізгі түсініктер: инфляция; дефляция; дезинфляция; жасырын инфляция; ашық инфляция; баяу инфляция; өршімелі инфляция; гиперин-фляция; инфляциялық сілкініс; сұраныс инфляциясы; ұсыныс инфляциясы; сеньораж; инфляциялық салық; Оливер-Танзи әсері; инфляциялық шиыршық; импортталған инфляция; Филлипс қисығы; стагфляция; слампфляция; естен тандыру терапиясы; инфляциялық инерция; инфляциялық күтім; «жоғалту» коэффициенті; Фишер әсері; «кедейшілік» индексі; антиинфляциялық саясат.

Тақырыптың мазмұны.

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.

Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың орташа деңгейінің өсу қар-қыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

  • экономикадағы диспропорциялар;

  • әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

  • тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың

әлсіз дамуы;

  • ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

  • халықтың инфляциялық күтулері.

Монетарлық себептер:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

  • ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілеттілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игіліктерге жалпы баға деңгейі өседі;

  • ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%.

мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.

  1. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

  2. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.

  3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ке дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – өршімелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса).

  4. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байла-нысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

  5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

  6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

  7. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді.

  8. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инф-ляциясы болады.

«Сұраныс» инфляциясы – бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын.

Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (сурет 10.1):

  • экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);

  • аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады;

  • экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді.

P AS

P1

P0 AD1

AD0

Y0 Y1 Y

Сурет 10.1 Сұраныс инфляциясы

«Шығындар» немесе «ұсыныс» инфляциясы – бұл өндіріс шығын-дарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі. Инфляцияның бұл түрінің тәжірибе жүзінде пайда болуының себебі кейнстік бағыттың инфляция тек толық жұмысбастылық жағдайында ғана орын алады деген қағидасының дұрыс болмағанымен тығыз байланысты болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде инфляцияның көріністері жұмыссыздықпен және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды.

Ұсыныс инфляциясы кезінде жиынтық ұсыныс қисығы қысқа мерзімде солға жылжиды (сурет 10.2). Мұндай жылжу кезінде инфляцияны жылдамдататын жалақының өсуі орын алады. Бағалар мен өндіріс көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді: бағалар P0-ден P1-ге өседі, ал өндіріс көлемі Y0-ден Y1-ге дейін қысқарады. Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни, стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал слампфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр жағдайы.

P AS1 AS0

P1

P0

AD

Y1 Y0 Y

Сурет 10.2 Ұсыныс инфляциясы

Соңғы өнімге бағалардың өсуі мен ресурстарға деген бағалардың өсуінің өзара әрекеттесуі инфляциялық шиыршыққа (инфляционная спираль) ұласады. Инфляциялық шиыршық (орама) – бұл сұраныс инфляциясын және ұсыны-сын инфляциясын туындататын факторлардың өзара байланысы мен әрекетте-суінің механизмі, яғни экономикада сұраныс инфляциясының да, ұсыныс инф-ляциясының да қатар орын алуы. Инфляциялық ораманың айналуы үрдісінде экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері маңызды рөл ойнайды.

Инфляциялық шиыршықтың осындай бұралымы 10.3-суретте көрсетілген. Айталық, E0 нүктесінде экономика толық жұмысбастылық кезіндегі тепе-теңдік жағдайда тұр. Осы кезде мемлекеттің бюджет-салық немесе ақша-несие саясаттарының көмегімен экономиканы ынталандыруы жиынтық сұраныс қисығын AD2 жағдайына жылжытып, тепе-теңдік E1 нүктесіне орналасады. Баға деңгейінің өсуі ннфляциялық күтімдерді туындатып халықтың экономикалық тәртіптері соған байланысты өзгере бастайды. Жалдамалы жұмысшылардың талаптары бойынша жалақының мөлшерлемесі көтеріліп фирмалардың орташа шығындары өсе бастайды. Ал AS қисығы солға-жоғарыға жылжып, жаңа тепе-теңдік E2 нүктесі жағдайында болады. Бұл үдеріс инфляцияны одан әрі үдетіп жалғаса беруі мүмкін. Сөйтіп, экономика осындай «шырша тәріздес» мәселені бастан кешеді.

Р

E4

E3

E2

AS3 AD3

E1

AS2 E0 AD2

AS1 AD1

0 Y* Y

Сурет 10.3 Инфляциялық шиыршық

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыс-тарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.

2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.

3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді.

5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады.

6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздықтың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры Албан Филлипстің (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді (сурет 10.3) және Самуэльсонның пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы «компромисс» нүктесін табуға көмектеседі. Бұл компромисстің шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.

π

(инфляция

қарқыны)

Ph

(жұмыссыздық деңгейі) U

Сурет 10.4 Филлипс қисығы

Дегенмен, соңғы жылдары әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инфляцияның жоғары қарқынымен қатар жұмыссыздықтың жоғары деңгейі де бірге жүріп отырады. Дәлірек айтсақ, бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция деген атқа ие болып 1973-1975 жылдары орын алған экономикалық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-ші жылдары жұмыссыздық пен инфляцияның бір уақытта төмендегендігі де байқалған. Сол себепті Филлипстің теориясына және оның аясында жүргізілген экономикалық саясатқа сенімсіздік туындады. Осыған байланысты осы теорияны әріқарай жетілдірудің қажеттілігі пайда болды.

Филлипс қисық сызығы теориясының аясындағы жаңа көзқарастар М. Фридмен мен Э. Фелпстің жұмыссыздық табиғи деңгейі теориясы арқылы көрініс тапты. Осы теорияға сәйкес екі ғалымның ойынша Филлипс қисығы қысқа және ұзақ мерзім аралықтарында қарастырылған жөн. Ұзақ мерзімде Филлипс қисығы тік сызық түрінде болады. Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейіне тең болса, онда инфляцияның нақты деңгейі инфляцияның күтілген деңгейіне сәйкес келеді (сурет 10.5).

π PhLR

(инфляция

қарқыны)

PhSR

(жұмыссыздық деңгейі) U

Сурет 10.5 Қысқа және ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы

Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляциялық күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қолданылады: