Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

Әдістемелік нұсқаулар

1. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. 20 б.

2. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. «Экономикалық теория» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау (экономикалық мамандықтар үшін) – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011. 30 б.

3. Тоқсанбай Сүлеймен Рақымжанұлы. Үлкен экономикалық орысша-қазақша сөздік/Большой экономический русско-казахский словарь. – Алматы, 2010. 1010 б.

Монографиялар

  1. Сейткасимов Г.С. Макроэкономические проблемы современной экономики Казахстана: Монография. – Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2010. – 350 c.

  2. Курганбаева Г.А. Экономика Казахстана в ХХІ веке: монография. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2009. – 144 с.

Ғылыми журналдан мақалалар

  1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының материалдары, Экономикалық сериясы. 2007, 2008, 2009, 2010. № 1,2,3,4, 2011. № 1,2,3,4

  2. Н.Ә. Назарбаев. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласы. 2012.

Internet дереккөздері

  1. www.stat.kz

  2. www.goverment.kz

  3. www.mf.minfin.kz

  4. www.mit.kz

  5. www.min.plan.kz

  6. www.enbek.kz

  7. www.minagri.kz

Нормативті құжаттар

1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Елбасының халыққа Жолдауы, 2012.

2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Елбасының халыққа Жолдауы, 2011.

3. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасының халыққа Жолдауы, 2010.

5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары

Әдістемелік кеңестер. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

1-тақырып. Макроэкономикаға кіріспе. Макроэкономиканың пәні және әдісі

Мақсаты: пәннің кіріспе бөлімімен танысу. Курстың негізгі зерттеу пәнін және мәселелерін талқылай отырып, бұл пәнді не үшін оқу керектігін түсіну және оның қазіргі экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау. Ол тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Макроэкономиканың зерттеу пәні, мақсаттары мен мәселелері. Макроэкономикалық саясат.

  2. Макроэкономиканың негізгі зерттеу әдістері: агрегаттау, макроэкономикалық үлгілеу.

  3. Макроэкономикалық зерттеулердің және макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Макроэкономиканың ғылым болып қалыптасуындағы негізгі бағыттар қандай?

  2. Макроэкономиканың зерттеу пәні болып не табылады?

  3. Макроэкономиканың негізгі мақсаттары қандай?

  4. Макроэкономикалық талдау кезінде қандай әдістер қолданылады?

  5. Қор және ағын көрсеткіштері қалай сипатталады?

  6. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай?

  7. Экономика макродеңгейде қандай секторлар мен нарықтарға бөлінеді?

  8. Макроэкономикалық саясаттың негізгі жүргізілу құралдары қандай?

Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс:

1) Ex ante макроэкономикалық талдау елдің макроэкономикалық жағдайын өткен кезеңдерде анықтайды.

2) Макроэкономикалық агрегаттау тек макроэкономикалық субъектілерге таралады.

3) Кәсіпкерлік сектор отандық және шетелдік фирмалардың жиынтығынан құралады.

4) Еңбек нарығы макродеңгейдегі агрегатталған нарықтардың бірі болып табылады.

5) Экономиканың жабық үлгісі сыртқы орта секторын есепке алады.

6) Экзогенді айнымалылар бастапқы ақпараттан құралады.

7) Қор айнымалылары экономикалық зерттеу объектісінің жағдайын уақыттың белгілі бір мезетінде қарастырады.

8) Инвестициялар қор болып табылады.

9) Макроэкономика ғаламдық экономикалық мәселелерді зерттеумен айналыспайды.

10) Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне шекті талдау әдісі жатады.

2-тақырып. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Мақсаты: ұлттық-есеп шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді және олардың түрлерін, есептеу жолдарын қарастыру, бағалар индекстерін және дефляторды анықтау, мемлекет шеңберіндегі айналым үлгісінің мәнін түсіну және оның негізгі түрлеріне жалпы сипаттама беру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Макроэкономикадағы шеңбер айналым үлгісі және оның түрлері.

  2. Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖҰӨ және оны есептеу әдістері.

  3. Атаулы және нақты ЖҰӨ. Тұтыну бағаларының индекстері.

  4. ЖҰӨ-ді есептеудің күрделілігі. Халықтың әл-ауқатын бағалау мәселелері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ұлттық-есеп шот жүйесі қандай мақсаттар үшін қолданылады?

  2. Жалпы ішкі өнімнің жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы қандай?

  3. Жалпы аймақтық өнім дегеніміз не?

  4. Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері қолданылады?

  5. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық қандай?

  6. Жалпы ішкі өнім дефляторы дегеніміз не?

  7. Бағалар индексінің қандай түрлері бар?

  8. Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі негізгі макрокономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстар қандай?

  9. Негізгі макроэкономикалық теңдестіктің түрлері қандай?

  10. Макроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісінің түрлері қалай құрылады?

  11. «Жылыстау» және «қуат беру» көрсеткіштеріне не жатады?

  12. Таза экономикалық әл-ауқат көрсеткішін есептеудің қажеттілігі неден туындайды?

  13. Елдің ұлттық байлық көрсеткіштеріне не жатады?

Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:

1. ­Төмендегі берілген мәліметтерді пайдалана отырып есептеңіз (ақша бірлікпен): а) ТҰӨ -ді; б) ҰТ – ты; в) жеке табысты; г) қолда бар табысты.

- ЖҰӨ - 7800.

- Амортизациялық аударымдар – 500.

- Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 300.

- Әлеуметтік сақтандыру жарналары – 350.

- Мемлекеттің жеке тұлғаларға төлетін трансферттік төлемдері – 530.

- Корпорацияның пайдасына салық салу – 140.

- Азаматтардан алынатын табыс салығы – 650.

- Бизнеске деген жанама салықтар – 490.

2. - Шикізат өндіру (мақта) – 100.

- Шикізатты өңдеуге жеткізу – 160.

- Шикізатты өңдеу (мата) – 300.

- Өңделген шикізатты дайындаушыға жеткізу (тігін фабрикасына) жеткізу – 370.

- соңғы өнімді шығару (көйлек) – 550.

- соңғы өнімді көтерме сатушыға жеткізу – 610.

- соңғы өнімді бөлшек сатушының сатуы – 710.

Осы мәліметтерді пайдалана отырып сатудың жалпы құнын және қосылған құнды анықтаңыз (ақша бірлікпен).

3. Экономикада 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар

1992

1992

2002

2002

бағасы

саны

бағасы

саны

кітаптар

20

20

30

7

көйлектер

52

10

75

5

теледидарлар

1200

5

800

3

4. Кестені толтырыңыз:

Y

C

I

G

Xn

T

Sp

(жеке жинақтар)

Sg (мем.жинақтар)

Sn (ұлттық жинақтар)

1

5000

3000

700

1000

900

2

5000

3000

900

1000

1000

3

5000

3200

900

900

1000

5. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша және табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.

Берілгендер (млрд. тг.):

  • несиеге деген пайыз – 12,

  • жалпы жеке инвестициялар – 55,

  • жалақы – 218,

  • корпорацияның пайдасы – 113,

  • жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22,

  • ренталық төлемдер – 20,

  • корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,

  • таза экспорт – 9,

  • мемлекеттік сатып алымдар – 90,

  • таза жеке инвестициялар – 45,

  • меншіктен түсетін табыстар – 21,

  • мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру – 2,

  • тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,

  • тұтыну шығындары – 260.

6. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну тауарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін және инвестиция көлемін, г) Таза инвестициялар көлемін.

7. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып мемлекеттік жинақтар көлемін және үй шаруашылықтарының жинақтау көлемін есептеңіз:

  1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.

  2. Экспорт – 160.

  3. Импорт – 80.

  4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.

  5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін төлемдер – 280.

  6. Инвестициялар көлемі – 1480.

  7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.

3-тақырып. Экономикадағы жалпы тепе-теңдік.