Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

3. Р. Вернердің тауардың өмірлік циклы теориясы

    • Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернер өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды.

Өнімнің өмірлік циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау. 1 - сатыда елдің ішінде туындаған сұранысқа жауап ретінде жаңа өнім жасақтала бастайды. Сондықтан бұл сатыда жаңа өнім аз мөлшерде шығарады, жұмысшының үлкен біліктілігін қажет етеді және осы өнім шыққан елге жинақталады. Ал өндіруші монополист ретінде, өнімнің аз бөлігін сыртқы рынокқа шығарады.

2 – сатыда (өсу) - өнім өседі және өнім өндірісі ұлғаяды және басқа дамыған елдерге тарайды. Өнім стандартталады, өндірушілер арасында бәсеке дамиды және экспорт кең-ді.

3 - жетілу сатысында, өнім көп мөлшерде шығады, бәсекелестік күресте баға факторлары алдынғы қатарға қойылады, рыноктың кеңеюі өндіруші ел бәсекелестік артықшылықтарға ие болады.

4 – сатыда (құлдырау). Дамыған елдердегі өндіріс көлемі азаяды, өткізу рыноктары дамушы елдерге бағытталады, сол елдерге өндіріледі.

Өнімнің өмірлік циклі теориясы көптеген салалардың дамуын анық көрсетеді, бірақ халықаралық сауданың даму тенденцияларын толық түсіндіре алмайды. Егер ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатардағы технология елдің бәсекелестік артықшылықтарын айқындайтын негізгі фактор болмаса, өнімді өндіру басқа салыстырмалы арзан өндіріс факторлары бар (жұмысшы күші) елдерге ауысады. Бірақ көптеген тауарлар (қысқа өмірлік цикл, тасымалдау шығындары жоғары, тұтынушылар шеңбері аз және т.б.) бұл теория арқылы түсіндіруге келмейді.

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

2.Қосымша әдебиет

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Лекция 7: Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Лекция мақсаты: Сыртқы сауда саясатымене және оның құралдарымен танысу.

1. Протекционизм:мәні және формалары.

2. Халықаралық сауданы тарифтік реттеу әдістері.

3. Халықаралық сауданы бейтарифтік реттеу әдістері.

Лекция мәтіні

1. Протекционизм:мәні және формалары

Әрбір ел әлемдік экономикада және жекелеген тауар рыноктарында әртүрлі орын алады. Өз мүддесін қорғау мақсатында халықаралық саудаға қатысушылар белгілі бір іс-әрекеттер қолданады. Яғни, осы салада арнайы саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында негізгі саясаттың 2 түрі бар:

  • Халықаралық сауда саясаты;

  • Сыртқы сауда саясаты.

Халықаралық сауда саясаты– бұл әлем елдерінің көпшілігі қолданатын және Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арқылы реттелетін жалпыға ортақ саясат.

Сыртқы сауда саясаты– мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасын орнатуға мақсатты түрде бағытталған саясаты.

Сыртқы сауда саясатының негізгі 2 бағыты бар.

  • Еркін сауда саясаты.Еркін сауда саясатының мазмұны – мемлекет сыртқы саудаға тікелей араласпай, сауданы реттеу рөлін рынокқа қалдырады. Бірақ, ол өзінің шаруашылық субъектілеріне еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарт жасасады. Еркін сауда саясатының саяси маңызы зор, себебі елдердің өзара тәуелділіктері артып, бір-біріне қарсы әрекеттерін төмендетеді.

Протекционизм. Протекционизм – отандық экономиканы шет елдік бәсекеден қорғауға бағытталған саясат. Протекционизмнің бірнеше формалары бар:

  • Селективті протекционизм – жеке ел немесе жеке тауарға қарсы бағытталған

  • Салалық протекционизм – белгілі салаларды қорғайды, оның ішінде аграрлық протекционизм шеңберінде ауыл шаруашылығын

  • Ұжымдық протекционизм – оларға кірмейтін елдер қатынасын дағы елдер бірлестігімен жүргізіледі

  • Жасырын протекционизм, ішкі экономикалық саясат әдістерімен жүзеге асырылады.

Протекционизм елдін ішінде өндірістің белгілі бір саласын дамытуға әсер етеді. Сонымен бірге протекционизмде жұмыссыздық азаяды. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойы қолдану экономикалық дағдарысқа алып келеді, себебі шет елдік бәсекені алып тастаса, отандық кәсіпкерлер өзінің техникалық деңгейлерін және өндіріс тиімділігін арттыруға деген қызығушылығын төмендетеді. Өзінің ең жоғары сатысында протекционизм экономикалық автаркия формасында көрсетіледі. Мұндай жағдайда елдер импортты тек сол елде жоқ тауарлармен ғана шектейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]