Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

6.Пәннің дәріс кешені

Лекция 1: Халықаралық экономиканың қалыптасуы және оның құрылымы

Лекция мақсаты: халықаралық экономика теориясының пәні мен методологиясын нақтылау, халықаралық еңбек бөлінісі, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі түсініктерін талдау, халықаралық экономиканың нақты формаларын анықтау.

1. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі

2.Әлемдік шаруашылық және өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы

3. Халықаралық экономика және оның құрылымы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: өндіріс факторлары, саудаланатын және саудаланбайтын тауарлар, халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық еңбек кооперациясы, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі, әлемдік рынок.

Лекция мәтіні

1. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі

  1. Өндіріс факторлары дегеніміз– тауарды өндіру үшін қажетті ресурстар. Олар: еңбек және технология (адам ресурстары) жер және капитал (мүліктік ресурстар).

  • еңбек – пайдалы нәтижеге бағытталған адамның табиғи және ақыл-ой қызметі, еңбек бағасы – жалақы;

  • технология – іс жүзіндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын ғылыми әдістер, бағасы – лицензиялық немесе патенттік төлем;

  • жер – адамның өндірістік қызметі үшін табиғат берген сый, бағасы – жер рентасы;

  • капитал – материалдық игіліктерді өндіру үшін жинақталған өндірістік, ақша және тауар формасындағы қор; бағасы – банктік пайыз.

Әр ел өндіріс факторларымен әртүрлі деңгейде қамтамасыз етілгендіктен, олардың бағалары да әртүрлі. Мысалы: Қытайда еңбек бағасы арзан болып есептеледі, себебі адам саны көп, сондықтан жұмыс күшімен қамтамасыз етілу деңгейі өте жоғары, Германияда еңбек бағасы қымбат. Немесе Қазақстанда жер бағасы арзан, ал Жапонияда – қымбат және т.б.

Халықаралық экономикада тауар өндіріс өнімі емес, сұраныс пен ұсыныс объектісі ретінде маңызды. Халықаралық экономика үшін барлық тауарлар саудаланатын және саудаланбайтын болып бөлінеді.

Саудаланбайтын тауарлар тек өндірілген елде ғана сатылатын тауарлар. Саудаланатын және саудаланбайтын тауарлардың айырмашылықтары:

  • саудаланатын тауарлар бағасы әлемдік рыноктағы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Оларға басқа елдердегі осы тауардың түріне деген өзгерістер әсер етеді;

  • саудаланбайтын тауарлардың бағасы ұлттық рынокта сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы анықталады.

Саудаланатын тауарларға ішкі сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы әсер етпейді. Ал саудаланбайтын тауарларға сұраныс пен ұсыныс әсер етеді, олардың бұзылуы күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге әкелуі мүмкін. Саудаланбайтын тауарлар негізінен қызмет түрлері: шаштараз, химиялық тазалау және т.б. қызмет түрлері. Олардың бағасына транспорттық шығындар әсер етеді.

Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз – жекелеген елдерде белгілі бір өнім түрін шығаруға негізделген елдер арасындағы қоғамдық-аймақтық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы даму сатысы. Мысалы, бір елде жеміс өндірсе, басқа елдерде мұнай өндіреді, бірақ бұл өнімдер мемлекеттер арасында айналыста болғанда ғана тиімді, себебі ресурстар жеткіліксіз, яғни олар айырбасталған, кооперацияланған жағдайда ғана тиімді.

Халықаралық еңбек кооперациясы дегеніміз – елдер арасында ең үлкен тиімділікпен өндірілген тауарлар айырбасы.

Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі - түрлі елдерде тарихи қалыптасқан өндіріс факторларын басқа елдерге қарағанда тиімді өндіру әдісі. Мұнда тек жер байлықтары ғана емес, географиялық, климаттың жағдайлары да маңызды рөл атқарады. Мысалы: Оңтүстік Африка Республикасында алмаз өндіру, Вьетнамда күріш өсіру ел экономикасының негізгі салалары болып табылады, себебі бұл елдердің жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мен табиғи-климаттық жағдайлары өндірістің нақты осы түрлерін өндіру басқа елдерге қарағанда тиімді.

  1. Әлемдік шаруашылық және өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы

Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық сауданың, сәйкесінше, әлемдік рыноктың үнемі әрі тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады.

Әлемдік рынок – халықаралық еңбек бөлінісі арқылы байланысқан әртүрлі елдер арасындағы тұрақты тауарлы-ақшалай қатынастар. Негізгі түрлері: тауарлар рыногы, қызметтер рыногы, капиталдар рыногы, жұмыс күші рыногы, валюта рыногы және басқа да рыноктар.

Әлемдік рыноктың өмір сүруінің негізгі белгісі тауарлар мен қызметтердің елдер арасындағы қозғалысы болып саналады.

Халықаралық сауда - әлемнің барлық елдерінің сыртқы сауда жиынтығын көрсетуші халықаралық тауар-ақша қатынастары. Халықаралық сауда 2 қарама-қарсы тауарлар ағымынан тұрады, яғни экспорт пен импорттан және сауда сальдосы мен сауда айналымы арқылы сипатталады.

- экспорт –шекарадан сыртқа шығуға негізделіп сатылатын тауарлар.

- импорт– шекарадан тыс жерлерден сатып әкелуді қарастыратын тауарлар.

- сауда сальдосы– экспорт пен импорт көлемі арасындағы айырмашылық (экспорт импорттан артық болса оң сальдо, кем болса теріс сальдо).

- сауда айналымы– экспорт пен импорт көлемінің қосындысы.

Әлемдік стандарт бойынша, сауданы, тауарды, экспорттық немесе импорттық деп тану үшін басты шарт – оның мемлекеттік кедендік шекарадан өтуі және кедендік есепте тіркелуі тиіс. Мұнда тауар меншігінің өзгеруі ескерілмейді. Халықаралық саудада сыртқы сауда көлемін есептеу үшін барлық елдердің экспорттарын қосады, себебі бір елдің экспорты екінші ел үшін импорт болып табылады. Сондықтан әлемдік сауда айналымы барлық елдердің экспорттарының қосындысы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]