Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1.Международные экономические отношения : учеб.\ Н.Н.Ливенцева .- 2-е изд., пераб.идоп. – М: ТК Велби, изд-во Проспект, 2006.

2. Международная микроэкономика: движения товаров и факторов производства. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2000.

3.Международная макроэкономика: открытая экономика и макроэкономическое программирования. Учебное пособие для вузов. –М.: Междунар. отношения. 2003.

4.Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы /:-Алматы: Экономика. 2001.

5.Елемесов Р.Е.Международные экономические отношения, Қазақ университеті, 2001 г.

Қосымша әдебиеттер:

1.Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік: Оқу құралы /: - Алматы: Экономика, 2000.

2.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы /Оқулық/ І-ІІ-бөлім. Алматы. Дәнекер. 2003.

3.Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи. –М., 2000.

Лекция 6: Халықаралық сауданының баламалық (альтернативті) теориялары

Лекция мақсаты: халықаралық сауданың баламалы теорияларымен таныстыру, сала ішіндегі сауда теориясының мәнін анықтау

        1. Әлемдік нарықтағы халықаралық сауданы құру қажеттілігі.

      1. Олигополия және монополия жағдайындағы сауда.

    1. Р.Вернердің тауардың өмірлік циклы теориясы.

      1. Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Масштаб эффектісі теориясы, Олигополия жмонополия.

Лекция мәтіні

        1. Әлемдік нарықтағы халықаралық сауданы құру қажеттілігі.

Қазіргі кезде әлемдік сауданың құрылымында сауданың классикалық теориялары шеңберінде түсіндірілмейтін өзгерістер болуда. Бұл құбылыстар классикалық теорияларды жетілдіруге немесе жаңа теориялар жасақтауға ықпал етті.

    • Масштаб эффектісі теориясы. 80 жылдың басында Крюгман, Ланкастер және т.б. экономистер масштаб тиімділігі теориясын ұсынды. Теорияның мазмұны белгілі бір технологиялар мен өндірісті ұйымдастыруда өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуға қарай, яғни үнемдеу жаппай өндіріске негізделген.

Теория авторларының пікірінше, дамыған елдер негізгі өндіріс факторларымен тең деңгейде қамтамасыз етілген, сондықтан осы жағдайда олар бір – бірімен өндіріс тиімділігі бар салаларға маманданып сауда жасағандықтары тиімді. Бұл кезде мамандану - өндіріс көлемін арттыруға және өнімді аз шығынмен өндіруге және арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді. Тиімділік жүзеге асу үшін сыйымды рынок керек. Халықаралық сауда өткізу рыногының кеңеюіне жол ашады. Басқаша айтқанда, халықаралық сауда ортақ интег-ған рын. қалыптасуға мүмкіндік береді, (жеке елдерге қарағанда), сондықтан тұтынушыға арзан бағалы өнімдер көп ұсынады.

Масштаб тиімділігі теориялық бәсекелестіктің бұзылуына әкеледі, өйткені өндірістің жинақталуы мен монополист фирмаларының өсуіне әкеледі.

    • Рыбчинский теоремасындасипатталатын факторлар ұсынысын бір қалыпты емес өсуінің маңызы ерекше, себебі: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Рыбчинский теориялық іс жүзінде бірнеше рет дәлелденді. Осылайша Голландияның – голландиялық сырқаты индустрияның хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп табиғи газды өндірудің өсуіне орай, Голландияның өнеркәсіп экспорты қысқарып түскендей әсер қалдырды, ал жылу отынының барлық түріне әлемдік рыноктағы бағаның өсуі тенденциясы күшейді.

Рыбчинский теориясы жаңа сектор ресурстарының басқа салалардан неғұрлым жоғары еңбекақы мен осы сектордағы соғұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің өнімі қысқарады. Осылайша, халықаралық сауданың ұнамды, ұнамсыз жақтары болуы мүмкін.

  1. Олигополия және монополия жағдайындағы сауда.

Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемін өзгеруіне едәуір ықпал етеді.

б) олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратыны көрінеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келсімге келіп, бағаны жоғарлатып пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келсімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере аллмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықта талдау керек.

Монополилық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді.жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.

Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезендерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.

Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде,сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:

А) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай.Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

Б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.

В) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады.Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады,мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]