Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Khaly_1179_araly_1179_ekonomika_1.doc
Скачиваний:
172
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
526.34 Кб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1.Киреев А.П. Международная экономика. В 2- ч. – М., 2000.

2.Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика: Учебник / Под. ред. д.э.н. , проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова. – 2-е изд., доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2000. .

3.Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика; Учебник для вузов/Пер. с англ. под. Ред. В.П.Колесова, М.В.Кулакова. –М.: Экономический факультет МГУ, ЮНИТИ, 1997.

2.Қосымша әдебиет

1.Международные экономические отношения: Учебник для вузов / В.Е.Рыбалкин, Ю.А.Щербанин, Л.В.Балдин и др.; Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. – 5 –е изд., перераб. И доп. –М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004.

2.Международные экономические отношения: Учебник / А.И.Евдокимов и др. – М.: ТК Велби, 2003.

Лекция 13: Валюталық бағам және оны реттеу

Лекция мақсаты: валюталық бағам түсінігінің мазмұнын ашу, валюталық бағам түрлері жайында мәлімет беру, валюталық котировкалардың түрлерін талдау, валюталық курсқа пайыздық ставканың әсерін талдаушы теориялар мазмұнын түсіндіру.

        1. Валюталық бағам және оның түрлері

      1. Валюталық бағамғапайыздық ставканың әсері

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: валюталық бағам, валюталық котировка, спот- бағам, форвардтық бағам, номиналды валюталық бағам, нақты валюталық бағам, пайыздық ставкалар паритеті, валютаның сатып алу қабілетінің паритеті теориясы.

Лекция мәтіні

        1. Валюталық бағам және оның түрлері

Әрбір елдің валюталық жүйесінің негізгі элементі – оның ұлттық валютасы. Елдің макроэкономикалық операцияларының барлық есебі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі. Валюта курсы (бағамы) – ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюталық курс екі валютаның баға қатынасы ретінде заңды түрде бекітілуі немесе өзара котировка процесінде анықталуы мүмкін.

Валюта котировкасыдегеніміз – таңдалған рыноктық механизмдер негізінде валюта курсын анықтау. Көптеген елдерде валюта котировкасының екі түрі қолданылады:

1) тікелей котировка - ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігінің белгілі бір шамасына қатынасы → 125 теңге – 1 АҚШ доллары;

2) жанама котировка – шет ел валюта бірлігінің белгілі бір шамадағы ұлттық валюта бірлігіне қатынасы → 0,001 АҚШ доллары – 1 теңге;

3) кросс-котировка – екі валюта бірлігінің бір-біріне қатынасы олардың әрқайсысының үшінші валютаға, негізінен АҚШ долларына қатынасы арқылы анықталады → 1 $ – 120 теңге, 1 $ - 24 рубль, 1 теңге – 4,8 рубль.

Валютаны белгілеу үшін 3 әріпті код қолданылады. Алғашқы 2 әріп елді білдіреді, соңғысы сол елдің валютасы. Мысалы, USD – АҚШ доллары; JPY – Жапон иені, KZT – Қазақстан теңгесі.

Тікелей котировка формуласы:

Жанама котировканың формуласы:

Ең жиі қолданылатыны – тікелей котировка.

Рынокта шет елдік валютаға сұраныс пен ұсынысты салыстыру процесінде белгіленетін валюталық курс котировкасы уақыттық өлшемді де білдіреді. Қазіргі кезде банктер үшін екі жұмыс күні жеткілікті болып есептеледі, осы кезде құжаттар алмасу, тиісті шоттарды жабу, аударымдар жасау жүргізіледі.

  • Спот-курс– курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2 күннің ішінде валюталар айырбасталатын курс.

  • Форвардтық курс– курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен 3 күннен кейін белгілі бір кезеңге дейін валюталардың айырбасталатын келісімді курсы.

Халықаралық экономикада негізінен валюталық курс ретінде спот-курс қабылданады.

Іс жүзінде экономикалық даму қарқыны мен экономикалық бағдарламаларды бағалау үшін валюталық курстың бірнеше түрлері қолданылады. Сол арқылы макроэкономикалық өзгерістерге қалай әсер ететіндігін анықтауға болады.

  • Номиналды валюталық курс - екі валюта арасындағы курс, яғни ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне шаққандағы курсы.

мұндағы: - номиналды валюталық курс;

- шет елдік валюталық курс;

- ұлттық валюта

  • Нақты валюталық курс - өз елінде немесе ұлттық валюта айырбасталатын басқа елдегі баға өзгерісі деңгейін ескере отырып, есептелетін номиналды валюта курсы

мұндағы: - нақты валюталық курс;

- шет елдік баға индексі;

- өз елінің баға индексі.

Валюта курсының бірлігідегеніміз – барлық валюталық операциялар үшін бір ғана тиімді курсты қолдану.

Валюталық курстың белгіленуіне байланысты 2 түрлі бағыт болуы мүмкін:

  • қатаң шектелген;

  • сұраныс пен ұсынысқа қатысты еркін қалқымалы.

        1. Валюталық курсқа пайыздық ставканың әсері

Валюталық курсқа қатысты активтер елдің ішіндегі және шет елдегі табыс әкелетін банктік депозиттер мен бағалы қағаздарға қатынасына қарай анықталады. Активтерге салынатын табысты анықтау үшін 3 көрсеткіш ескеріледі:

  • елдің ішіндегі пайыздық ставка;

  • шет елдердегі пайыздық ставка;

  • валюталық курс динамикасы.

Қай елде пайыздық ставка жоғары болса, ақша сол жаққа қарай ағылады. Кей жағдайларда бірдей баланс болуы мүмкін, ол пайыздық ставка концепциясын анықтайды.

Пайыздық ставкалар паритеті- әртүрлі елдегі бірдей көлемдегі депозиттер бір валютаға айырбастағанда тең табыс беретін ставкалар деңгейі.

Ұлттық валюталар курсының төмендеуі шет елдік депозиттерден түсетін табыстарды азайтады. Болашақтағы валюталық курсқа мемлекеттің экономикалық саясаты тікелей әсер етеді. Мысалы: импорттық тарифтің өсуі шет еледік тауарларға сұранысты төмендетеді, нәтижесінде ұлттық валюта курсы өседі.

Тепе-тең валюталық бағамның негізі ретінде макроэкономикалық баланс теориясын зерттеу ХХғ. 60- жылдарынан басталды. Теория орта мерзімді перспективада экономиканың ішкі және сыртқы балансқа жету нәтижесінде пайда болатын бағам ретінде анықталады. Макроэкономикада баланс теориясы ішкі нақты сұраныс пен нақты айырбас бағамы арасындағы тәуелділікті белгілейді.

Валюта бағамының ұзақ мерзімді өзгерісін түсіндіруші теориясының бірі швед экономисті Кассель ұсынған «сатып алу қабілеті паритеті» теориясы. ХХғ. 20-жылдарында алтын стандарты алынып тасталғаннан кейін бұл теория жаңа жағдайда валюта бағамын қалай бекіту керектігін түсіндіруде маңызды тәжірибелік роль атқарды. Валютаның сатып алу қабілетінің паритеті теориясы - әрбір елдегі баға деңгейінің тұрақты жағдайындағы әртүрлі валютаның сатып алу қабілетінің теңдігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]